Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл міндетті кімге жүктейміз? Ол жайында көп ойландық. Мен де, өзге жауынгерлер де ұрысқа тұңғыш рет қатысып отырмыз. Тек Жалмұхамед Бозжанов қана фин соғысында болған кісі. Сонда рота командирін жібереміз бе? Олай ету мүмкін емес, қорғаныс шебіміз сегіз шақырымға созылып жатыр. Бәрібір қайтсек те, бұл мәселені шешуіміз керек. Ақыры Середаға шабуыл жасау міндетін аға адъютантым, лейтенант Хабиболла Рахимовқа жүктедім. Байырғы агроном, альпинист Хабиболла барлаушылар отрядының бастығы, ал Жалмұхамед Бозжанов саяси жетекші болып тағайындалды.Басты мақсат — жауынгерлердің аз күшіне деген сенімін нығайту, жаудың да жан сауғалап қашатынына көз жеткізу. Соған байланысты отряд құрамына барлық бөлімшелер өкілдері де енуге тиіс болды. Мен әр бөлімшеден екі-үш адамнан таңдап алдым. Бұл, бір жағынан, бізге тиімсіз еді, екінші жағынан, ұрысқа қатысқан жауынгерлер жорықтан соң жолдастарына мән-жайды қанықтыра әңгімелеп беретіні сөзсіз ғой. Мен, әрине, олардың басын қосып жиналыс өткізе алмаймын. Ұрысқа қатысқан солдат темекісін тартып, жанында отырған жауынгер серігіне: «Мен гранатаны былай лақтырғанда, неміс жан ұшыра айқайлап жіберді. Біз өйттік, бүйттік», - деп майын тамыза әңгімелеп бермей ме! Солдаттарымызға керегі де осы емес пе? Сондықтан маған құрама команда жасақтауыма тура келді, тіпті ұсақ бөлімшелерден де бір-бір жауынгер алдырдым. Біздің полктың командирі Елин болатын, ол өзі парасатты жан еді.

Жүз солдатты үш топқа бөліп, белгіленген уақытта үш жақтан 30 адаммен шабуыл жасау жөнінде жоспар жасалды. Жауынгерлер мен командирлерді жинап алып, тапсырманы тағы қайтара пысықтадым. Октябрьдің он алтысы күні отряд жорыққа аттанды. Сол күні Максимовоға жеткен олар бастарын қайта қосып, төңіректі жете барлап, тапсырманы қайта анықтап алды. Сел ода сол түні мұнда жаудың полкы келіп жеткенге дейін жаяу әскері мен мотоатқыштары бар екені мәлім болды. Бұл жайлы маған радиобайланысы арқылы баян етті. Мен шабуыл жасауды тоқтатуға бұйрық бердім, себебі соншама күшке қарсы бару ажалға қарсы құр қол барғанмен бірдей еді. Ертесіне деревняда үш жүзге жуық қана немістер бар деген қосымша хабар жетті.

1941 жылдың 18 октябріне қараған түнгі сағат екіде деревняға шабуыл жасалды. Тәтті ұйқыда жатқан немістер іш киімдерімен төсектерінен тұра сала бастары ауған жаққа тым- тырақай қашқан, біздің ержүрек жауынгерлер олардың үрейін ұшырып, ажал оғын аямай сепкен. Бес соғыс машинасын қиратып, штабтағы қажетті документтермен бірге бір немісті тірідей қолға түсірген.

Ұрыс небәрі бір сағатқа созылды. Біздің жақтан алты адам жарақаттанып, сержант Мосяш оққа ұшты.

Таң сәріде отряд кері оралды. Алғашында жауға аттанған солдаттардың көбісі анық өлімге бара жатқандай сезінген болатын, ал бүгін оларды танып, білу қиын еді. Бәрі көңілді, сергек, кейбіреулері өздерін көпті көрген солдаттардың қатарына қосып та үлгергендей.

Батальонның да еңсесі көтеріліп қалды.

Тапсырманы абыроймен орындап шықтық, яғни біздің оқ та немістерге даритындығын дәлелдедік, сөйтіп екінші міндет те орындалды. Осы шайқасқа қатысқандарға былай деп сөз тастадым:

- Жолдастар! Сіздер бұл ұрыстағы ерліктеріңіз туралы шат көңілмен айтуларыңызға болады, бірақ өтірік айтып, бөсіп кетпеңіздер!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий