Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неміс дегенің жолындағының бәрін жайнап келе жатқан алып аждаһа дерлік. Күтпеген жерден, тылдан, қапталдан шыға келіп, жарқырап ұшатын оқтармен атқылап, төбеңнен бомба тастап, берекеңді ұшыратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, жердің апшысын қуырған сұмдық дүлей. Бұл жайында А. Бектің кітабында да нақты жазылған болатын, оқыған шығарсыздар.

— Жарайды, Құдай беттеріңнен жарылқасын, - деп оларды шеп арқылы тылға қарай өткізіп жібереміз.Мұндай көңілсіз кездесу сәттері бізде он бес күнге созылды. Менің жауынгерлерім өте тәртіпті, сергек еді. Әлгілерді көргеннен кейін қарасам, қабақтары салыңқы, жүздерінен күлкінің ізін іздесең де таппайсың, көздері алақ-жұлақ етеді. Бәрін қорқыныш сұсы басқандай, ол тіпті менің өзіме де қол салғандай. Дегенмен сабыр сақтап, терең ойға баттым. Сірә, неміс жан алғыш құбыжыққа айналғаны ма! Егер жауынгерлерім әлгі қашқындардай бас сауғалап бытырап кететін болса, онда қорқақ командирдің біріне мен де айналмаймын ба?

Ал күткен жаудың қарасы әлі көрінер емес, қайта қоршаудан шықтық деген қашқындардың санында есеп жоқ. Қашқындар батальонымның жауынгерлерін індеттей аздырды. «Жұрттың бәрі бас сауғалап қашып бара жатқанда, біз қарап отырамыз ба?»

Естіртіп айтпағанымен бұл сұрақтың жауынгерлерім көкейлерінде сайрап тұрғаны рас еді. Бұлай дегенім үшін сіздер мені кешірерсіздер. Қанаттас полк хақында емес, өзім жақсы білетін өз полкым жайында айтып тұрмын, өйткені оны бес саусағымдай білетінмін.

Генералдың тапсырмасы бойынша алдыңғы шепті барлай бастадық. Әлгі қашып келе жатқандардан «немістер алыста ма, жоқ па?» деп сұрасақ, «ізімізді өкшелеп қуып келе жатыр» деп жауап береді. Бүгін осылай десе, ертең басқаша айтатын. Тіпті олардың сөзіне сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Сонда бұл қалай? Жағдай не болып барады өзі? Біз немістерді іздестіріп, барлаушыларды ілгері жөнелтумен болдық. Олар алдыңғы жақты түгел шолып шықты, ал немістердің өзі түгіл көлеңкесі де көрінбейді. А. Бектің Руза жағалауы мен оның табиғат көрінісін суреттегенін білесіздер. Онда жасыл желекке бөленген сыңсыған орман алқабы бар еді. Алайда оның бізге тигізер шарапаты шамалы болды. Әйтсе де оған біз таңғажайып өнер туындысына тамсанғандай қызыға қараушы едік.

А. Бектің кітабында «орманды ысырып тастау» деген жолдың бары естеріңізде ме? Біз сонда көкпен таласқан ағаштарды обалсынатынбыз, ал қазір оның қадір-қасиетіне қарамай аяусыз шауып, жапырып жатырмыз. Біз сондай қиын-қыстаудың өзінде оны аядық, көңілімізбен қорғап, аяладық. Немістерді алыстан көру үшін алқаптың бір бөлігін аршуға болар еді, бірақ жанымызда жүрген орманшы бізге: «Халық Комиссарлары Советінің арнайы қаулысы бар. Бұл — қорыққа айналдырылған ел байлығы. Егер сіздер қол тигізер болсаңыздар, сөзге келместен тиісті жазаларыңызды аласыздар», - дейтін. Мен басшы болсам да, қарапайым орманшының сөзіне құлақ астым... Дегенмен, бәрібір фашистер осынау орманның ішіне келіп шоғырланды. Егер біз орманды бұрын аршығанда, ұрысты біршама қолайлы жағдайда жүргізер едік. Сондағы қанша қиыншылық көрсек те төзе біліп, орманға адамгершілік тұрғыдан қарағанымызды ризашылықпен еске аламын. Біздің табиғат-анаға деген кіршіксіз адалдығымыз соғыстың алғашқы күнінің өзінде, міне, осындай болды. Өйткені бізде әлі ешқандай да тәжірибе болған жоқ еді.

Біз арнайы барлау отряды мен барлау топтарын, немістердің қай жерде екенін анықтау үшін тапсырмалар беріп, алғы шепке жұмсап отырдық. Себебі жаудың орналасқан жерінен мүлдем бейхабар едік. Бізге жалпы жағдайды генерал Панфиловтың өзі түсіндірді. Ұрысқа әлі ене қоймаған жан-дүниеміздің толғаныс, арпалысын А. Бек дәл және дұрыс бейнеледі. Ату жазасы туралы тарау менің жазбаларымнан алынды. Ол жазбалар қазір Тәжібаевта сақтаулы. Тарау «Үкім» деп аталады. Оның мазмұнын айтып жатпаймын.

Сержант Боранбаевтың өзін-өзі атып, жарақаттауының салдарынан батальон басына үрей мен қауіп төнді. Оның мұндай қорқақтық әрекеті ерекше актімен — ату жазасымен өтелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий