Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біз Қызыл Армияның уставы жөнінде айтқан кезімізде — еш уақытта да оның соғыстың негізгі ережелерінің талдамасы екенін ұмытпағанымыз жөн, бұл Петр уставының немесе Суворовтың жеңіске жету ғылымының, болмаса әйтеуір бір шетел армиясыныңуставының көшірмесі емес, қазіргі заманғы дербес әскери ойдың, дамудың бетке шыққан қаймағы, қорытындысы, ұрыс тәжірибесін жете түсіну, сондықтан да әркім өзінің устав жөніндегі түсінігіне сын тұрғысынан үңілген кезде, шындықты табуға ұмтылуға міндетті.

Ұлы Отан соғысының барысында уставтың кейбір ережелері жиі әрі үнемі ауысып отырды, себебі ұрыс қимылдарының практикасында ақталынбады немесе ішінара өзгерістерге ұшырады. Сондықтан уставты қайта қарауды тұрақсыздық немесе негізсіздік ретінде қарауға болмайды, керісінше, бұл біздің әскери істе кертартпалықтың толық түрде жоқтығына дәлел, оның большевиктік сипаты да осында жатса керек.

Біздің әскерлеріміздің шабуылға шыққан кезеңінде әрбір адам сана-сезімімен соғыстың аяқталып келе жатқанын сезіне отырып, артына бұрылып, қанды шайқас жылдарының негізгі кезеңдеріне назар салушылық тән болса, ал соғыстың бастапқы кезеңінде әрбір жанның Отан үшін ет-бауыры езіліп, жаны ауырды, жау басып алған туған елдің әрбір сүйем жері үшін жүрегі қан жылады, өзін азамат ретінде тереңірек, түсініп, сезіне бастады. Майдандағы бұл жағдай Сурков пен Твардовскийдің соғыстың алғашқы кезеңінде жазылған жақсы өлең-жырларында әдемі көрініс тапты.

Майданның беріктігі жағдайында жауынгерлер үй-ішін, ата-анасын, сүйген жарын, бала- шағасын, туған жерін ойлап уайым-қайғы жеді — бұл жерде Симоновтың интимдік лирикалары жұрттың басты назарын өзіне аударды.

Үшінші кезеңде, жаппай жеңіске жеткен шабуыл заманында, енді лирика екінші планға шығып қалды. Шабуылға шығуға, жеңіске үндейтін батырлық жырлар қажет. Шабуылға шыққан кездегідей еш уақытта жауынгерлердің жанында прозаик емес, ақын болуға тиіс.

Жауынгер эпикалық-батырлық бейнелерден өзінің батырлық күшін сезінуге тиіс. Полктер мен дивизияның бұрынғы маршқа арналып жазылған өлеңдері жаңа өлең жолдарымен, жаңа батырлардың есімдерімен, жаудан жеңіп алынған қалалардың аттарымен толығып отыруы қажет — бұл сана-сезімнің өсіп-оянуын, бейнелердің алапат күшін, сезім мерейін, біздің жауынгерлердің айбынды түрде жасаған ерлік істерін көрсететін поэзия . болуға тиіс.

Өнер қазір соғыс тақырыбында бүгінгі күннің ғана мұқтажын қамтамасыз етуге арналып салынған, ұзаққа жарамайтын, далалық үлгідегі уақытша баспанадан бас тартып, күрделі құрылыс дәуіріне қадам басты. Менің ойымша, нағыз суретшінің ең алдымен іштей түлеп, өзін даярлап, жан-жағына алаңдамай, өзінің творчестволық ойларын жұрт «қалай ойлайды екен», «қалай қарайды», «не айтар екен», «ұната ма, жоқ па» деген сияқты күн ілгері сұрақтар тізбегімен құрсаулап тастамай, өзін-өзі қолға алатын кезі туған сияқты. Мұның бәрі қысқа уақыт аралығында өзгерістер жасайтын болады.

Суретші жоғары, биік идеямен қанаттанып өмір сүруге тиіс және де үлкен тақырыпты игеру мақсатында жұмыс жасап жатқандықтан, оның өзіне жұмыс барысында қарындашқа қарағанда қайшыны жиірек қолданудың керегі бола қоймас.

Бүгінгі күннің ақыны өршіл үнмен былай дер еді:Сөзге сөзбен енбек едім,

Сөзді сөзбен жандыру үшін.

Ойға оймен енбек едім,

Ойды оймен шалдыру үшін.

Сезімге сезіммен енбек едім,

Сезімде сезімдер жаңғыру үшін.

Соғысқа соғыспен енбек едім.

Соғыстың соғыспен әлі құруы үшін.

Жырға жырмен енбек едім,

Жырдың жырмен шалқуы үшін.

Өмірге өмірмен енбек едім,

Өмірге өмір дарыту үшін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий