Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ашу-ызамен емес, ақыл-парасатпен үйрет, мейірімділікпен, ынта-ықыласпен үйрет, бірақ жөнсіз мақтама, орынсыз жекіріп сөкпе, даттама, қояншығы ұстаған адамдай құр босқа айқайлап бақырма, орынды жерде қатал бол. Қаталдық әділ болсын, ол еш уақытта солдаттың бойындағы адамгершілік сезіміне, намысына тиіп қорламайтындай болсын.

Қаталдық азаматтық мінез-құлық нормасы шегінен асып кетпеуі қажет. Осыдан келіпкомандирден қарамағындағы жауынгерлерді жақсы білу, оларды үйрете білу, тәрбиелей білу, басшылық ете білу талап етіледі.

Жүздеген, мыңдаған адамдардың тағдыры командирдің қолында. Ол адамдарға жеке үлгі- өнеге көрсету, көзін жеткізу жолымен де, сондай-ақ мәжбүр ету арқылы да ықпал ете білуге міндетті. Ол қайткен күнде де жан-тәнімен беріле темірдей әскери тәртіп орнатуға қол жеткізеді. Ол тез арада дүрлігушілердің, ит көрген ешкі көзденіп үрейленушілердің екпінін басып, олардың тізгінін өз қолына ала білуге әрі адал жауынгерлерге отан алдындағы өз борышын ақырына дейін орындап шығуына мүмкіндік беруге тиіс. Өйткені командир - жеңістің атасы, табандылықтың жан жүйесі, тұтқасы (оның табандылығына байланысты оған бағынатын адамдар барлық күш-қайратын аямай жұмсайды), ол коллективтің абыройы — оның абыройы, коллективтің масқара қарабет болуы — оның масқара қарабет болуы екенін бір сәт те ұмытпай, ешбір асып-саспай, толқымай, ойланып жатпастан ұрыс даласынан құрыш қолымен арам шөптерді түп тамырымен жұлып алғандай қорқақтар мен үрейшілерді аяусыз жазалайды, оның тағдыры жауынгерлердің тағдырымен тығыз байланысты, оның ұрыстағы өмірі өзі басшылық ететін жауынгерлік коллективке тәуелді. Командирдің жеке үлгі-өнегесі басқару құралы болып табылады, үлгі-өнегені оған деген қажеттілік болған жағдайда ғана көрсеткен жон, сонда ғана ол орынды, ықпалды болмақ. Жеке үлгі-өнегені көрсеткен кезде еліктіріп, қалған жауынгерлерді тегіс өз соңынан ілестіріп ала кететіндей етіп жасай білген жөн. Батырлық дегеніміз — қойылған тапсырмаларды орындау мүддесі тұрғысынан ұрыс даласында солдаттарды ұстап тұра білушілік. Сақтық жасай отырып, батыл түрде қимылдау — батырдың басты қасиеті болса керек-ті.

Көзсіздік — батырлық емес, есерсоқтық. Командир көзсіздік жасап, батыл, батылдық, табандылық көрсетпей есті бола алмаса керек.

Командирдің ұрыста берген командасының тек басқару құралы ретінде ғана емес, күресті жеңіспен аяқтар солдаттың бойындағы парыз сезімінің қорқыныш сезімін жеңер құрал ретінде де баға жетпес үлкен мәні бар.

Жауынгерлерді қатаң тәртіптілікке, ең алдымен өзін-өзі ұстай білетін, тәртіпті мүлтіксіз сақтайтын, тәртіп жағынан үлгі-өнеге көрсететін, қарамағындағылардың сеніміне ие болған әрі солдаттардың арасында оларға әділ болып, жеке басы мен абыройын құрметтеп, олардың мұқтажы мен қажеттіліктері (рухани қажеттіліктерді қоса) жөнінде үнемі қамқорлық жасап, солдаттармен жақын араласып, бірақ барлық мәселеде де сөзсіз қатаң талап қоюшылығымен сүйіспеншілікке бөленген командир ғана үйрете алады.

Командир барлық уақытта, барлық жағынан үлгі-өнеге тұтарлық адам болуға тиіс. Тек сонда ғана ол үстіне киген мундиріне мақтана алуға қақысы бар, оның киімінің жылтыраған түймесі мен жағасы солдаттардың көзіне көзге шыққан сүйелдей көрінбей, қайта жауынгерлер өз командирін мақтаныш ететін болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий