Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өкінішке орай, біздер мұндай даналық сөздерге көңіл бөлмейміз, назар аудармаймыз, жинап құнттылық та жасамаймыз. Майданда болып қайтқан жазушылар майдан штабынан әріге тым сирек барады, сондықтан да олар әскери тілдің грамматикасы мен дұрыс жазу ережесін білмейді, саяси хабарлардың тілімен, стилімен шектеледі. Сондықтан да кейбір авторлардың өзінің жасаған бейнелерінің аузына қалай болса солай айтылған ой, сөз салады. Солдаттың аузымен айтылған қайталанбас, соны, тапқыр да қисынды сөз таңдандырса, ал офицердің аузынан шыққан сөз селт еткізбейді, тіпті бос сөз жиі-жиі реніш тудырады. Қысқасын айтқанда, сөзді кейіпкерлердің аузына қалай болса солай сала бермей, әрбір адамның мінез-құлық, ақыл-парасатына сай қолдану керек.Сөзді шұбыртпай қысқа баяндау, бейнелерді байыптап, ойланып-толғанып, мақсатты түрде жасау, шығарманың даму барысына қарай кейбір мәселелерге көңіл аударып отыру; соғыстың әбден қызған, бетбұрысты кезеңін адамдардың бейнелері мен ойлау жүйесі арқылы көрсету, ұрыс драматургиясын суреттеу... мұның бәрі дайындықты қажет етеді...

Соғыс желісі, ырғағы, соғыс туралы кітаптың тамыр соғысы, жүрек соғысы болуға тиіс.

Өкінішке орай, кейбір авторлардың оқиғаны қара дүрсін баяндаумен шектеліп, көбінесе жансыз, қасаң таптаурын болған тілмен жазып «өзінше» «фантастикалық» бірнәрсе енгізбек болатыны реніш тудырады, олар қанмен жазылған біздің сұмдық әрі тамаша шындығымызды пайымсыз қозғай отырып, оны шұбалаңқы түрде шындық жағдайға сәйкес келмейтіндей ойдан құрастырылған оқиға немесе керексіз лирикалық-трагедияны тықпалап негізгі тақырыпты — ұрыс, ұрыстағы адам бейнесін көрсетуді ұмыт қалдырып, ұрыс, ұрыстағы адамды көрсетудің мәніне терең үңіле алмай жұртқа мәлім жағдайды жиі қайталап сипаттайды.

Жаяу әскерді негізгі әскер түрі деп, ал біздерді — жалпы әскерлердің командирі деп, әділ түрде айтқанда көпшіліктің, соның ішінде, тіпті әскери адамдардың да ашу-ызасын тудырады. Авторлар көбінесе әскери мамандардың сырт пішініне, кескініне қызығып, техникалық әскер түрлеріне іш тартады, соған ынтық болады, жаяу әскерлердің киімдері мен жабдықтарының сырттай көзге ажарсыз көрінетіндігінен оған бет бұрмайды, біздің солдаттарды менсінбей «пехтура» деп атайды.

Жаяу әскер екпінді жанды адам күшін қуатты атыспен ұштастыра отырып, шабуылдаушы ядроға айналып, жауынгерлік міндеттерді жердің, ауа райының әртүрлі қолайсыз жағдайларына қарамастан, жылдың кез келген мезгілі мен тәулігінде орындауға қабілетті.

Жаяу әскердің мақсаты — жақын қашықтықта ұрыс жүргізу. Ол ұрысты дұшпанға оқ жаудырып, атыспен тықсыра, ығыстыра отырып бастап (жаншып), оны көзбе-көз, бетпе- бет келген қоян-қолтық шайқаста кеудесіне сұсты найза шаншып, түпкілікті көзін жойып барып аяқтайды. Жаяу әскер маневр жасауда, жарыса атысуда, найзаласқан шайқаста дербес қимылдайды. Ол — жақын қашықтықта, ұрыстың ең бір барып тұрған қатал, қатерлі әрі сұмдық, сұсты кезеңінде ұрыс жүргізетін негізгі және әмбебап әскер түрі, жаяу әскер — жаудың шебін басып алуға, ол жерді қолдан шығармай ұстап тұруға қабілетті күш.

Басқа әскер түрлерінің бірде-бір солдатынан мұндай төзімділік көрсетуді, ерлік жасауды, тіпті адам мүмкіншілігінен асып кететін күш, қажыр-қайрат жұмсауды, дәл осы жаяу әскерлерден талап еткендей талап етілмейді.

Ұрыстың моральдық, психологиялық және мойынға түскен ауыртпалығын, сұрапылдығын ешкім де дәл жаяу әскердей қатты сезініп, басынан өткере алмас.

Анық төнген қауіп-қатерді және жау күшінен басым екенін, сенімділік немесе өз жағдайының қыл үстінде тұрғанын жаяу әскердей ешкім де сезіне алмайды.

Жаяу әскердей ешкім де жауынгерлік ерлікке шексіз қуанып, жеңіліске қабырғасы қайыса қатты қайғыра алмас. Ол бәрін «аттың» немесе «техниканың» көмегінсіз өз қолымен жеке өзі айқасып жеңіп алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий