Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейне бір таным айнасы болды. Біздің көпшілігіміз деректерге тура жасқанбай қарауға, оларға талдау жасауға, объективті болуға, шындықты тайсақтамай, қорықпай айтуға, мемлекеттік істер туралы пікір айтуға үйрендік. Мұның өзі соғыс майдан мен тылда мықты адамдарды, кейде екі жүзділікке дейін жеткізетін ортақ іске түкке де қажеті жоқ кәсіптік-ведомстволық қулық-сұмдықсыз, жеке өзінің және халықтың тұрмыс тіршілігі жөнінде жеке қорытынды жасауға қабілетті адамдарды шыңдап өсіріп шығарды деген сөз.Солдат пен офицер — соғыс адамдары, біздің заманымыздың бейнесі, ең алдымен олар өз бойына қанқұйлы соғыс тәжірибесін жинақтаған зерделі, парасатты жандар. Олардың характері бір көргеннен-ақ бейне бір-бірден тани кететіндей көрінеді, бірақ сізге көрінген шыңға жетісімен, сіз төмендегі жайды, сізден қашықтап, алыстап, жылыстап бара жатқан көкжиекті байқайсыз. Сіз отан жеткен кезде, сіздің алдыңызда жаңа көкжиек ашыла түседі, сіз енді алға, ілгеріге қарай бет түзейсіз.

Бұл бейне беткі жаты мен қат-қабаты ойлы-қырлы, белді, бедерлі жердей шексіз кеңістік сияқты сан алуан қырлы. Бұл дегеніміз — автордың даму, жетілу үстіндегі, іскер, күрестің мәнін, сынақтың ауыртпалығын, стихиясын, ұрыс пен еңбектің тәжірибесін өзінің интеллектуалдық мүмкіндігі шегінде зерделеп, байыптай білетін бейнемен айналысуына, жұмыс істеуіне тура келеді деген сөз.

Автор үшін бүл өте күрделі бейне, суреттеу мен қабылдауға тым қиын-ақ объект. Автор көбінесе, жұмыстың асығыстығына байланысты мәселеге тереңдеп ене алмай, характердің әйтеуір көзге түсер бір деталін, бір қырын ғана алып, үстірттікке жол береді. Осының салдарынан бейне толық ашылмай бір жақты суреттеліп, шектеулі болып шығады. Бұл күнәлар тәжірибесіздіктен немесе шын мәнінде білместіктен кетсе кешірімді, бірақ жеке мүдде мен бас пайданы көздеу тұрғысынан, салақтықтан немесе әдейі біле тұра жіберілген болса, онда — кешірімсіз нәрсе. Нақты айтқанда мұндай авторларды көбінесе қимылы мен қызметі шытырманды характер қызықтырады; атап айтқанда, ерік-жігердің мықтылығын қаталдық етіп бадырайтып көрсетеді, олар әдеп пен соғысты жүргізу қағидасы шегінде — мақсатқа жету жолындағы барлық кедергілерді сындыру, қирату мен жоюды қаталдық емес, азаматтық-адамдық қызметтік қажеттілік деп түсінгісі, ұққысы келмейді.

Олар ерік-жігерді мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қайырымдылықпен ұштастырғысы келмейді, ал бұларсыз жалпы адамның мінез-құлқы болуы мүмкін емес қой. Олардың қаламынан шыққан адам сынаған кезде ешбір өзгеріске ұшырамайтын қалыпты шыңдалған серпінді шар болаттай мықты емес, сезімсіз, тас жүрек немесе алдамшы адам болып шығады.

Енді көркем шығармалардың тіліне қатысты бір-екі ауыз сөз қозғай кетсем деймін.

Соғыстың тілі — бұл адамдардың тілі, жауынгерлердің, ұрысқа қатысушылардың сөйлеу тілі, нақты шындықтың тілі — уақыттың стилі. Сондай-ақ қазіргі заманғы ұрыс екі жақтың да жаппай, жапа-тармағай атысы болып табылады әрі адам күшін найзамен жаншумен аяқталатыны сияқты, соғыстың тілі дегеніміз — семсер тілінің атыс тілімен үндесуі, үйлесуі деген сөз.

Ұрыс кезінде адамның дене күші ғана қатты ширығып қоймай, сонымен бірге ең алдымен, ақыл ойына да күшті салмақ түседі. Ұрыста тіл де жетіліп, дамиды. Егер мыңдаған солдаттың тауып, орынды айтқан сөздерін, ең болмағанда әрқайсысынан бір ауыз сөзден жинағанның өзінде бұл ойлар бірнеше томдық даналық нақыл сөздерді құраған болар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий