Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Алға қойылған міндеттерді жақсырақ орындауға және жалпы табысқа қол жеткізуге солдат пен офицердің дұрыс инициативасы, бастамасы ықпал етеді. (Уставты оқиды). Бұл Далалық уставтың 12-статьясы. Тағы да уставтан үзінді келтіре кетейін (уставты оқиды). Уставтың бүл статьясы өзінің қысқа тұжырымдалуы және ойының кеңдігімен ерекше көңіл аударады. Уставтың статьясы нағыз жыр оқығандай әсер қалдырады.

— Тұтқиылдан жасалынып, күтпеген жерден дұшпанды есеңгіретіп тастайтын, сөйтіп жауды ұйымдасқан түрде қарсылық жасау мүмкіндігінен айыратын қимыл-әрекет.

(Уставты оқиды).

Қорғана әрі дұшпанның кез келген табысының күлін көкке ұшыра алатын, біздің бөлімдердің белгіленген нәтижелерге қол жеткізуге қимыл-әрекетті шапшаңырақ өрістете түсетін, сөйтіп алған соққыдан дұшпанның күш жинауына мұрша бермей, жаудың бөлімдері мен құрамалары резервтерінің позицияларын жылдам тартып алып, оны кейінгішептерін нығайту мүмкіндігінен айырып, жаудың быт-шыты шығып бас сауғалаған тобын тобырға айналдырып, жау солдаттарының моральдық рухын басып, үрейлі қатерге душар етуге қабілетті резервке не болу.

— Ұрысты үздіксіз және дұрыс басқару.

Жауынгерлік мақсатқа жету үшін қажетті шарттардың қысқаша тізімі осындай. Ұрысты ұйымдастырушы және оған басшылық етуші командирге қойылатын талаптар да осы.

Командирге ұрысты даярлау, ұйымдастыру мен жүргізу (басқару) оңай ма, жоқ па, өздеріңіз ойланып көріңіздерші?

Қазіргі заманғы соғыс ең алдымен бірлескен әскер түрлерінің қатысуымен жүргізілетін соғыс болып табылады, бұл соғыста әртүрлі соғыс техникалары жаппай қолданылады, ал бұның өзі шайқасқа қатысатын барлық әскер түрлерінің қатаң түрде бір-бірімен өзара үйлесімді қимылдауын талап етеді.

Саяси тұрғыдан алып қарағанда біз үшін қазіргі заманғы соғыстың, ең алдымен ұлттық, этнографиялық, психологиялық және басқа да ерекшеліктері бар Совет Одағындағы біріккен ұлттар мен халықтардың соғысы болып табылады. (Мынаны еске ұстау керек, ұлты орыс емес біздің жауынгерлер әйтеуір бір империяның сырттан алып келген әскері емес, «екінші сортты» адамдар емес, орыстарға советтік Отан қалай қымбат болса, оларға да Советтік Отан сондай қымбат. Орыстарға Совет үкіметі қаншалықты қажет болса, оларға да Совет үкіметі сондай қажет). Мұның бәрі өзіміз ынтымақтастық пен бауырмалдық деп айтатын сақ болуды, өзара парасатпен бірлесе отырып үйлестірілген қимыл жасауды, сенімділікті, сүйіспеншілікті, әділеттілікті талап етеді. Мына сұрапыл қаһарлы соғыс жылдарында совет халықтарының ынтымақтастығы мен бауырмалдығы ұрыс даласында, майданда жауынгерлік сыннан өтті және өте бермек. Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығайды, бекіді, қатая түсті. Біздің солдаттарымыз бен офицерлеріміздің ұрыс даласындағы, қан майдандағы жауынгерлік ынтымақтастығы ең жоғары құрметке лайық деу керек. Жауынгеріміздің шынайы бауырмалдығына біздің замандастарымыз ғана емес, болашақ ұрпақ өкілдері де таңданып, масаттанатын, ерекше ілтипатпен атап өтетін болады. Солай бола тұрса да, бізде бәрі бірдей біркелкі, кем-кетіксіз, кемшіліксіз деп айта алмаймыз. Осындай кемшіліктерді М. И. Калинин жақында сөйлеген сөзінде де келтіріп еді, онда ол өзінің кейбір тумаластарын орыстың берекесіздері деп атаған. Біздің ісімізге кесір келтіретін басқа да берекесіздіктер аз емес. Ия, мен әңгіме арнасынан сәл ауытқыңқырап кетсем керек. Сонымен, мұның бәрі командирдің мойнына үлкен жауапкершілік жүгін артады, өйткені соғыс техникасын, адамдарды жұмылдырып, күш-қуатты біріктірген жағдайда ғана табысқа, жеңіске жетуге болады.

Барлық міндеттерді өз бетінше шеше алатын әмбебап әскер түрлері, сөздің абсолютті мағынасында алғанда, жоқ, сондай-ақ әмбебап, мінсіз, батыр халық пен батыр адам да, жалпы алғанда, жоқ (жарық дүние қайырымды адамдарсыз да, сондай-ақ арамзаларсыз да емес қой).

Әскер түрлерін негізгі әскер түрлері мен қосымша әскер түрлері деп екіге бөледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий