Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қосымша әскер түрлерінің ішінен көпшілігі соғысып, өзінің күшімен дұшпанды қатты бүліншілікке, шығынға ұшыратып жүр, бірақ та олар сапа жағынан (ұйымдастырушылық) аса мықты емес, жеңіп алуға және тартып алынған жерді ұстап тұруға мүмкіндігі, күші жете бермейді.

Әрбір әскер түрінің басқа әскер түріне ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән тактикалық- техникалық ұрыс жүргізу ерекшеліктері болады. Әскер түрінің бірде-бірі екіншісінің орнын алмастыра алмайды, қайта бірі екіншісін толықтыра түседі, оның үстіне олардыңәрқайсысының ұрыс жүргізу ерекшеліктері әскер түрлерін тығыз әрі ұйымдасқан түрде өзара бірлесе қимыл жасауға қолданған, пайдаланған кезде барынша көрінеді. Ұрыс кезіндегі өзара бірлесіп қимылдаудың мәнісі бір әскер түрінің олқылығын басқа әскер түрінің артықшылығымен толықтыруға саяды.

Барлық әскер түрлерінің өзара бірлесіп қимылдауы негізгі әскер түрінің мүддесі тұрғысынан ұйымдастырылады.

Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды. Техника небәрі адамның жауынгерлік қасиетін толықтырып, күшейте түседі.

Сондықтан да барлық әскер түрлерінің негізгі және басты тірегі, діңгегі адам болып қалады. Техниканың өзі соғыспайды, техникамен қаруланған және оны игерген адам соғысады.

Қираған техниканы (пулеметті, зеңбіректі, танкті және басқаларды) қайта қалпына келтіруге, ауыстыруға болады — бұл материалдық шығын ғана, ал ауыр жарадар болған адамды қалпына келтіре алмайсың, өлгендер қайта тірілмейді. Адам — соғыста, ұрыс даласында негізгі объект, барлық қару-жарақ соған қарсы бағытталады. Адамды сақтау, солдатты сақтау — қасиетті ұран, ол, әсіресе, қазіргі соғыс күндерінде ерекше қасиетті міндет.

Сіздермен болған екі күнгі әңгімемізде көптеген нәрселерді айтып, оқып та бердім.

Әңгімеміздің бәрі кемшіліксіз, қатаң жүйеде, рет-ретімен әрі қонымды болып өтті ғой деп айта алмаймын. Кей кездерде шегініс жасауға, бір тақырыптан екінші тақырыпқа көшіп кетуге тура келді.

Бүгін, осы екі күнгі әңгімемізді аяқтар алдында өзім қозғаған мәселелер төңірегінде ойымды қорытып, кейбір нәрселермен толықтыра түспекпін.

Соғыс — жеке және уақытша, бірақ адам өміріндегі ең бір қысылтаяң құбылыс. Соғыс ұзақ жылдарға отанның тағдырын, соғысып жатқан халықтың тағдырын шешеді. Халық өлмейді.

Соғыс — халықтың күш-қуаты мен ерік-жігерін сынайтын ұлы емтихан. Қаншама жылға созылса да, соғыс адам өмірінде жан түршігерлік қасіретті уақиға болып қалады, ол халық жадында терең із қалдырады. Ондаған жылдар өте соғыс салған жарақат жазылып, дерт айығып, халық өмір сүруін тоқтатпай, тіршілік керуенін жалғастыра береді, ол соғыстың қасіретінен қайғының тұңғиығына батып, шөгіп кетпей, соғыстың бүткіл ауыртпалығын иығымен көтеріп, сағын сындырмай болашақ үшін еңбек етіп, басшылық жасап, ілгері баса береді.

Өнер ертеден-ақ халықтың өмір-тіршілігін, күресі мен жақсылыққа деген арман-үмітін бейнелей отырып, халықтың сана-сезімін дамытуда ерекше мәні болған. Әдебиет, музыка, живопись — барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері - өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі, табысы әскерлердің моральдық-адамгершілік күшіне тікелей байланысты екеніне, түптеп келгенде бәрін де жанды адамдар — солдаттар мен офицерлер — шешетініне, олар бірінші кезекте ұрыстың ауыр сынына ұшырайтынына сонымен бірге олар әрі жеңіске жеткізуші де болып табылатынына біздің көзімізді айқын жеткізе түсті. Техника қаншама жетілгенімен, дамығанымен, бәрібір күрестің құралы ретінде қалады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий