Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұлы Отан соғысы барысы кезінде соңғы уақыттарда операция жүргізілген бір бағыттағы оперативтік міндеттерді шешу көбінесе майдандық бірлестіктерге, ал стратегиялық міндеттерді шешу бірнеше майданға (мысалы, Сталинград, Курск иіні және т. б.) жүктелді. Бұл біздің армиялар мен майдандардың өз бетінше ірі міндеттерді шешуге дәрменсіздігін білдірмесе керек, бұл олардың әлсіздігінің де көрсеткіші бола алмайды, бүл біздің жоғарғы Бас қолбасшының шешімді іс-қимылы мен оперативтік және стратегиялық маневр түрінің батылдығының көрсеткіші болып табылады, осындай оперативтік және стратегиялық мақсаттар қойылуына орай міндеттерді шешу үшін үлкен кеңістікте ұрыс жүргізу қажет, мұны жүзеге асыруға көп күш пен қару-жарақ, шебер ұйымдастырушылық қабілеттілік пен шынайы қолбасшылық кызмет қажет.

Осымен кейбір үлкен әскери ұғымдарға түсінік беруді аяқтап, шағын, яғни тактикалық ұғымдарды түсіндіруге көшуге рұқсат етіңіздер.

Тактикалық ұғым болып табылатын ұрыс мәселелеріне және оның лексикасына (терминдеріне) оралайық.

Жүргізу әдісіне қарай ұрыс шабуылға шығу және қорғаныс ұрысы болып бөлінеді. Кез келген ұрыстың мақсаты — дұшпанға оқпен соққы беру, оның адам күшін, қару-жарағын жою. Шабуылға шығу ұрысы (уставты оқиды). Қорғаныс ұрысы (уставты оқиды). Соғыс тәртібі (уставты оқиды). Ұрыс жоспары (уставты оқиды). Біздің уставта қысқа тұжырымдалған мәселелер осындай. Ұрыста жеңіске сөзсіз жетудің шарты — маневр.

Маневр деп міндетті орындау кезінде күш-қуатты, уақытты және шығынды мейлінше азжұмсап, таңдалған бағыттағы дұшпанды басып, жою мақсатында әскердің ұйымдасқан қимылын атыспен шебер ұштастыра білуді айтады.

Маневрдің оперативтік (ауқымды) ұғымдағы және тактикалық ұғымдағы формасы мен түрі болады. Біздің уставта тактикалық маневрдің қоршап алу, орағытып өту, бұзып- жарып өту және шегіну сияқты төрт түріне анықтама берілген.

Мен тікелей картадан ұрыс қимылдарын көрсетуге көшкен кезде бұл ұғымдар мен бұл принципті сызбалар (чертежи) біздің қажетімізге жарайды. Алда сіздермен қарым- қатынасымызды жеңілдету, әңгіменің түсінікті болуы үшін бұл мәселелерге соншалықты егжей-тегжейлі тоқталуымның себебі сондықтан. Мына ақиқатты үнемі есте ұстаған жөн: маневрмен дұшпанға қатер туғызуға болады, бірақ бұл қатерді іс жүзінде төндіріп, оны қарсы тұрған жауды шын мәнінде құртуға қолдану тікелей шабуылға шығу арқылы ғана мүмкін болады, шабуылға көше отырып, ең алдымен нақты таңдап алынған объекті бойынша оқ жаудырылып, күшті соққы беріледі де, объектілердің бүлінуі дұшпанның қалған барлық ұрыс тәртіптерінің күйреуіне, қирауына алып келеді, басқаша болған жағдайда бүл іс-қимылды маневр деп айтуға келмейді, ол дер кезінде жасалынбаған, зияннан басқа дәнеңе де алып келмейтін әскердің жөнсіз ракировкасы болып шығады. Ал соғыста зиян алып келушілік — бұл жөнсіз төгілген қан, ақтаусыз кісі өлімі. Ұрыста ұтып, жауды жеңіп шықсам дейтін тілек — кез келген жөні түзу жауынгер мен командирге тән нәрсе. Алайда тиісті моральдық және материалдық жағдайсыз мақсатқа бір ғана тілек пен ерекше тасқындаған қайрат құлшыныспен жету қиын. Ол үшін оған белгіленген жағдайда қолайлы мүмкіндік жасаған жөн.

Жеңіске жетуге қажетті шарттар мыналар болып табылады:

— Күш пен қару-жарақ тұрғысынан басым болу.

— Әскерлерді жауынгерлік тұрғыдан үздіксіз қамтамасыз ету, яғни барлауды, күзетуді, басқаруды ұйымдастыру.

— Әскерлердің ұрыс қимылдарын дер кезінде материалдың жағынан қамтамасыз ету.

— Міндетті айқын түсіну.

— Соғыстың аяғы ең ауыр, қиын жағдайға душар етуі мүмкіндігін де ескере отырып, күш пен қару-жарақты және олардың ара салмағын таразылап, дәл есептеп жағдайды анықтау мен жан-жақты дұрыс бағалау.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий