Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Төзімді, шыдамды, жинақы, ақыл-парасатпен: білмеушілікті, тәжірибесіздік пен әскери қызметті атқару кезіндегі салдыр-салақтықты айыра біл. Олардың себептерін тауып, дер кезінде жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, психикасын ескеріп, бәрін бет алды «бәрі жақсы» немесе «бәрі өте жақсы» деп санамай, мадақтау немесе жазалау шараларын қолданып отыр. Кінәлі болған адамды есін жиғызбай үнемі тынышын ала берме немесе көзге түскендерді тым дандайсып кетпейтіндей асыра мақтама. Мадақтау мен жазалауды қадірін кетіріп жөнсіз қолданба. Әрбір солдаттың кәсіби және этнографиялық ерекшелігін біл.

Одан әрі қарай. Мен сіздердің назарларыңызды мынаған аударайын деп едім (қолжазбаны көрсетеді). Бұл негізінен Қазақстан тарихына қатысты. Қазақ ССР тарихын оқып шыққаннан кейін, мен бұл кітаптың редакторына хат жаздым:

Мына алдарыңызда ілулі тұрған карта-схема бойынша Панфилов дивизиясының тарихын баяндауға кіріспес бұрын мен сіздерге кейбір әскери терминдердің анықтамасын, мәнін ашатын кейбір жалпы ұғымдарды айтып, түсіндіре кетейін. Бір-бірімізді жақсы түсіну үшін сіздермен ортақ тіл табысқанымыз жақсы. Мүмкіндігіне қарай мен әскери тілмен сөйлемей, ойымды жеңіл, қарапайым әрі түсінікті етіп жеткізуге тырысып көрейін, бірақ әскери мәселеде әскери тілді мүлдем қолданбау да әділетсіздік болар еді.

Тыңдаушыларым кәсіби әскери терминдерді, сөздерді, ұғымдарды барлық кезде ұғына алмайтынын, түсіне бермейтінін ескеріп, әңгіме барысында кейбір жағдайда таратып, түсіндіріп айтуға, кейде тақырыптың мәнінен, аясынан да ауытқып кетуге мәжбүр болмақпын, алайда бұнымыз әңгімемізді ұзартып жібермек. Осының өзінің қажеті бар ма, әңгімені бұдан әрі қалай жүргізуім керек, соны айтыңыздаршы?

Әуезов:

Осыған дейін қалай жүргізген болсаңыз, әңгімені әрі қарай да солай етіп жүргізе беріңіз. Біздің бәріміз әскери адам болмағандықтан, неғұрлым көбірек талдау, түсіндіру жасалынып отырса, соғұрлым жақсы. Сіз үшін қарапайым болып көрінген нәрсе — бізге қарапайым емес. Біздер әскери мәселедегі білімді тікелей әліппеден бастауға мұқтажбыз.

(Бәрі де Әуезовті қолдайды).

Бауыржан Момышұлы: Жақсы, менің уақытымның көбісі осы түсіндіру мен талдауға кетті, енді өзіміз белгілеген уақыттың ішінде сіздерге айтайын дегендерімнің бәрін айтып шыға аламын ба, жоқ па? Мені мазасыздандырып тұрған осы.

Сәтбаев: Тағы да әңгімемізді бір күнге созармыз, яғни 5-6 сағатқа есеп жасайық.

Бауыржан Момышұлы: Жақсы, мен ең қажетті дегендерге, мүмкіндігінше қысқаша тоқталуға тырысайын. Көптеген анықтамалар еркін түрде түсіндірілетінін естеріңізге сала

1. Хат «Майданнан жазылған хаттар» бөлімінде берілді.кеткім келеді, өйткені менің қолымда мына далалық уставтан басқа үзінді келтіретін материал немесе конспекті де жоқ.

Әскери ғылым мен әскерлерді үйрету өнері негізгі үш бөлімнен тұрады.

1. Тактика.

2. Оперативтік өнер.

3. Стратегия.

Тактика — ұрыс жүргізу жөніндегі ғылым. Тактика шағын бөлімшелерден бастап, жоғары жалпы әскерлік құрамаларға дейінгі әскери топтарда ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуді зерттеумен шұғылданады.

Оперативтік өнер — ірі әскери топтардың, яғни оперативтік-стратегиялық бірлестіктердің ірі қимылдарын — операцияларды ұйымдастыру мен жүргізуді зерттейді.

Стратегия — жалпы алғанда соғысты даярлау мен жүргізу жөніндегі ғылым.

Қарулы күштердің ұйымдық құрылымында мынандай ұғымдар бар: бөлімше (рота, батарея, батальон, дивизион), бөлім (полк), құрама (бригада, дивизия, корпус) — олар тактикалық міндеттерді, яғни ұрыс жүргізу міндеттерін шешеді, бірлестік (армия, майдан)— оперативтік міндеттерді шешуге арналған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий