Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұрыс кезінде ерлік пен қорқақтық қылыштың жүзінде тұрғандай алмағайып күйде жанның мұрнының ұшына барғандағыдай жағдайда болады, махаббат пен зұлымдықтың арасы сияқты, батырлық пен қорқақтықтың арасы да бір-ақ қадам екенін жазу керек.

Әлсіз жақтары жоқ батыр — батыр емес, ал біздің жазушылар мен суретшілер болса, батырдан барлық уақытта батыр жасай бермейді, олар батырлардың әлсіз жақтарын жасырып, сыртқы және ішкі күрестің қиындықтарын жеңіп барып батыр болғанын, кәдімгі адам ретінде көрсетпейді. Тіпті батырларға қорқыныш сезімі тән емес деп жазады.

Мұның өзі ақылға қона ма? Сондықтан да мен қазір адамды тек қана оның ерлік ісін тек туасы біткен табиғаттың сыйы ретінде, кем-кетіксіз, кемшіліксіз жып-жылмағай етіп, оқырмандармен оның бойындағы батылдық пен әлсіздік қасиеттерді салыстырып әрі қорқыныш сезімінің сөзсіз ілесіп отыратынын жасырып сипаттаушылық батырдыжаратылыс бітімі бөлек ерекше жан етіп көрсететіндігі әрі күрестің сыртқы және ішкі қиыншылықтарын жеңген жағдайда сипатталынып отырған батырдай ерлік жасауға оған рух пен қажыр-қайрат беріп, жігерлендірудің орнына батырға еліктеудің өзі бос нәрсе, үмітсіздік деген ойды еріксіз таңатындығы жөнінде де өз пікірімді жазған едім.

Батырды сипаттаған кезде біз қандай мақсат көздейміз? — Әңгіме, бұқара көпшілік батырдың жолын қуу керек, ал ол айқайлап, қолын сермеп қалғанда пәленше немісті сұлатып түсірді деп сипаттап жазудан пайда жоқ. — Солдат былай дер еді: Мен де осылай істеп көріп едім, онымнан ештеңе шыққан жоқ. Мұндай ойдан шығарылған нәрсе өзінің мақсатын ақтай алмайды. Снарядтар ұли жарылып, ысқыра оқ зулап, ышқына миналар ұшады деп жазса, бұл түсінікті, ал егер шын мәнінде 5 немісті өлтіріп, 50 немісті атып өлтірді деп жазатын болсақ, бұнымен үлкен зиян келтірген болар едік, бұған адамның жаны ауырады. Міне, мен осындай дұрыс жазбаудан сақтандырғым келеді. Ал мұның өзі батырды жолдастарының алдында ұятты жағдайға қалдырмай ма, қарулас достары болса отан қарап, кекесінді түрде: «Сен 50 немісті өлтіріп пе едің?» деп сұрамай ма, міне сіз кімді мақтағыңыз келген еді, осындай шылқыған өтіріктің салдарынан адамды қолайсыз, ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз, сөйтіп кейінгі жазар заметкаңызға мазмұны шын болса да, сенімсіздік туғызасыз. Өтірік — зиян, кесір.

Тағы да бір мысал келтіре кетейін. Орталық баспасөз бетінде біздің әскерлеріміз пәлендей деген қаланы кескілескен ұрыспен жаудан азат етті деген мақала жарыққа шығады.

Жауынгерлер бес адамның өлтірілгенін білетін, ал газетте 50 адам деп басылған.

Солдаттар мен ұрысқа қатысқандар бір-біріне қарасып аң-таң болады. N деген батырды сипаттап жаза отырып, мың адам өлтірді деп көрсетеді, ал біздің жауынгерлер күліп, былай: «Мүмкін, 10 адам өлтірген шығар»,— дейді. Мұндай деректер сенімсіздік туғызады, ал мен мұндай газет тілшілерін жаным жаратпайды. Міне, менің өтірік — у деп айтуымның себебі де сондықтан. Әрине, солдат мұны есіттіріп айтпаса да, оның ішінде, жанында бәрібір қалып қояды.

Менің ойымша, мұндай тілшілерді қатал түрде жазалау керек. Олардың бәрі де бір қалыптан шыққандай етіп жазады. Мынандай өлең жазылған, бұл өлең жаңағы мен айтқан тілшілерге арналады. Дүмше молда дін бұзар.

Абдолла Тоқайдан:

Жігіт біткен менменсиді, жоғары ұстап розасын, Қасіретті дүниенің байқады ол тек розасын.

Көрмеген ол дүниенің қаһары мен «угрозасын», Көргенменен «уг» қалып, көргенде тек розасын, Көргенде ол тағдырдың да тақсіретті розасын, «Г»-сы қалып, көрген болар розаның да розасын. Қазақ халқының соғыс тарихы осы отан соғысынан басталуға тиіс. Бірақ, осы соғысқа қатысқан қазақ халқының өмірі, ерлік қимылы дер кезінде тарих айнасына түсіп отырған жоқ. Қазақ халқы осы соғыс тұсында бүкіл дүние жүзіне өзінің қазақ екенін танытты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий