Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақырында керосин шамның жарығына таман қолжазбаны жылжытып, қолына алған сәт те жетті-ау, ол бірінші бетке үңілді.

Екеуміз көріспегелі жарты жылдай уақыт болған. Осы өткен айлардың ішінде Момышұлы әбден жүдеген. Екі жағы ашаң тартып, танадай үлкен көздерінде сарғыш реңк пайда болған, сұрапыл соғыстың, тынымсыз күндер мен түндердің салған таңбасы бұл. Білте шамның жарығымен нұрланған ерекше өткір көздері, шырайлы жүзі екеуміз алғаш дидарласқан кездегідей ғажап әсер етті, бала кезімнен жадымда қалған бір кітаптағы суретті тағы да көз алдыма елестетеді.

Ол алғашқы тарауды лезде оқып шықты. Бұл тарауда кітаптың жазылу тарихы айтылатын.

Бауыржанмен танысу сәті сипатталған, мені ерекше таңқалдырған бұл қазақ жігітінің сырт келбеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы туралы алған әсерлерім жазылған еді. Кіріспесін шолып, ол қолжазбаның соңына үңілді, содан кейін барып басын көтерді,— қарасында құптарлық ишара білінбеді.

— Сіз неліктен үнемі менің қазақ екенімді қайта-қайта айта бергенсіз?— деп қатулана сұрақ қойды. Бір рет жазғаннан кейін жеткілікті емес пе... Сіз, бейне бір, мына табиғаттың ғажайыбына қараңызшы деп шақырғандайсыз. Сіз өзіңіз аялатыңыз келген адамды қорлағандай екенсіз... Бұныңыз бегемоттың аялағанына ұқсаңқырайды...

Менің жүзім, сірә дуылдап кеткен болуы керек: тер төге дамыл көрмей жазып келгендегім осы болғаны ма... Бауыржан жымиып күлді.

— Бірақ бегемоттар көп қой,— деді ол. — Амал не, бұл аялауды қабыл алуға тура келеді. Тақтайлардан шегелеп жасалынып, үстіне плащ-палатка төселінген кереуетке жантайған күйі (мен кедергі келтірмес үшін қара көлеңкелеу түкпірге барып отырдым), мен жазушыларға сирек кездесетін сәтті бақылап отырдым, повестің қаһарманы осы повестің өзін оқып жатыр, Бауыржан Момышұлы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған шығарманы оқу үстінде болатын.Дегенмен де ол бұл тұжырымды теріске шығарар еді. Бірде мен Бауыржаннан балалық, жастық шағының, жеке өмірінің кейбір есте қалған сәттерін әңгімелеп беруін өтіндім. Ол әрбір сөзін шегелегендей қысқа қайырып: «Жеке өмірдің дейсіз бе? Неліктен? Мұның маған қажеті қанша?». «Мен сізге айтып отырған жоқпын». «Өзіме де емес». «Сізге емес, келер ұрпаққа айтып отырмын. Москва түбіндегі сұрапыл шайқастар туралы, панфиловшылар батальонының ерлігі жөнінде әңгіме айтып отырмын. Ал бұған өзіңнің жеке өмірбаяныңды алып келіп тықпалау ақымақтық әрі көргенсіздік болар еді». Көзін жеткізе алмадым: маған мінезі қиын әрі ырық бермейтін қайсар қаһарман кезіккен-ді.

Бауыржан қағазға үңілген бойы тіп-тік отыр. Әне-міне дегенше келесі оқылған бетті ашаң саусағымен лезде аударып тастайды. Анда-санда алақанымен көмірдей қара шашын сипап жатқызады, бірақ қолын алса-ақ болғаны, түрпідей шашы тікірейіп қайтадан тұра келеді.

Мен оған қара көлеңке түкпірден қарап отырмын. Бір мезетте столдың үстіндегі күміс портсигарға ұмсынды да, ішінен бір шылым алып, әлдене жөнінде ойланып, темекісін кептіру үшін білте шамның жалынына тосты. Шылымын тұтатқаннан кейін ләм-мим деместен, бір ауыз сөз айтпастан қолжазбаны оқи берді.

Бір сәт тағы да басын көтерді,— бұл жолы басын шұғыл көтерген,— Бауыржан планшетінен қаламын алып, машинкаға басылған жолдардың шетін ала қиғаштата әлдебір нәрселерді жаза бастады.

Оның жазған ескертпелерінің бәрін келтіріп жатпаймын. Қолжазбаны оқып шыққаннан кейін екеуміздің арамызда болған әңгіменің кейбір желісін ғана қысқаша айта кетейін.

— Москва, Москва түбіндегі шайқастың тынысы сезілмейді,— деді Бауыржан. — Тарихи кезең — 1941 жылдың октябрь айы берілмеген.

Әдеттегідей оның пікірі күрт, кейде жөнсіз үзілді-кесілді болатын.

— Содан кейін... Сіздің қорқынышты түсіндіруіңізбен мен келісе алмаймын.

— Менің дейсіз бе? Неліктен менің? Мен сіздің ойларыңызды жаздым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий