Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соғыста шынықты, шыңдалды, жоғары көтерілді. Біздің жазушылар, тарихшылар, ғылыми қызметкерлер осы шындықты жазып, жас қауымды тәрбиелеу! керек еді, кейінгі ұрпаққа дұрыс тарих қалдыру керек еді, бірақ бұл істелген жоқ.Майданда қаһарман қазақ, жігіттері аз емес, көбі өліп те кетті. Солардың бірде-бірі қағаз бетіне түспей қалып барады. Қазақтың қанын, жанын берген ерлері атаусыз кетіп барады.

Шындықты жазу заң, себебі өтірік — әдебиетке, мәдениетке, келешігімізге кесір.

Өтіріктің өмірі ұзақ емес. Өтіріктің құйрығы — бір-ақ тұтам.

Қысқасын айтқанда, ерліктің атаусыз кетуі — халықтың трагедиясы. Тарих мұны бүгінгі сіздерге — жазушы, тарихшыларға кешірмейді. Елдің тұтқасы осы отырған біз ғанамыз деп ойларсыңдар, жоқ, елдің тұтқасы осынау майдандағы мыңдаған қазақтың ер азаматы, қыршын жастары. Оларсыз елің де иесіз, оларсыз жұрт та болмайсың. Олардың ерлігін, қан төгіп ерлікпен соғысқанын жазбаған сендердің көбіңді тарих дарға асады. Масқара етіп байлайтын бағанаға таңады. Бүгін болмаса, ертең жазалайды. Бәрімізді бірдей жазалай бермес деп мына Исмайылов бір әңгіме келтіріп еді. Бір кемпірдің жалғыз баласы ауырған екен, сонда кемпір зар жылап, а, Құдай, мені жалғыз баламның алдында ал, баламнан кейін жалғыз тірліктің маған керегі жоқ деп жалбарынған екен дейді. Соны әзірейіл есітіп тұрып, үйге кіріп келіп:— Мақұл балаңның жанын алмаймын, сенің жаныңды аламын,— дегенде, кемпір сасып қалып:— кімнің ауру-сауын Құдайекең өзі білер,— деп қисая кеткен екен дейді. Сондайын, бәлкім, кімнің ауру-сауын тарих тексерер де.

Бірақ тарих алдында зор айыпты екендіктерің де даусыз. Бұл соғыс кезіндегі халық өмірінің шындығы бүгін дұрыс ашылып жазылмағанмен, ертең жазылады.

Осында болғаннан бері бірқатар жайды көріп, сездім. Бірқатар адамдар тым ұзақ, өз қарабасындық мақсаттан жоғары емес. Бүкіл елдің, халықтың қамы дегенді мүлде ұмытқан. Опера театрының хорында қазақ әнін айтатын әншілер қалмағанын не дейсіңдер, халық жайын кеңінен ойлап, толғап пішетін елдің намысы қайда? Біз кім едік, кімбіз, кім боламыз деген сұраулар әлі күнге жауапсыз қалып кетіп бара жатқан жоқ па? Тіпті өзінің қазақ екенін ұмытып бара жатқандарың көп емес пе? Қазақпын деп мақтануды ар көретін, қазақтың тілінде сөйлеуді масқаралық көретін салт қайдан шығып отыр?

Балалардың көбі не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бірдеме болып өсіп жатқанын неге көрмейсіңдер?

Осыларды күйініп айтқанда менікі қазақ халқы да советтік отанымыздағы басқа елдердің қатарында жетілген — ұлттық даңқын, салтын толық білдіріп мақтана алатын ел болуына тілек айтып отырғандық қой. Елді, жастарды, халықтың ізгі, жақсы адамгершілік салтында тәрбиелеу, бүгінгі мәдениетті халықтың көне мәдениетімен ұштастырып дамыту қажет екенін ұғыну керек емес пе? «Гвардия, алға» сияқтылар — жаңа мәдениет, ақиқат шығарма емес, жалған, бүгінгі шындыққа каррикатура.

Сонымен, Бектің келуіне оралайын. Бұл жолы мен оны сөккен жоқпын. Ол маған дәрменсіз күйде келген еді. Мен оған ешқандай да тік мінезділік көрсеткен жоқпын, ол менен риза көңілмен аттанып кетті. Мұны капитан Құрманбек Сағындықов та растай алады.

Ноябрь айының соңында мен Москваға келдім. Менің келу қарсаңымда Бек екінші повестің екінші нұсқасын аяқтап қалған екен. Екінші повесть біріншісіне қарағанда, сөз жоқ, жақсы шыққан, бірақ әлі де болса ойдағыдай емес-ті. Біз екі аптадай уақыт бас көтермей қолжазбаны өңдеп, жетілдіріп жұмыс істедік. Осы жерде Жазушылар одағы Бектің повесін жөнсіз талқылауды ойластырады.

Бек болса қатты абыржыды, тіпті бұл талқылаудан жүрексінді де, сөйтіп менің қатысуымды қиыла өтінді. Өзінің өтінішін ол бірде-бір әскери және әскери психологиялық сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтып дәлелдеді (ал ол болсаталқылауда осы мәселелер басты назарда болатынына сенімді болатын). Мен келісім бермедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий