Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Менің енді бір топ қызыққұмар москвалықтармен әуре болуым қалған екен ғой.

Сізбенен бірге әуре сарсаңмен жүргенім де жетер,— дедім Бекке.

Осы жерде ол әділетсіздік, зымияндық жасады: екі күннен соң ол хабарландыру басылған газетті алып келді, онда 8 декабрьде Жазушылар одағының клубында кітаптың талқыланатындығы және оған менің қатысатыным жазылыпты. Мен реніш білдірдім. Бек қулана жымиып:

— Клубта үлкен хабарландыру ілулі түр, онда сіздің фамилияңыз ірі әріптермен бадырайтып жазылып қойылған,— деп сөзін жалғастырды.

Бұл талқылауға ешбір дайындықсыз баруыма тура келді. Халық көп жиналған екен.

Қызыққұмар москвалықтар мен москвалық бикештер мені көздерімен ішіп-жеп барады.

Талқылауды генерал-лейтенант Игнатьев ашты. Сонан соң сөз Бекке берілді. Бірақ ол осы жерде де зымияндық жасады: бірінші тарауды оқып шыққаннан кейін басқа ешнәрсе айта алмайтынын, өйткені полковник Бауыржан Момышұлы оның әңгімесін өзінен гөрі жақсылап айтып беретінін, аудиторияны қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беретінін айтты.

Отырған жұрт ду қол шапалақтады. Мен трибунада жұртшылықтың алдында бір жапырақ қағазсыз құр қол тұрмын...

Талқылаудың стенограммасын бірер күнде алып қаларсыздар. Мен сіздер сұрағаннан кейін тек қана өзімнің сөйлеген сөзімнің стенограммасын ала келдім. Ауытқып кетпес үшін оны жай оқып берейін. (Өзінің сөйлеген сөзінің стенограммасын оқиды).

Бекпенен өзара қарым-қатынасымыз бен «Арпалыстың» жағдайы қазірше осындай. Кейбір мәселелер жөнінде сіздерді «Арпалыс» повесіне жиі сілтеуімнің себебін осыдан түсіне жатарсыздар.

Өз сөзіммен тақырыпты қорытындылаймын. Артылған уақытты сұрақтарға қалдырайық.

Мен сіздерге бірнәрсе оқып берейін деп ниеттеніп едім. Соны сіздерге оқып берейін. «Бір нәрсені істей алу үшін не істеу керектігін біліп алу керек - демек, зерттеп білу қажет.

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес».

Армия қазіргі заманғы техникамен қаншалықты бақайшағына дейін қаруланғанымен, егер оның адам құрамы жан-жақты жауынгерлік даярлықтан өтпеген болса, ал офицерлері әскерлерді, техникаларды және қару-жарақтарды басқара білу әдіс-тәсілдерін нашар игерген болса, онда армия пайдасыз тобыр күйінде қалады, әрі дұшпанның мықтап тұрып берген алғашқы соққысынан-ақ быт-шыт болып, бұршақша бытырап кетеді. Машықтанған армия үшін ұрысқа кіру, шайқасу — жауынгерлік қасиеттерді алғашқы қажетті сынақтан өткізу болмақ, мұның өзі әскерлерді кейінгі жауынгерлік қимылдар үшін едәуір аса маңызды мәні болатын әскери шынығудан, шыңдалудан да өткізу болмақ.

Алғашқы ұрыс кейінгі жауынгерлік қимылдардың қалай болатынын да көрсетеді.

Әскерлерді алғашқы ұрыста қалай болған күнде де, міндетті түрде жеңіп, ұтып шығуға үйрету, даярлау қажет.

1. Стенограмма «Майданнан жазылған хаттар» бөліміндe берілді.Тәжірибе мен жеке бақылауларымнан байқағандарымнан қысқа түрде мына мәселелерді айта кетуді қажет деп есептеймін.

Оқу-жаттығуды әскерге шақырылған алғашқы пункттен бастап бірінші жеңіске жеткен шабуылға дейінгі аралықта ұйымдастыра білу қажет. Жаудан тартып алынған шепте бекініп қалуға да үйренген жөн, үйрену, шынығу әрі есею үшін соғыса біл.

Бірде-бір «бейбіт» әрі бірде-бір жауынгерлік күн оқусыз, үйренусіз, жаттығусыз босқа өтпесін. (Біздер Коблякиде шикі материалды жаңадан алынғандардың бес күндік «академиясында» қалай үйреткендігіміз жөнінде — бұл тәжірибені егжей-тегжейлі сипаттап жазу керек).

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий