Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен соғысқа жарамдылығының негізі — әрбір солдаттың жауынгерлік әзірлігінің және соғысқа жарамдылығының негізі болып табылады. Ұрыс даласындағы міндетті штаб немесе шешім қабылдаған командирдің ойы тұжырымдалған карта емес, жауынгерлік әзірлік, даярлық шешеді. Егер солдаттың даярлығы нашар болса, командирдің жақсы да парасатты шешімі түкке аспай қалады, керісінше, егер жауынгерлер жақсы даярлықтан өткен болса, орташа шешімнің өзін өте жақсы нәтижеге жеткізуге болады. «Жауынгердің жақсы әзірлігі — жеңіске бастама, мұрындық». Жауынгерлер мен командирлердің әскери адамгершілік бейнесін қалыптастыруды, жауынгерлердің бойында жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеуді бізде жиі дағдылы іске айналдырғандай әңгіме жүргізу мен баяндамалар оқып берумен шектеуге болмайды, қайта солдат кәсібіне жергілікті жерде, нақты жабдықталынған полигонда, кез келген шартты нәрселерден қашып, жауынгерлер мен командирлерге қажыр-қайраты мен ақыл-ой күшіне нағыз жауынгерлік салмақ арта отырып, практикалық тұрғыдан үйретіп-жаттықтыру қажет. Өкінішке орай, біздің көптеген аға бастықтарымыз бойына сіңіп қалған зиянды, мәдениетсіз әдеттен — қарамағындағыларға офицердің, тәрбиешінің, ұстаздың, бастықтың абыройына сыйыспайтын, ақырында азаматтық, әскери және азаматтық өмірдің әдет пен нормаларынан шығып кететін дөрекіліктен зардап шегіп келеді, олардың өздері де мәселені шешуде аз, аяғына дейін зерттеп тереңірек ойланбайды, аузынан шыққан сөзі мен айтқан ойына мән бермейді, үзілді-кесілді түрде, кейде бақырып, адамдарды қағытпа сөзбен кекеп, жөнсіз дөрекілік көрсетіп орынсыз балағаттайды.

Осындай бастықтар өздерінің мәдениетсіздіктерін қарамағындағыларға үзілді-кесілді ақыл айтушыларды, дөрекілерді, «наубайшыларды» жақсы, талап қойғыш командирлер деп айтып, таратады. Мұның өзі сөзсіз ақымақтық баға екенін олар ұқпайды. Олар өзінің ойын әбден екшелген, шағым беруге жатпайтын пікір деп есептеп, өзгелердің ойын елемейді, басқалардың ұсыныстарымен, ақыл-кеңестерімен есептеспейді. Мұндай өзін-өзі дәріптеушілік — өз күші мен қабілетін тым асыра бағалаушылық.

Моральдық және қажыр-қайрат жағынан мықты болуға тәрбиелеу үнемі адам жанына үңіле білуді, оған назар аударып отыруды, игілікті құлшыныстарға қанаттандырып, ерік- күшін, адамгершілік, моральдық, қажыр-қайратын, ақыл-ой қабілетін нығайтуды, адамның адамгершілігін жеке және ұлттық мақтаныш сезімін саналы түрде түсінуді, өзінің күш-қуаты мен қабілет-қарымына деген көзі әбден жеткен сенімділігін және әрбір солдаттың өз қару-жарағына деген сенімділігін нығайтуды талап етеді.

Төзімділікпен және ерінбей-жалықпай үйретіп, жаттықтырып, жауынгерлердің іс- қимылдарына ақыл-кеңестермен, ескертулермен, жетекші сұрақтармен сенімділік ұялатып, көмекке үйренушілердің творчестволық күші мен ақыл-ойын жұмылдырып, инициативаны, жауынгерлік тапқырлықты, айлакерлікті және басқа да жауынгерлік қасиеттерді дамытып, жетілдіру қажет.Әсіресе, командирдің бойында өзіне деген сенімділікті, инициативаны, мықты, қайтпас, қажымас ерік-жігерді дамыту қажет. Дұрыс әрі жүйелі ойлай білушілікті, терең ойластырылған шешім жасай алушылықты қалыптастыру керек. Барлық кезде оның пікірімен санасып, соны ой-пікірін қолдап, дамытып отыру қажет — олардан үйреніп және үнемі үйретіп отыру керек.

Солдаттың ауыр бейнеті еңбегі мен өміріне шынайы тұрғыдан талдау жасау негізінде үнемі жауынгерлік рухты көтеріп отырған жөн. Жауынгерлік коллективтің ынтасын әділ түрде бағалаған орынды. Ерік-жігер мен инициативаны кейбіреулердің әдейі «бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуіміз керек деген ниетпен» үнемі «нашар» деп айтып, тұқыртып тастайтынындай басып тастамау қажет.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий