Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алғаш рет Бек менде 1943 жылдың сентябрінде болды, ол маған «Знамя» журналы редакторының жазған хатын ала келген еді (хатты оқиды). Мен Бектің қолжазбасын қарап шығып, өз ескертпелерімді жасадым, өзімнің барлық қолжазбаларымның көшірмелерін түсіріп алып, оны Бекке табыс еттім. Онымен байыпты түрде әңгімелесіп, кейбір мәселелерді қосымша айтып бердім. Редакторға соғыс туралы, адамзаттың басынан өткізіп жатқан қайғы-қасіреті туралы шындықты, тек қана шындықты және де сөздікте жазылған шындықты емес, шын жүректен, көңіл күйден шыққан шындықты адамның жан дүниесіне әсер етер қарапайым сөздермен әдеп және соғыс заңы — қанды тәжірибесі жөнінде айту керек деп жаздым. Бектің «Адам және ұрыс» деген кітабы ұрыс пен оның психологиясын орталық мәселе етіп ала отырып, айтылған мәселелерді әскери көзқарас тұрғысынан барлық шиеленісті жақтарымен сауатты түрде көрсете білуі қажет, бұл кітап оқушылар үшін ақыл-оймен соғыс жөніндегі ақиқатты тануына мүмкіндік беретін әскери ағартушылық (тек роман ғана болмай) құрал болып табылады.Мен мұны неге жаздым, себебі Бектің жазған бірінші тарауы маған мүлде ұнамады.

Шындық туралы, соғыс хақында айтқан кезімде, мен әмірі күшті Алланың алдындағы шындықты айтамын, өйткені адам барлық уақытта да өз тумаластарының алдында адал бола бермейді. Мұндай қатал талап жалғыз Бекке ғана емес, сонымен бірге барлық әдебиетшілерге де қойылып отыр, өйткені кез келген кітаптың басты мақсаты — ағарту.

Кітап жазу үшін жазушы жазатын саласы бойынша ең білімді адам болуы қажет. Тақырып әскери тақырып екен — кітап авторының мақсаты оқушыларды әскери өнермен ағарту болмақ, міне, сондықтан да мен бұл кітап әскери-ағартушылық сипаттағы шығарма деп ерекше көңіл аударуым сондықтан, менің Бектен оның кітабының роман емес, әскери ағартушылық құрал болуын талап етуім сондықтан еді. Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Мен үстіне сұр шинель киген солдаттарға арналып жазылған бір жақты әскери кітапты емес, ұлтты тәрбиелеу мақсатын көздейтін, яғни бірінші командир бұл ана және бірінші солдат — бұл құндақта жатқан нәресте, ата-ананың берген жақсы тәлім-тәрбиесі — жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеудің негізі болып табылатынын ашып көрсететін көпшілік оқырманға арналған кітапты талап етемін.

Менің түзету енгізуімнен кейін, егер Бек мені түсініп, ойымды көркемдеп жаза алған болса, онда повестің екінші бөлімі, Бектің маған оқуға ұсынған қолжазбасындай қырсыз, сылбыр болып шықпаса керек-ті, әрі мен екінші бөлімге сіздердің айтарлықтай қоятын кінәларыңыз бола қоймас деген сенімдемін.

Бектің жазылып жатқан трилогиясы программасының көптеген мәселелері бойынша біз сіздермен пікірлес бола аламыз ғой деген үміттемін, авторға соғыстың, ұрыстың проблематикалық мәселелерін шешуде кітаптың біртұтас әрі құнды болып шығуына, біздің сүйікті, жүрегі таза, көңілі құштар, бірақ аңғал отандастарымыздың сана-сезіміндегі арпалысты сол күйінде бере салмай, яғни шындықты үстірт баяндамай, терең бейнелеуіне көмектесуге Құдайым күш-қуат пен денсаулық берсін. Біздің әңгімелеріміздің ұсақ техникалық детальдарын сіздерге әділ етіп айтып беру Бекке тапсырылды. Біздің жазушылардың «жағымпаздану қызметі» туралы және тағдырдың тәлкегіне қалдырылған «қаһармандар» (көпшілік жағдайда ауыр жағдайға душар болып сөзсіз қазаға ұшырайтын) жөнінде, өмір дегеніміз — ұрыстағы қозғаушы күш екені хақында егжей-тегжейлі сіздерге айтып беруін сұрарсыздар. Қазіргі жазушылардың бойында жазылуы қиын дерт болып тұрған — қаһармандардың өлімін жаппай әдемі етіп көрсетушіліктің жалпы іске пайда келтірмек түгілі, үлкен зиян келтіретіндігі, оқырмандар мен әлем алдында үлкен жауынгерлік коллективтің-жауынгерлік серіктестіктің құрылымы мен ұйымының беделін түсіретіндігі жөнінде айтып беруін өтініңіздер.

Егер мен жазушы болсам, онда бұл әңгімеде кейіпкердің өлуіне жол бермес едім. Адам тірі қалу үшін барлық шараларды қолданып, жанталасады, арпалысады. Оқырман осы тақырыптың қызығына беріледі, ал оқиға кенет үзіліп қалады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий