Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шындық — суреткердің ұлы міндеті. Ұрыста шындықты табу оңай емес, ал оны жинақтау одан да қиынырақ. Бәлкім менің тарапымнан жазушыларға қойылып отырған талап шектен шыққан әділетсіздіктей көрінуі мүмкін, бірақ мен мұны заңды деп білемін.

Көпшіліктеріңіз Александр Бектің авторлығымен шыққан «Панфиловшылар алғы шепте» повесін оқыған боларсыздар. Бізге осы повесть жарыққа шығысымен-ақ, біздердің өзара қарым-қатынасымызға байланысты сұрақтар мүлде жауып кетті. Бұл сұрақты Москва мен

Алматыда әрбір кез келген жерде дерлік қойып отырды. Көпшілігі кітаптың жалғасын білгісі келеді.

Москва түбіндегі ұрыстарда мына оң жақтағы картада (Баукең ұрыс қимылдарының картасын жасаған — ауд.) көрсетілуіне байланысты кейбір мәселелер жөнінде мен сіздерді Бектің жазылып біткен және жазылып жатқан еңбектеріне сілтегім келеді, себебі менің Бекке айтып берген әңгімелерімнің бәрін сіздерге қайта айтып беруге мүмкіндігім жоқ.

Әзірше бірінші повесть қана жазылып бітті. Екінші повесті жақында ғана Москвада қарап шықтым, енді қолжазба күйінде үшінші рет өңделінбек.

Үшінші повесть әзір материал күйінде ғана, Москваға қайтып оралысымен, Бекке материалдарды толықтыру үшін шамамен екі аптаның ішінде көптеген мәселелерді айтып беруіме тура келеді.

Біздің кездесуіміз шын мәнінде қалай болса, Бек солай етіп суреттеген. Бек екеуміздің арамызда шамамен алғанда төмендегідей мазмұнда ауызша шарт жасалынды. Біздің бірлесе қызмет істеуімізде көзделінген мақсат — Панфилов дивизиясының Талғар полкі жауынгерлері мен офицерлеріне және генерал Панфиловқа әдеби ескерткіш жасау.

Біздер тек осы бір ғана тілекті басшылыққа алдық. Егер шығарма біздің бұл аясы тар мақсатымыздың шеңберінен шығып кететіндей болса және біздің бірлесе қызмет етуіміздің барысында қолдағы бар нақты материал базасынан ірі жинақтауға дейін (бар материал сөзсіз осындай тенденция көздейді) өсетін болса, онда біздер мен біздің достарымыз қатты қуанған болар еді деп ойлаймын. Әзірше болжау ертерек, болашақ көрсете жатар.

Мен Бектің өз қаламдастары арасында жазушы ретінде қаншалықты танымал екенін білмеймін, бірақ оқырман негізінен оны бүгінге дейін мүлдем дерлік білмейтінін білемін, қазірше ол — кәсіп жатынан өзінің жолдастары арасында атағы жоқ еңбекқор жанның бірі. Жазушылар одағы оған бронь беруден бас тартқан, сөйтіп ол солдатқа жіберілген көптің бірі еді. Ол маған әзірше адал кызмет етуші, орнықты адам, ақ ниетті стенограф әрі фотограф сияқты әсер қалдырады. Суреткер ретінде қазірше оны білмеймін. Талап талғамы бұзылған, жан дүниесі азғындаған өзі туралы жалған жоғары пікірдегі адаммен жұмыс істегеннен гөрі адал да кішіпейіл қол өнершімен істес болған әлдеқайда артық — осы қасиет мені онымен жақындастырды. Біздің еңбегімізде тәңірім күш-қуат пен денсаулық, риясыз әділ қарым-қатынас берсін, мен бірлесе, күш біріктіре, біздер бір- бірімізді толықтыра отырып, біртұтас, зерделі дүние жасай алмақпыз деген үміттемін.

Бектің аты шықпаған жазушы болмағаны мені мүлдем алаңдатпайтын себебі сондықтан.Біздер бір-бірімізге өз қабілеттеріміздің шегінде әділ көмектесеміз, мұның өзі бізге жоғарғы атақтың рухының орнын толтырады. Мен осылай ойлаймын.

Сіздердің алдарыңызда ілулі тұрған мына біздің дивизияның Москва түбінде жүргізген ұрыстарының картасы (картадан көрсетеді). Бұл карта графикалық документке жатады.

Александр Бек «Арпалыс» деген атпен ниет етіп жазып жатқан болашақ барлық үш повестің мазмұны осы картада көрсетілген.

Бек — кітаптың авторы, ал мен, менің қағаздарым, менің зердем, ақыл-ойым, толғаныстарым, мына алдарыңыздағы ілулі тұрған карта — кітап материалдары болмақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий