Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Панфилов тактикасының негізгі мақсаты — дұшпанның адам күшін жою. Ол шеп линиясын байыпсыз ұстап тұрмайтын. Иван Васильевич дұшпанның адам күшін жою тактикасын қолдану немістерді жеңіске жеткізе отырып, жеңіліске ұшыратуға алып келетінін, олардың жеңістерінің қойнауында олардың жеңілістерінің түп тамыры жатқанын түсінді.Бектің екінші повесінде шегіну ұрыс жүргізудің ең ауыр түрі болып табылатындығы айтылады. Өйткені ұрыстың түрлері өте көп, дұшпанды ойсырата шығынға ұшырата отырып шегіну де жеңіс болып табылады. Шегінгенде де, кейіннен жау шабуылға шыға алмайтындай етіп ептілікпен шегіну қажет, ал бізге дұшпанға қарсы соққы беретін күш болса болғаны. Басқа тақырыптарды таратыңқырап айтқан кезімізде біз әлі Иван Васильевичтің бейнесіне әлденеше рет оралатын боламыз. (Панфилов туралы өлеңді оқиды).Қолбасшыдан не пайда,

Қолдың құлқын білмесе.

Шенге мас боп семіріп,

Өзгені көзге ілмесе.

Ойламастан қол қамын,

Қамқорсыз тастап әр жанын,

Жігерді сүйтіп жерлесе,

Жау айласын аңғармай,

Салмақтап күшін болжамай,

Арам тер болып терлесе.

Ақылсыз атақ іздеген,

Мансапқорлық билеген,

Есеп білмес есірік,

Шел басып көзі көрмесе.

Приказ еттім орында,

Жарлығымды бұлжытпай,

Мен ғанамын мен десе,

Одан басқа сөзі жоқ,

Қиын жерде өзі жоқ,

Қатерсіз жерде ерсініп,

Қылышын босқа сермесе.

Қан сорғалар кезеңде,

Тастай түйіп қанатын,

Қолдауға өзі келмесе,

Жақындатып алысты,

Жалындатып намысты,

Ерлерге қуат бермесе.

Егер жеңіс болмаса,

Сүмірейіп сұрланып,

Тез айрылып ерліктен,

Қысылып жаны терлесе.

Бақырауық топас ми

Қолбасшыдан не пайда?

Қол басқару оңай ма,

Қолдың құлқын білмесе,

Тайғақ кешу тар жолда,

Серкедей бастап жүрмесе.

Ақылға салып айла істеп,

Көп ойланып толғанып,

Ақырын ойлап тұйықты,

Істе деп бұйрық бермесе,

Ақыл айтып үйретіп,

Ер ойына ой қосып,

Түсіндіріп мақсатқа,

Қол тамырын білмесең.

Көргенде сені солдаттар,

Медет етсе піріндей,

Аузыңнан шыққан жарлықты,

Орындай білсе ниетпен,

Ерлігіңнен үлгі алып,

Ақылыңды қадірлеп,

Әділ судья жомарт ер,

Күнәні кешпес қатал деп,

Мейірімді қамқор атам деп,

Сеніп саған тағдырын,

Қызмет етсе солдаттар,

Сондай батыр қолбасшы,

Ер ерлерін бастаған,

Қандай қиын болса да

Қауіпке қарсы мерт тұрып,

Жауапкерліктен қашпаған.

Алыстан сермеп жорықтан,

Жағдайды біліп толықтан,

Мың арыстан ел үшін,

Құз қиядан өткізіп,

Құрыш болаттай жандырып,

Қызмет үшін, халық үшін,

Неше азапқа көндіріп,

Пысықтырып ширатып,

Қаршығадай, қырандай,

Дұшпанға тиіп ұрандай,

Ту көтеріп майданда,

Ел намысын қорғаған,

Ер намысын қолға алған,

Қирата жойған дұшпанды,

Кідірместен бастаған.

Абыройға да, алға да,

Ерлердің ері қолбасшы,

Елдің ұлы қолбасшы,

Әскер көркі қолбасшы,

Жігіт келіп қолбасшы,

Қазынасы ақылдың,

Жетекшісі батырдың,

Арыстандай айбатты,

Қырық шілтендей келбетті,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий