Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егер сіз әдебиеттен ағылшындардың отары жапон және басқа да шетел әскерлері жөнінде оқып, таныс болсаңыз, онда климаттық және басқа да жағдайларды игеруге, бейімделуге оларға екі-үш жыл уақыт берілетінін білесіз, ал бізге небәрі бір ай ғана уақыт бөлінді.

Сондықтан да менің осыншалықты қысқа уақыт ішінде әскерлерге психологиялық және баскқа да ықпал ететін маңызды табиғи факторларды игеру, жеңу бірде-бір генералдың қолынан келген емес деп айтуыма әбден негіз бар.

Бұл Панфиловтың сіңірген екінші еңбегі болатын. Оның ұрыс кезіндегі жауынгерлік еңбегін кейінірек айтып беремін. Мен бір тарауды тастап кетемін.Генерал Иван Васильевич біртуар әскери ойшылдардың бірі болатын. Біртуар қолбасшы адам болу үшін өжет, батыл, тактика мен әскери стратегияда жаңашыл болу қажет. Ол әскери ойлауда артықшылыққа, басымдылыққа ие болды әрі өзінің дұшпанына қарағанда тактикалық жағынан әлдеқайда икемді болды. Өзі енгізген және бірсыпыра ауыр ұрыстарды жеңіспен аяқтауға көмектескен оның жаңашылдығы — бұл жұрт атап кеткендей Панфилов серіппесі болатын. Егер генерал Панфиловты сипаттауға талпыныс жасасақ, онда шамамен былай кескіндеген болар едік: ол парасатты генерал ақылгөй генерал, нақты есеп жүргізе білетін генерал, сабырлы генерал, табанды да қайсар генерал, мақсатты генерал болды. Иван Васильевич шынайы орыс еді, ол өз халқының өткен шағы мен қазіргісін, болашағын жақсы білетін. Сонымен қатар ол нағыз интернационалист еді, осындай қасиетінің арқасында ол әртүрлі ұлттардан тату әскери құрам ұйымдастыра алды.

Парасатты генерал... ол шын мәнінде парасатты генерал, ақылгөй генерал, әйтеуір бір картотеканы есептейтін емес, нақты есептің генералы болды, ол қатал, әбден ойланып барып шешім жасайтын қатал генерал болды, ол табанды генерал, мақсатты генерал болды. Міне, генерал Панфиловтың басты қасиеттері — осылар. Егер де жазушылардың арасынан ол жөнінде бір нәрсе жазғысы келетін адам болса, онда Панфиловтың осы қасиеттерін ескерсін. Генерал Панфилов туралы өте көп әңгіме айтып беруге болар еді, алайда қазір мен отан қысқа ғана мінездеме беріп отырмын.

Панфилов жаңашылдығы неде болды? Бұрын біздер белгілі дәрежеде линиялық тактиканы ұстанатынбыз, ал ол алғашқылардың бірі болып Москва түбіндегі ұрыстардың ерекшеліктерін көре білді. Бұл маневрлі қорғаныс жағдайында тас жолдар үшін, басты бағыттар үшін жүргізілген ұрыстар болатын. Ол артына қашуға жол іздеу үшін емес, шабуыл жасау үшін бұрылатын. Әдетте адамдар артына қашу үшін жалтақтап қарайды емес пе, ал Иван Васильевич артына шабуыл жасау үшін, алдыңғы жақта қандай қарекет жасалып жатқанын білу үшін қарайтын. Ол шегінуге еш уақытта кеш болмайды деп жиі қайталайтын, яғни бұнысымен ол қоршаудың қауіптілігін ескеретін. Алғашында біз қоршаудан қатты қорықтық, бүл жөнінде де кейінірек әңгімелеп беремін. Оның шешімінше, біздер «сылбырлау», «асыққан тәріздіміз». «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген мақал да бар той.

Айырылып қалған шепті қайтадан алуға болады, бірақ айырылған адамдарды қайтара алмайсың. Осындай ой-пікірді, ұмытпасам, фельдмаршал Кутузов та айтқан, ол «Москвадан айырылу - бұл Россиядан айырылу емес» деген. Ол дұшпанның күшін жоя отырып, адам күшін — біздің солдаттарды сақтап қалуға тырысты.

Панфилов алдыңғы қатарлы орыс әскери ойшылдары мұрагерлерінің бірі болды.

Панфилов Панфилов ретінде тарихымызда қалады, оны кутузовшыларға, суворовшыларға жатқызу керек. Егер шепті үлкен шығын шығарып қорғау қажеттігі болмаса, онда Панфилов оны жауға беруден қорықпады, бір-ақ шепті бергенде де дұшпанды әбден титықтатып, шығынға ұшыратып барып беретін. Оның қағидасы — ұрыссыз шегінбе болатын.

Бірде оның бізге келіп, менің баяндауымды тыңдап: «Момышұлы, немістер мына село үшін ең кемі бір жарым полкын жер жастандыратын болсын»,— дегені есімде.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий