Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

4. Уақытты есептеу — бұйрықты орындау үшін қанша уақыт қажет. Есеп бес минуттың ішінде мынаны істей сал дейтіндей емес, нақты болғаны дұрыс. Бұл міндетті орындау кімге тапсырылады? Кез келген адамға бұйрықты орындауды тапсыруға болмайды. Бұйрықтың орындалуы адамдардың тағдырын шешетініне, бұл адамның бұйрықты орындап шығатынына, оған бұйрықты тапсыруға болатынына көз жеткізгеннен кейін барып қана тапсыруға болады. Әрбір қарамағындағы жауынгер кез келген бұйрықты орындауға қабілетті емес. Қол қоя салатын, жедел құртып жіберер Фамусов әдісімен бұйрық бермеу керек. Командир Фамусовтың еліктеушісі болмауға керек.

5. Бұйрық орындаушыларға жетерліктей дәл, түсінікті түрде берілді ме? Жатталған кеңсе тілімен «тап солай» деп келетін жауапқа сене бермегін.

6. Сондай-ақ бұйрықтың орындалуының әдіс-тәсілі де ойластырылуы қажет.

Келесі пунктіміз — бақылау. Бұйрықтың орындалуын, оның бұрмаланып кетпесін немесе ойлағандай етіп жүзеге асырылуын міндетті түрде тексеру керек. Өйткені ұрыс кезінде барлық нәрсе ойлағандай болып шыға бермейді. Сондықтан бұйрықты бере отырып, оның орындалуын көре, оны түзете білген жөн, сонда ғана оның нағыз бұйрық болғаны, ал егер бұйрықтың орындалатын пункттері сақталынбаса не ойластырылмаған болса, онда бос далбаса болғаны.Менің тәжірибемде командирлердің бұйрықты ойланбай берген жағдайлары ұшырасты, демек мұндай бұйрық барлық кезде орындала бермейді, тәртіп бойынша бұйрықты орындамағандығы үшін қарамағындағы солдат жазаланады, ал мен болсам мұндай жағдайда солдатты емес, бұйрық берген командирді жазалайтынмын.

Командир өз бөлімшесі мен өз бөліміндегі солдаттардың сүйіспеншілігіне бөлене білгені жөн. Солдат болса, командирін жақсы көріп, оны көрген кезде одан именіп тұруға, құрмет көрсетіп, қауіп-қатерден қорғап қалуға тиіс. Қара қылды қақ жарар әділ командирдің қаталдығы жауынгерлер арасында танымал болуына негіз болады. Бұйрық әбден ойластырылған болуы керек. Солдатты тек істеген ісі үшін оның адамгершілік абыройына тіл тигізбей, тимей жазалау қажет, мұндай жазалау зұлымдыққа жол бермейді және командирдің атақ-беделіне, абыройына да нұқсан келтірмейді, солдат әділ жазалауға төзеді. Әділетсіздік ашу-ыза туғызады, бұқара көпшілік оған төзе алмайды. Әділ командир артына жалтақтамаса керек. Өз жауынгерлерінен сескенушілік, қорқушылық - бұл барып тұрған бақытсыздық, сорлылық, өз адамдарыңнан қорықпау үшін әділ болған жөн.

Командирдің қамқорлық жасауы неден көрінеді? Рас, оның қолында жемшөп те, жабдықтар да, киім-кешектер де бар, бірақ оның басты қамқорлық жасайтын мәселесі — қару-жарақты және өзіне сеніп тапсырылған адамдарды сақтау. Ал қалған қамқорлық жасайтын мәселелер —- адамдарды сақтауға қатысты жасалынады.

Командир солдатқа өнегелілігімен ықпал жасай білгені жөн, ал жауынгердің көңілін тауып, қарапайым да ұғынықты тілмен сөйлесе, оның жүрегіне жол таба білгені жақсы.

Ал солдаттың жүрегіне жол табу оңай емес. Командирді қарамағындағы жауынгерлер барлық уақытта, барлық кезде және барлық жағынан да үлгі-өнеге тұтатын болсын; сонда ғана ол әділ түрде өзінің әскери мундиріне, шен-шекпеніне мақтана алмақ. Сонда ғана командирдің иығындағы погоны мен омырауына тағылған жарқыраған ордендері солдаттардың көзіне жағымсыз көрінбей, қайта күн сәулесіндей жарқ-жұрқ етіп ерекше әсер етпек. Солдат мұндай командирді құрметтеп, мақтан етеді. Командир жақсы, атақты, беделді болса, солдаттарға да ұнамды, сүйкімді. Жақсы да емес, көп атағы шықпаған командирдің солдаттарға да онша сүйкімі бола бермейді.

Командир байқағыш, көргенін қалт жібермейтін қырағы, психолог, жауынгердің жан жүйесіне үңіле алатын қабілетті басшы болуға тиіс, солдаттармен жақсы қарым-қатынаста болуға, олардың ішкі жан дүниесін түсінуге ақыл-оймен ғана қол жеткізбей, таза ақ жарқын көңілмен және солдаттардың иығына түскен ауыр жүкті бөлісе білуімен де қол жеткізіледі. Қарым-қатынаста өзін тым жоғары ұстаушылық солдаттардың намысына тиеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий