Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол тіпті қай жерде болғанын да айтып бере алмайтын. Оның картаның масштабы жөнінде түсінігі жоқ еді, ол құбыланама (компас) бойынша бағыт-бағдарды мүлдем айыра алмайтын. О л тапсырмаларды орындап, дұшпанды жоятын, бірақ өзі қай жерде болғанын картадан тауып көрсете білмейтін (картадан Ригадан Холмға дейінгі аралықты шарлап дал болатын). Ол бүл тапсырманы қабілетіне қарай барлық жан-тәнімен орындап шықты, ал мен отан топографияны білмейсің деп, құбыланама бойынша ғана емес, сонымен бірге жұлдыздарға қарап та бөлімді алып шыға алмадың деп айып таға алмадым. Сондықтан мен былай деп айттым: «Егер ол жөні түзу аға лейтенант болса, онда тәртіпті батальонға жіберуді қажет етеді, ал ол дәл осы қалпындағыдай болса, онда ол ержүректілігі үшін солдат ретінде өзінің жасаған ерлігі үшін наградаға ұсынылуға лайықты».

Командир солдаттың ар-ожданына ықпал ете, оны игілікті істерге құлшындыра алуға, жауынгерлерге үйретіп және қарамағындағылардан үйрене де білуге тиіс. Мұны ерекше айтып отырған себебім — көптеген бастықтар, тек қана әскери адамдар тана емес, бәлкім қарапайым, әскери емес адамдар да көпшіліктен үйренуді өзіне ар санайды. Командирге өзінің бөлімшесі оның академиясы болып саналады. Менің бөлімшем, менің полкым менің академиям болды. Қалың солдат та — әбден қалыптасқан халық. Солдат сөздің орайын тауып сөйлейді, оны тыңдай білген жөн, оны үйретіп қана қоймай, сонымен бірге одан үйрене де білу керек. Бүгінгі күннің сәтсіз тәжірибесі командир үшін ертеңгі күнгі сәтті істің хабаршысы болуға тиіс, яғни егер сіздер бүгін жеңіліске ұшырасасыңдар, онда келесі жолы қателікті қайталамас үшін себеп-салдарын іздеңіздер, анықтаңыздар. Бұлмәселеге А. Бектің жазып жатқан повесінің екінші бөлімінде тұтас бір тарау арналады.

Сәтті аяқталған ұрыстан кейін де жағдайды тексеріп талдау керек. Командир өзінің қарамағындағы жауынгерлерді: «Өлімге асықпай, ұрыс жүргізуді үйрен», «Ұрыс жүргізе жүріп үйрен, шыңдала, әрі батылдана түс» деген қағиданы ұстанып тәрбиелеуі қажет. Бұл да басқа бір тақырып, оған повестің үшінші және төртінші тараулары арналады. Осындай парасаттылыққа, осындай сезімге командир өзінің қарамағындағыларды тәрбиелеуге тиіс.

Ұрыста жеке үлгі-өнеге көрсету. Бұл мәселе жөнінде басқаларда ғана емес, сондай-ақ бізде, әскери адамдар арасында да әртүрлі көзқарастар бар, соның салдарынан біздер өзіміздің көптеген кадрларымыздан айырылып қалдық. Бұл бұған дейінгі барлық соғыстарда да болған жай.

Мен командирдің міндеті — өлу емес, алдына қойған жауынгерлік тапсырманы орындау деп жоғарыда айтқан едім. Біздер соғыстың бас кезінде орынсыз шығынға жол бердік.

Жеке үлгі-өнеге көрсету дегеніміз не? Бұл жауынгерлер мен бөлімшелерді басқару мен оларға ықпал ету құралы болып табылады. Жеке үлгі-өнеге «мен істегендей етіп істе» дегенге үндейді, шақырады. Бұған төмендегідей қорытынды жасайық: жеке үлгі-өнеге ұрыста басқару құралы болып табылады, әрі ол шын мәнінде қажетті жағдайда қолданылғанда ғана ақтап алынады. Жеке үлгі-өнеге жауынгерлердің көз алдында жасалатындықтан, оларды қызықтырып, қалай да қалғандарды ерлік көрсетуге өзінің соңынан еліктіріп алып кететіндей болады. Сенің жеке үлгі-өнегеңді жұрттың бәрі де көруге тиіс, сөйтіп «Батыр — батыр емес, бастаған батыр» немесе орыстардың айтатынындай: «Инициатива — батылдыққа жол бастар» деген қағиданы дәлелдей түседі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий