Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Командир — әскердің миы, ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске жеткізуші тұлға. Командир туралы жазып немесе әңгіме айтып тұрған кезімде, мен командирдің творчество адамы екенін дәлелдегім келеді. Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді, композиторларды творчестволық еңбектің адамдары деп есептейміз, алайда біздер айтып жүргендеріміздей, ұрыс пен соғыс ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де ғой, онда неліктен бұл өнерді ұйымдастырушы да жасампаз адам болып саналмайды, неліктен біз оны творчестволық адам деп санамаймыз? Шын мәнінде командир — бұл творчестволық еңбектің адамы.

Командирдің ерлігі — оның парасаттылығына, сенімді қайтпас ерік-жігеріне байланысты.

Ерік дегеніміз не? Біз оған кейінірек тағы да тоқталамыз. Командирдің көптеген қыруар жұмыстарының ішіндегі ең бастысы: ойлау, ойлау және ойлау болып табылады. Офицер соншама қоян-қолтық ұрыстың солдаты болмағанымен, ақыл-парасаттың солдаты бола білген жөн. Қазақ халқының мақалы: «Білекпен бірді, ақылмен мыңды жығасың»,— дейді.

Командирдің ұрысқа дейінгі негізгі міндеті — өзінің қарамағындағы жауынгерлерді ерлікке тәрбиелеу, командирдің ұрыс кезіндегі міндеті - өлу емес, қол астындағылардың бәрін жағдайға қарай үнемдеп жұмсап, нақты күш пен мүмкіндіктерді, алға қойылған жауынгерлік тапсырманы орындап шығу.

Командирдің іс-әрекеті барлық уақытта: қызмет жағдайына байланысты қажеттілікті, жалпы мақсатқа лайықтылықты (өз бөлімінің немесе бөлімшелерінің пайдасы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар басқа да бөлімдерге де пайдалы тұрғыдан), жеке мүдделікті (мен қызметке байланысты мүдделікті айтып отырмын), ұштастыра отырып, белгілі біртәртіпке бағынуға тиіс. Егер командир қандай да бір тапсырманы жүзеге асыруға мүдделі болмаса, онда бұл шаруаны өзінің бар жан-тәнімен істемейді.

Командир бір жақты, берекесіз, ұстамсыз адам болмауға тиіс, ол қызметтік намысқорлық пен менмендіктің не екенін терең түсіне білуі керек, ол қызметтік өзімшілдікті жеке бастың тоғышарлығынан ажырата білуі қажет. Оның жарағында қару-жарақпен бірге өзінің шынайылығымен, шын көңілден шыққан қарапайымдылығымен солдаттың жан дүниесін баурайтын, оған әсер ететін қарапайым жауынгерлік сөз болуға тиіс. Қазақ халқының: «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деген мақалын еске алыңыздаршы.

Қарапайымдылық екі жақты мән-мағына береді: қарапайым деген сөз бір жағынан — тереңдікті, екінші жағынан — бос, қуыс деген ұтымды, басқаша айтқанда қарапайым әрі ақылды немесе қарапайым әрі ақымақ дегенді білдіреді. Мен бұл жерде қарапайымды терең деген мағынада қолданып тұрмын.

Командир жалпының мүддесінен тыс жеке мүддені қорғамай, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне білгені жөн. Командир ессіз батыл да, парасатты батылсыз болмауға тиіс, бір жақтылық — офицердің міні, кемшілігі. Командир бұл қасиеттерді үйлестіре білгені жөн. Ол өзінің жеке басының жақсы жақтарына сын көзімен қарауы керек. Ол ерге ебедейсіз отырғызылып, азаптанып, шайқақтаған тұлып сияқты емес, мықтап отырған кәнігі шабандоз сияқты болғаны жөн.

Сіздер, бәлкім, Бектің бірінші повесін оқығанда, ондағы «Лысанька ат» деген тарау естеріңізде болар. Москвада: «Адамды жылқымен қалай салыстыруға болады?» дейтін данышпандар табылды. Бір редактор бұл тарауды басуға жібермей алып қалса, екінші бір «данышпан» (Балалар баспасының редакторы) мүлдем лақтырып тастаған. Командир жауынгерге, оның адамгершілігін кемітпей, аласартпай, кайта сезіміне, ар-ожданына, психикасына әсер ете отырып, барлық ықпал ететін шараларды шебер қолдана білгені жөн, ал мұның өзі тұтас бір өнер болып табылады, бұл өнерді игеруге кез келген парасатты ойлай білетін командир ұмтылуға тиіс. Солдат оның басты назарында тұруға тиіс, жауынгердің үнемі мұқтажын, солдаттың жан сырын білгені жөн. Мен мұқтаждық, қажеттілік туралы айтқан кезімде, тағамды, материалдық жақты меңзеп отырған жоқпын, адамның жан дүниесін — адаммен тіл таба білушілікті айтып отырмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий