Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Демек, командир ақыл-оймен — тәртіпті, табанды, жүйелі әрі мақсатты түрде жұмыс істей білгені мақұл. Соғыстың қайғы-қасіретті сәттері командирден кез келген бағынбаушылық пен тәртіпсіздікке, жөнсіздікке қатал да аяусыз болуды талап етеді. Қаталдық кінәлі адамды, егер ол жазаланатындай қылмыс жасаған болса, жалтақтамай өлім жазасына дейін жеткізуге тиіс. Бұл ақылға сыймайтын іс емес, ең гуманистік және ең адамгершілік шешім, мүмкін емес нәрсені бүлдірген - қорқақтық немесе опасыздық жасаған адамның маңдайынан сипап қоя бермейтін болар. Қостай берушілік — әлсіздік.

Өзің мерт болғаныңнан гөрі, өлтіру қиынырақ. Өздеріміздің арамыздан шыққан қорқақ немесе опасызды ату — бұл тым өте ауыр, командирдің — адамның ішкі дүниесінде сұмдық арпалыс тудыратын жағдай, өйткені командир жансыз, картон адам емес қой. Ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе отырып, адамды ату керек деген қорытынды жасайды — бұл жүзеге асыруда ержүректілікті қажет ететін ең бір қайғылы сәт болып табылады.

Командирдің қаталдығы мен талап қоюшылығы байыпталған, ойланып істелген болуы керек, ал кез келген құрғақ ақыл айтушылық, айқай — қаталдық емес, есерсоқтық.

Қаталдық пен талап қоюшылық азаматтық жүріс-тұрыс нормаларынан, әскери әдептен шығып кетпейтіндей, солдаттың адамгершілігін кемсітпейтіндей әділ болғаны жөн.

Сонымен, командир солдаттарды тәрбиелеуші болып табылады екен, ол ашумен емес, ақылмен оқыт деген қағиданы берік ұстануға тиіс. Бұл қағиданы еріксіз қабылдатқан ненәрсе? Ашумен үйрететін адамдар да кездесіп қалады. Егер жауынгердің ісінің бәрі орны- орнында болмаса, оған айқайлай бастайды, тіл тигізеді. Рас, кейде ойлаған нәрсеге айқайсыз қол жеткізе алмайсың, бірақ та мұның бәрін ойластырып істеген орынды. Міне, осыдан келіп ашумен емес, ақылмен үйрету керек деген өмір қорытындысы келіп шығады.

Әрбіp солдат өзінің ыждағаттанып, тырмысып істеген ісіне көңіл бөліп, жылы лебіз білдіргенді күтеді. Солдат дегеніміз кім? Солдатқа ешқандай да демократиялық право берілмеген, бұл жерде әмір етуші мен мойынсұнушы бар. Егер мойынсұнушы адам парызын, бұйрықты орындауға тырысса, осыған байланысты онда орындаған бұйрығы үшін әрбір солдат жылы лебіз күтеді. Демек, командир жөн-жосықсыз мақтама және кінәсіз даттама деген қағиданы ұстанғаны жөн. Бұл қағида қайдан шығып отыр? Егер адамды мақтасаң, демек, ол атақ-даңққа ие бола бастайды, бірақ атақ-даңқ барып тұрған ақымақ болуға итереді, ол атақ-даңқты көтере алмай, ақымақтана, есіре түседі, бұл — адамның жағымсыз көлеңкелі жаты. Ал ақылдылар үшін атақ-даңқ — бұл зіл батпан ауыр жүк.

Егер адам белгілі, танымал бола бастаса, демек ол образға, өзінің жеке «мені» енді өзіне тән болмайтын адамға айнала бастайды. Барлық назарды ол парызға аударуға тиіс, ал жеке басының мәселесі ол үшін белгілі дәрежеде ысырыла бастайды. Билік те қауіпті.

Егер билік ақылды адамның қолына берілген болса — онда ақылды басшыға, ал егер ақымаққа берілген болса, онда есерсоққа айналады. Бұл, әсіресе, соғыста қауіпті.

Мынандай бір оқиға болған еді, бір аға лейтенант дұшпанның тылында қимыл жүргізе отырып, ішінара тапсырмалар орындап тұрды. Оның фамилиясы Малярчук, ал оны жолдастары лақап етіп «зробила» деп атап кетті, себебі ол мәлімет беріп жатып былай дейтін еді: «Зробилы три блиндажив». Тапсырманы ол орындауын орындап шықты, алайда өзінің бөлімшесінің жартысын жау тылында қалдырып оралды. Олардың бір бөлігі кейіннен партизандарға барып қосылды. Солдат ретінде ол ерлік, ал командир ретінде қылмыс жасады. Бірақ та бұл лейтенант ақыл-ойы аса жетік адам емес-ті, сонда да болса оны «Ерлігі үшін» медалімен наградтадық. Егер ол нағыз офицер болған болса, мен, әрине, оны айып батальонына жіберер едім, ал ол «Зробила» болғандықтан, оны мен кешірдім. Біздің «Зробила» нашар лейтенант болды. Ол тіпті топографияны да білмейтін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий