Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қызмет барысында қарамағындағыларға әлсіз түрде берілген командадай ешнәрсе де зиянды бола қоймас. Команда (бұйрық) қалай берілген болса, солай орындалады да. Жай, дауысты болар-болмас қана көтеріп берілген бұйрық бір бөлек те, адамды орнынан қозғалтып жіберетін әмірлі үнмен берілген бұйрық бір басқа, мұндай бұйрық дәл, нақты орындалады. Сенімсіздеу үнмен әлсіз түрде берілген команда мен жарлық ешқандай дерлік нәтиже бермейді. Мен команда берген кезімде, менің командам, менің бұйрығым жауынгердің сана-сезіміне қаншалықты дәрежеде жеткенін әрі бұйрықтың қалай орындалатынын білу, сезіну үшін солдаттың көз жанарына қарайтынмын. Солдаттың көз жанарынан мен оның команданы қалай — жай тана ма немесе қызу құлшыныспен не талпыныспен орындай ма соны ұғатынмын.

Менің айтқандарымды «оңға» не «солға» деп берілген бұйрық сияқты түсінбеңіздер. Мен бүл сөзді кең мағынада алып отырмын. Ұрыс кезіндегі бүкіл табыс командирдің өзі-өзіне сенімділігіне байланысты, дегенмен бұйрық бермес бұрын командирдің өзі бұйрықты терең ойланып, оның қаншалықты қажет екенін жан-жақты зерделеп алғаны жөн.

Қарамағындағы жауынгердің алған бұйрықты орындау кезіндегі командирдің ерік- жігерінің қайтпастығына көзі жетуге тиіс. Армияда әмір ету үшін, ең алдымен, өзің ақыл- парасатқа жүгіне және қызмет талаптарына мойынсұна білуің керек.

Командирдің ойланбай айтқан сөзі кейде полкке тым қымбатқа түседі. Мына мен полковникпін, полк командирімін, «дабыл» деп айқай салу маған неге тұрады, ал шындығында содан кейін-ақ мыңнан астам адам, арбалы керуен, аттар, артиллерия орнынан қозғала жөнелмей ме...

Менің қарамағымда бір батальон командирі болған еді. Сол жөнінде айта кетейін.

Жауынгерлер награда алғанның алдында ғана қолбасшы келіп кеткен еді. Басқалармен бірге бірі ақылды, екіншісі жеңіл ойлы екі комбат наградталды. Кешкі тамақ үстінде жеңіл ойлы комбат қуанышына ішіңкірейді. Оның тым жақсы қызып қалғанын байқап қалып, мен бөлімшесіне қайтуға бұйырдым. Өзінің бөлімшесіне келіп, ол өзінің батальонының жауынгерлік әзірлігін тексергісі келеді. Ол жалғыз-ақ «Дабыл» деген сөзді айтып еді, бәріде — адамдар да, аттар да, арбалы керуендер де абыр-сабыр болып, қозғала бастады...

Жүздеген адам әзірлікке кіріседі, ал командир болса... жатқан күйі ұйықтап кетеді.

Батальон жолға даяр болған кезде — бұл таңғы сағат төрт шамасында (солдат ұйқысының ең бір тәтті кезінде) оны түртіп оятады. Ол ұйқылы-ояу «тым ұзақ жиналасыңдар» деп міңгірлеген күйі қайта ұйықтап кетеді.

Мен оны батальон командирі қызметінен (ол командир бұйрығының күшін түсіне алмады, демек командирлік ете алмаған) босаттым. Келесі күні мен батальонға демалыс беруге мәжбүр болдым. Демек ойланбай айтылған бір сөзің өзі әскери қызметке үлкен зиян тигізеді.

Мұның бәрін есептей отырып, бұйрыққа төмендегідей талап қойылады: бұйрық барлық кезде терең ойланып, толғанып барып берілуге тиіс. Егер адамның ақымақтық жасаған ісінен өзінің ғана басы кетсе мейлі, ал егер де оның есалаңдығынан жүздеген адам қазаға ұшыраса, онда бұл қылмыс болғаны, кейде осының зардабынан көптеген жазықсыз адамдар қайғылы жағдайға, тағдыр тәлкегіне ұшырайды.

Сонымен бұйрыққа қойылатын талаптарды айтып өтейін:

1. Команда немесе бұйрық дегеніміз — командирдің ерік-жігерінің көрінісі, оның жасаған шешімінің қорытындысы. Басқа емес, тап осындай бұйрық беруге қаншалықты қызметтік міндет талап ететінін түсіне білу керек. Бұл бұйрықты жүзеге асыруға керекті нәрсенің бәрі бірдей бар ма, соны білген жөн.

2. Бұл бұйрықты, осындай жағдайда орындап шығуға бола ма? Командир бұйрық берер, шешім қабылдар алдында ойланып толғанып алатын басты мәселе, міне, осы болмақ.

3. Бұйрықты орындауға қажетті күшпен және құралдармен қамтамасыз етілді ме, жоқ па, соны анықтап алу қажет.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий