Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Субординация, яғни кіші қызметкерлердің өзінен жоғары қызметкерлерге бағынуы деген ұғым бар. Бұл ұғым екі түрлі мағынаны білдіреді: шен-шекпені, әскери атағы жоғары адам өзінен атақ дәрежесі, шен-шекпені төмен адамға кекірейіп, менсінбей қарамай, өзінің қанды көйлек қарулас жолдасы, отандасы, ер азамат, адам ретінде қарап, оның барлық жақсы қасиеттерін сыйлауға тиіс, әскери тәрбиелілік пен офицердің өзін-өзі ұстау мәдениетінің мәні де осында.

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен шығатын қорытынды: командир творчестволық ақыл- ой мен іс-әрекеттің адамы болуға тиіс, оның офицерлік абыройы мен намысы да осыған байланысты. Офицер жөнінде әңгіменің соңында тағы да қосымша тоқталармын, ал әзірше осыменен шектелмекпін.

ГЕНЕРАЛ ИВАН ВАСИЛЬЕВИЧ ПАНФИЛОВ

Панфилов туралы көп жазылып, көп айтылып жүр, бірақ әлі жеткізе айта алған жоқпыз, неврологиялық жаттанды пікірдің аясынан шыға алмай жүрміз, яғни ол жөнінде жазылған шығармаларда генералдың бейнесі жасалына қойған жоқ. Сондықтан да мен Иван

Васильевич Панфиловтың бейнесінің А. Бектің повесінде кеңірек көрсетілуіне күш салуға мәжбүр болдым.

Генерал Панфиловтың ерлігінің мәні неде еді және оның өзі командир ретінде, адам ретінде қандай жан болған? Бұл жөнінде әлі ешкім де ауыз толтырып айта алған жоқ. Мен сіздерге жазылып жатқан повестің рет тәртібін қысқаша баяндап өтпекпін. Үшінші повесть материалының 40-50 проценті генерал Панфиловтың бейнесін жасауға арналады, тағдыр жазса, онымен кейін таныса жатарсыздар.

Бірінші повесте Иван Васильевич Панфилов ұрысты ұйымдастырушы тұлға ретінде көрсетіледі. Өздеріңізге мәлім, Иван Васильевичке соғыстың бас кезінде Алматы қаласында Қазақстанның ұлдарынан 316-атқыштар дивизиясын құру тапсырылған болатын. Оның құрамы басшы құрамды қоспағанда, арнайы әскери даярлықтан өткен кадрлардан емес, жұмысшы, колхозшы жігіттерден тұрады. Ал дивизия әртүрлі құрамнан жасақталады. Оның қатарына бухгалтерлер мен мұғалімдер, сауаты жоқ адамдар, ғылым кандидаты да шақырылды. Қатардағы құрамда жұмысшыдан бастап халық комиссарына дейін болды. Бұлар 36 ұлттың өкілдерінен құралды. Бейбіт уақытта жас жігіттер әдетте екі жылдық әскери қызметке шақырылып, өз міндетін өтейді. Осы уақыттың ішінде оларға қажетті әскери тәрбие беріліп, олардың бойына жауынгерлік қасиет егілетін.

Жауынгерлерге нағыз солдатқа тән қасиетті тәрбиелеу үшін көп уақыт қажет болады. Ал бізге мұның бәріне небәрі екі-ақ ай уақыт беріліп, ұрысқа аттандырды.

Тарихта бірде-бір генерал мұндай толық әскери даярлықтан өтпеген, жаңадан шақырылған әртүрлі кұраммен соғысқа қатысқан емес. 316-атқыштар дивизиясы сияқты жауынгерлік құраманы ұйымдастыру — бұл үлкен іс. Взводты ұйымдастырудың өзі оңай емес, ал мұндай жоғары тактикалық мақсаты бар жауынгерлік құраманы ұрыс жүргізуге даярлау, әзірлеу — кез келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Сонымен, генерал Иван Васильевичтің ең алғашқы сіңірген еңбегі оның ұйымдастыра білушілік қабілетінен көрінді. Ол жөнінде қалам тартып жүрген жазушылар Панфиловтың осы алғашқы сіңірген еңбегін жазса екен деймін.

Дивизия бұрын ойы-қыры беймәлім жерге келіп жетті. Түз тұрғындары бұрын ешқашан көрмеген ну орманның іші мен батпақты жерге табан тіреді. Мұны жергілікті жердің психологиясы, климаттық жағдайдың психологиясы және т.б. деп атауға болады.

Алғашқы кездерде Иван Васильевич: «Біз түз халқымыз, бізге орманның ішімен жүруді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар осындай жағдайда ұрыс жүргізе білуге дағдылануымыз керек, ал уақыт болса тапшы, асыға түсу қажет...»— дейтін.

Міне, қысқа уақыт ішінде, небәрі бір-ақ айда, ол педагог әрі командир ретінде өзінің жауынгерлік құрамын орманның ішімен жүруге де, сондай-ақ соғыса білуге де үйретті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий