Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ауыр мінез салмақты,

Болып ед біздің қолбасшы.

Қолбасшы болсаң сондай бол,

Жосылып жатқан жолдай бол,

Қайрат етер мезгілде

Жүк көтерген нардай бол.

Ақыл айтар мезгілде

Мың жасаған шалдай бол.

Қатал болар мезгілде

Жарқыраған жайдай бол,

Мейірім түсер мезгілде

Ағарып атар таңдай бол.

Жауды бөгер кезінде

Көлденең жатқан ордай бол.

Жауға төнер мезгілде

Басатын ауыр сордай бол.

Сенсің қолың баладай,

Сүйсін сені анадай,

Отқа түссең, бір түссін,

Өлемін деп қарамай.

Суға түссең, бір түссін,

Шыбын жанын аямай.

Майданға бірін кіргізбе,

Біреуін мыңға баламай.

Қолым бар деп ойлама,

Миллионға мыңын санамай,

Кешегі өткен Панфилов

Қолбасшы еді осындай,

Заманға туған данадай.

Берекенің кеткені

Түбіңе сенің жеткені,

Сөнген қолың серпіліп,

Тоғытылып бөгелсе,

Тоғысуға жарамай.

Мен кім едім, мен едім,

Мен де мыңның бірі едім,

Қызықпай баққа, атаққа,

Адал еңбек құлы едім.

Қызмет еткен халыққа,

Ақ ниет мыңның бірі едім,

Атақсыз солдат бірі едім.

Ата аруағы қолдады,

Адал еңбек еткен соң,

Панфиловтан бата алып,

Артыма ерді мың солдат,

Тағдырын маған тапсырып,

Рузаға жеткен соң,

Ел ұлдары мың солдат,

Белуардан қан кешіп,

Сынға түсті бекетіп,

Отқа түсіп, су кешіп,

Жүзден аса соғыста

Бес-алты рет қоршауда,

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда халық үшін,

Намыс туын көтердік.

Қауіпке қарсы бел байлап,

Бес рет күшті фашиспен,

Жағаласа алысып,

Айқаскан жерде қарысып,

Табан тірей күрестік,

Халық үшін қан төгіп,

Қимылдады мың батыр,

Ата аруағы медет боп,

Мыңға татып бір батыр,

Ата мекен жері үшін,

Қасиетті ел үшін

Болмай қалар кім батыр.

Әзіз ата, ақсақал

Құл болмасын қорлықта,

Алпыстағы қарт ана,

Теңерген жанға жан жарым,

Бота көз сұлу қарындас,

Күң болмасын зорлықта.

Деген намыс ойдағы,

Жасады мыңнан шын батыр.

Тірескеннің тізесін

Бүктіріп талай майданда,

Белдескеннің белдерін

Сындырып қан майданда.

Жағаласқан жендеттің

Жаһаннамға тапсырып,

Жанын салып дозаққа,

Сескенбестен семсерден,

Шегінбестен ажалдан,

Қан соққы бердік хайуанға.

Серігім, досым мың солдат,

Талмаушы еді талықсып,

Жосылтып жауды айдауға,

Қазығына елімнің

Қарыстырып байлауға.

Кімдер деп солар сұрасаң,

Міне, айтатын жауабым –

Көре бер өзің қатардан

Гауһардан соққан асыл тас.

Қайнап біткен құрыш болат,

Аққұба сары тегі орыс,

Ежелден ер боп аталған,

Қараторы мөлдір көз,

Тегі қазақ атамнан,

Алатаудың сұңқары,

Атасынан бата алған,

Қырғыз, өзбек, түрікпен,

Бостандықпен туысып,

Ел қорғауға біріккен,

Бас тартпаған сапардан

Қазақстан ұлдары,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий