Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Демек, Бектің кітабы сөздің толық мағынасында алғанда көркем шығарма емес, әскери- ағартушылық көркем шығарма етіп жазылмақ. Кітаптың жауапкершілігін Бек сөзсіз өз мойнына алады, бірақ ол әскери адам болмағандықтан, соғыстың көптеген мәселелерін тиісті дәрежеде талдай алмайды, білмейді, өз кезегінде мен, барлық материалдардың авторы ретінде кітаптың дұрыс жазылу жауапкершілігін панфиловшылардың рухы алдында, тарих пен замандастарымның алдында өз мойныма аламын, барлық әскери және әскери- психологиялық мәселелердің дұрыс түсіндірілуі жауапкершілігін өз мойныма аламын.

Қысқасын айтқанда, Бек автор — өндеуші, ал мен автор — материал ретінде жауаптымын.

Бұл жағдай Бекке маған оның қолжазбасының редакторы болу правосын беруді, бәрін де менімен кеңесіп, ақылдасып отыруға, повесті маған қарап шығуға және менімен келісіп алғаннан кейін барып қана оны басуға беруге міндеттейді. Яғни біздер өз орындарымызды кезек-кезек алмастырып отырамыз: енді мен оның қолжазбасын өңдеймін. Біздің арамыздағы ресми есеп-қисап осындай. Қазақ жазушылары Бек жолдастың қолжазбасын түпнұсқа ретінде менің қолжазбаларыммен қатар пайдалана алады (біздің ауызша шартымызда дәл осылай айтылған болатын).

Бекке жұмыс істеу оңай екен деп ойлап қалмаңыздар. Ол -— өте шектеулі, себебі материалды игеруге оның барлық кезде шама-шарқы жете бермейді, маған да оныменен бірлесе жұмыс істеу оңай емес. Оған бір нәрсені қайта-қайта малта езгендей айтып отыру, осынау қарапайым, әскери емес адамға мылжыңдап түсіндіріп, бірсыпыра жағдайларды қақсай беру; оның қолжазбасын қарап шығуға және кейбір тарауларын қайта ауызша баяндап беру, оның түсінбеушілігі мен әскери тәртіпке көндікпеген қиқарлығын, ал кейде бірыңғай әдеби қызығушылыққа бой ұрып кетушілігі мен желікпелігін, оның эпизодтарды тыңдап отырғандағы жөнсіз мәз-мейрам болуы мен тіпті көргенсіздікке дейін жететін әрекетін жеңуге, мұның бәріне үлкен күш-қуат жұмсауға, жүйкені тоздыруға тура келді.

Мен сіздердің көздеріңізден Бекке жандарыңыздың ашып отырғанын көріп отырмын.

Бәлкім, сіздердікі дұрыс та болар. Сіздердің оған жан ашушылық білдірулеріңіз жазушының тұрғысынан алғанда әбден заңды да шығар. Бірақ менікі де өз тұрғымнан алғанда дұрыс, шынымды айтсам, менің көрген, басымнан кешкен азаптарыма мейірімсіздікпен қарағандарыңызға аздап ызаланып та тұрмын...

Бірақ, оқасы жоқ, ымырата әрі әділ қорытындыға келуге тиіспіз. Бекке автор болу оңай болмаса, ал маған кітап материалы болу одан да қиын. Ал іс жалғастыруды, аяқтауды талап етеді, ал бізге бастаған жұмысты лайықты түрде аяғына дейін жеткізу қажет. Алда әлі қыруар жұмыс күтіп тұр.

Алғашқы повесть үш рет қайта өңделініп жазылды. Бірінші, екінші нұсқасы да нашар болып шықты, ал үшінші нұсқасы, шамасы, сәттірек болып шыққан сияқты.Бірінші повестің бас жағында Бек өзімен бірте жұмыс істеуге менің келісімімді алмас бұрын өзінің қиындықтарды жеңіп, менен зәбір-жапа, азап көруіне тура келгенін баяндап жазады. Бұнысы шындық болатын.

Оның екінші повесі де менің тым қаталдығыма шағым айтудан басталатын. Повесть әлі басылып жарыққа шыға қойған жоқ. Мен сіздерге оқып берейін (екінші повестің бірінші тарауын оқиды). Онда ол маған бірінші повестің қолжазбасын алып келгенін едәуір шынайы әрі әділ сипаттайды. Шын мәнісінде де кездесу солай болған-ды.

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫМЕН ҚАЙТА КЕЗДЕСУ

Жазушыларға қыңырлау «тәңір алдындағы шындықты» талап ететін, бұл айбарлы адамға, менің кітабымның қаһарманына, Бауыржан Момышұлының майдандағы блиндажына алдыңғы повестерімнің қолжазбасын әкеліп едім.

Машинкаға басылған бума қағаз қуанарлық жағдайда болмаса да, зат салатын қапшықтың ішінен алынып, стол үстіне қойылды. Бауыржан Момышұлы — гвардиялық полктің командирі — қолжазбаны қолына алғанша, алайда, біршама уақыт өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий