Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ар-намысын ойласа,

Қар жауғызған қаһардан.

Мақтанбаймын мастанып,

Бұндай абырой табысқа,

Қоян емес тығылар

Жау көргенде қамысқа.

Арыстан емес ақырған,

Данышпан емес ақылдан,

Қара қазақ ұлымын,

Жалпы жатқан елдегі,

Бұқараның бірімін.

Баяндалған істерді

Мен істедім демеймін,

Мен істедім дегенше,

Мың істеді дегеймін.

Мың істеді дегенше,

Ер істеді дегеймін.

Ер істеді дегенше,

Ел істеді дегеймін.

Мен мыңдікі болмасам,

Ер елдікі болмаса,

Кім істеді дер едің.Келесі тақырыбымыз — шындық. Шындық пен өтірік ежелден бері өмір сүріп келеді.

Шындықты өтірікті тықпаламай айта білген жөн. Тарихта өтірік еш уақытта да өзінің нағыз шынайы кейпінде көрінген емес. Ол барлық кезде шындықтың тонын жамылып көрінетін. Өтірік тек 5—10 минут, бір сағат, бес, он жыл ғана жұртты иландырып салтанат құрып қана қоймайды, ғасырлар бойы сеңі бұзылмайтын өтірік болады. Бірақта бәрібір өтірік әшкереленеді.

Москвада байсалды бір жазушы маған былай деді: «Абсолюттік шындық - бұл сұмдық қой! Сіз менен шындықты талап ете алмайсыз!» Абсолюттік шындық қорқынышты, сұмдық емес, оны тек жеткізе білу керек, сонда ғана ол үлкен пайда келтіреді. Тіпті сіз күнделікті зәру мәселелерге қалам тартсаңыз да шындық — бал, ал өтірік, сен оны қаншама жылтыратып көрсеткеніңмен бәрібір — у күйінде қалуға тиіс. Сіздер балалардың дәрісінің қалай жасалатынын білетін шығарсыздар... Басты нәрсе қалайда дәрінің тәтті етіп дайындалуында. Мен жазушылардың, суретшілердің, композиторлардың, кино қызметкерлерінің балалар дәрісін тәтті етіп жасағанындай бұл фактілерді дәмді етіп жылтыратып беруін саналы және әдейі түрде істелінбеген екен деген қорытындыға келдім. Олардың арасында арсыздықпен өтірікті сықпыртатындары да бар.

Менің өз басымда, соншама тым мені қатты ашуланып отыр екен деп Бектің шатасқан жайлары да болған. Өзінің қаталдығымен біздің шындығымыз жеңіл емес, ол ер жүректілікті қажет етеді. Дегенмен, Құдайым сақтасын, қазір әдебиет майданында жүрген қорқақтар қаншама?! Ең аз қарсылық көрсетілетін линиямен жүріп, әрбір қадам басқан сайын жалтақ-жалтақ қарап, сужүректік танытатын кейбір жазушылардың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына менің зығырданым қайнайды.

Екінші повестен сіздер осы тақырыпта Бек екеуміздің арамызда болған әңгімені таба аласыздар. Мен егер әдебиет майданы су жүректерді ұрыс даласында атып тастайтын нағыз соғыс майданы сияқты болса, онда оған әлдеқашан тіршілікпен қоштасуына тура келетінін айтқан едім...

Мен ержүректілікті қоян-қолтық ұрыстан ғана іздемеу керектігін айтқан едім, ержүректілік әдебиет майданында да қажет. Шындықты айта білу ләзім. Ержүректілік пен батылдық жүректен шығуға тиіс. Әрине, егер шындықты дөрекі, өрескел түрде жеткізсек, одан тек зиян таппасақ, көретін пайдамыз жоқ. Біздегі барып тұрған немқұрайдылықтың белгісі — бұл өз кәсібіне деген немқұрайдылық. Әдебиетке атсалысып жүрген көптеген адамдар неліктен өз кәсібіне адал емес? Ал мұның өзі бүгінгі таңда өте қауіпті құбылыс емес пе? Мені осы мәселе ойландырып, толғандырады. Кітап — әлемнің азаматы. Кітап жазу үшін алдымен адамның өзі творчестволық тұрғыдан ойлай білетін адам болуға тиіс, кітап оның перзенті болмақ. Ол осы тақырыппен «ауырып», толғақты күйді кешуі қажет,ананың босанар кездегі азапты толғағын бастан өткізгендей, творчестволық толғақтың азабын, мехнатын өз басынан өткізіп барып, бізге кітап сыйлауы қажет. Ал бізде көбісі көргенін емес, есітіп-білгенін үстірт төпей салады. Тақырыппен «ауырып», толғақты күйді кешу тіпті әскери адамдардың өзінің барлық уақытта қолынан келе бермейді, бұл оп-оңай нәрсе емес.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий