Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әбден мүмкін... Шамамен мен осылай айтуым да мүмкін. Бірақ мына жазылған жолдардан ойдың дөрекі, өрескел, жөнсіз болып шыққанын көріп тұрмын. Өйткені махаббаттың түрі мен дәрежесі сияқты, қорқыныштың да әртүрлі түрі мен дәрежесі болады, шамалы әрі үлкен қорқыныш болады, ал мына жерде (ол қолжазбаны нұсқап) болса, адамдардың бойын бірден хайуандарға тән қорқыныш билеп ала жөнелген, — соншама қатты қорқыныш, зәре-құты ұшушылық, — содан кейін жауынгерлер бірден-ақ қорқынышын жеңіп, батылданып шыға келеді. Дұрыс емес! Және де сонымен бірге сіз сол" даттың алар орнын төмендетіп те жібергенсіз.

Мен қарсылық білдірдім. Бірақ Бауыржан айтқанынан қайтпады.

Ия, төмендеткенсіз. Наполеонның мынандай қанатты сөзі бар: «адамдарды қорқыныш пен жеке мүдде басқарады». Кейбір тұстарда адамды осылай түсінуге сіз де ойысыңқырап кетесіз.

Маған танадай ойлы көздерімен қадала қарап, ол қайталап:

Адамдарды қорқыныш пен жеке мүдде басқарады...

Ал идеал ше? Ал адамгершілік ар-ұят, абырой, патриотизм, жолдастарымен қайғы-қасірет пен қауіп-катерді бірге бөлісушілік, күресте өзін-өзі мерт етуге бас тігушілік қайда?

Мұның бәрі бос сөз болғаны ма? Онсыз біз жауды жеңе алар ма едік?Бауыржанның маған көңілі толмады, өзінің айтып берген әңгімелеріне де разы болмады.

Неліктен деп сұрады ол,— жеңілістің суретін бермегенсіз? Бұл жөніндегі қасіретті ойды неге жеткізбегенсіз?

Бұл сізге айтылмап па еді?

Ақталу мақсатында мен өзімнің кейбір ой-пікірлерімді айттым.

Бауыржан түтігіп кетті:

Егер әдеби майдан,— деп ол кесіп айтты, — су жүректерді атып тастайтын шын мәніндегі майдан болса, сіз өмірмен әлдеқашан-ақ қоштасқан болар едіңіз. Менің ренішімді байқап қалып, ол қайта жымиып, күліп: Әсіресе, егер мен онда командир болсам,— деп қосып қойды.

Мен:

— Сіз «Знамя» журналының редакторына жазған хатыңызда Тәңір алдындағы шындық туралы еске алғанда не айтайын деп едіңіз? Өйткені сіз Құдайға сенбейсіз ғой, — дедім.

— Неге сенбеймін? Мен дінге сенетін адаммын. Ғажап. Қалжыңдап тұрған жоқ па?

Оны кім білсін,— ерекше шырайлы қара торы жүзінен шын айтып, болмаса қалжыңдап тұрғаны аңғарылмайды.

— Ия,— деп ол сабырлы қалыппен сөзін жалғастырды,— мен құдайға сенемін. Және

Құдайға құлшылық етемін. Сіздің менімен ілесіп жүргеніңізге бірсыпыра уақыт болды.

Осыны байқамағаныңыз ба?

— Жоқ. Бірде-бір рет байқаған емеспін.— Ол күліп жіберді.

— Қайдағы Құдайды айтып отырсыз?! Шынын айтқанда, мен ар-ұят туралы айтып отырған жоқпын ба? Ал арсыз жандарды суқаным сүймейді.

Әңгіме төркіні қайда деңіз! Мұны ғой, әрине, байқағанмын. Бірінші повесті әбден егжей- тегжейлі қарап шыққан мінезі қиын бұл адаммен біз келесі повестке кірісіп кеттік».

Екінші повесть екі рет қайта жазылды, қазір үшінші рет қайта өңделіп, жазылу үстінде.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий