Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шешімсіздік — асып-сасуға, абыржу мен әрекетсіздік күйге дейін жеткізетін ерік күшінің толқуы. Устав ешқандай әрекетсіз отырғаннан әйтеуір бір шешім қабылдауды міндеттейді. Кінә жауды жоюға ұмтылып мақсатына жете алмаған адамға емес, жауапкершіліктен қорқып, тайсақтап, іс-әрекетсіз қарап отырып қалған, қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш-қуат пен қаруды қолдана алмаған жанға артылады.

Мінез — жеке адамның өзіндік ерекшелігі және оның өзіне ұқсағандардан айырмашылығы, қабілеттілігі — оның қызметінің көрінісі.

Мінезсіздік — ойлаудың айқын еместігі.

Темперамент — мінез-құлықтың физиологиялық негізі, яғни қабылдау дәрежесі мен нерв жүйесі жұмысының шапшаңдығы.

Әскери құрмет — әскери ерлігі үшін халық атынан білдіретін алғыс.

Нағыз жауынгерлерді тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор.

Дәстүр — әскердің өткен тарихы туралы документті, ауызша аңыз-әңгіме (аңыз) түрінде айтылатын, бүгінде белгілі бір белімде қолданылатын аңыз.

Әскерге жаңадан алынғандар өте тез қабылдағыш, әрі әсершіл келеді, оларға бұрыннан әскери қызмет атқарып келе жатқандардың үлгісі, сөйлеген сөздері, айтқан әңгімелері, бейнелері және нандыруы өте қатты әсер етеді. Кез келген адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән. Өткен тарихымыздағы және қазіргі кездегі батырлардың ерлік істеріне еліктеу, соларға ұқсап бағу принципінде тәрбиелеу әскерге жаңадан алынған жауынгерлердің бойында әскери айбындылық туралы дәстүрлі түсінік пен ұғымды және ризашылықпен еске алып, ерлік істерін аңыз ғып айтып, жырта қосып асқақтатып жүрген өзінің алдындағы жауынгерлерден кем болмауға, әскери қызметті олардан нашар атқармауға ұмтылушылық қасиет қалыптастырады. Дәстүрді сақтау, нығайтып отыру және дамыту — командирдің жауынгерлік туды қан төгіп, өмірін қиып, құлатпай жоғары қадап, қаза болған қарулас жолдастарының рухының алдындағы қасиетті парызы мен міндеті.

Әскери айбындылық — ешнәрсемен де есептеспей, жан аямай батылдықпен жеңіп шығу. Әскери айбындылық тәртіп пен ерліктен (күш-қуат, өзін-өзі ұстау, табандылық және қаһармандық) ептілік, денсаулық, күш-қуат, сергектіктен тұрады. Командирлер адам күші мен материалдық құралдарды, яғни аз шығындармен жауынгерлік міндеттерді орындаған кезде моральдық, материалдық және ұрыса білу, жауынгерлік қабілетті сақтай білуге ұмтылуға тиіс.

Тәртіп — қарамағындағылардың барлық күш-қуатын ортақ парыз негізінде біріктіру.

Жауынгерлік сезімді саналы түрде түсінуге солдаттың бойында қызметтік міндеттерін өтежақсы орындап шытып көзге түссем деген ынталылықты ішкі жинақылықтың белгісі болып табылатын жайдарылығымен, сергектілігімен, күш-қуатының артуымен, ұқыптылығымен ар-намысты, абыройды жоғары ұстаудың белгісі болып табылатын, сырттай мұнтаздайлығымен, парызға адалдықтың белгісі болып табылатын тәртіптілігімен, ілтипаттылықтың белгісі болып табылатын биязылығымен, шешімталдылықтың белгісі болып табылатын қызбалығымен, батылдықтың белгісі болып табылатын албырттылығымен, ерік-жігерлілігі мен табандылығының белгісі болып табылатын қайсарлығымен, сүйіспеншілік пен абыройлылықтың белгісі болып табылатын намысқойлығымен ұштастыра, жетілдіре тәрбиелеу шарт.* * *Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген. Соғыс көптеген адамдардың жастық арманын қиып, бақытты, жасампаз, творчестволық өмірдің даңғыл жолына шығуына мүмкіндік бермегенін, алдымен өзің байыптап, содан кейін басқаларға ұғыныңқы түрде, егер жағдай мұны талап ететін болса ойланып-толғанып жатпай, ерінбей кез келген сәтте ерлік жасауға, өзін құрбандыққа қиюға әзір тұратындай, әрбір жауынгердің бойында намыс оты тұтанатындай етіп түсіндіре білген жөн. Командир солдаттарымен өзара тығыз қарым-қатынаста болады, сондықтан да ол оларға ең алдымен өзінің жауынгер жолдастарына қарағандай қарауы керек, олардың басшысы, жаны жайсаң, ерік-жігері мықты, жүрегі таза жауынгер серігі болғаны абзал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий