Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барлық кезде патриотизмді дерексіз, ұзақ-сонар сөзбен ұғындырудан, көбінесе мемлекетке берілген адамның мақсат-мүддесімен байланыссыз түсіндіруден қашу керек. Осы мәселеге қатысты мен 1941 жылы «Үкім» деген атпен бірнеше бетке ой-пікірімді жазған едім, ол ойларым Александр Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» деген алғашқы повесінде толық түрде көрініс тапты, сондықтан мен осымен шектелгім келеді.Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі — онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм жөнінде айтып өту қажет. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм — бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті — өз халқына деген сүйіспеншілігі, жеке адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жатынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты. Мұның бәрін міндетті түрде есепке алу үшін әрі бұл сезімді әскерлерге күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік ұғымының жалпы арнасына бағыттап жіберу үшін білу қажет. Менің қолжазбамда былай деп жазылған: «Қазіргі заманғы соғыс — саяси соғыс, біріккен ұлттардың соғысы болып табылады, оған біздің Совет мемлекетінің барлық халқы қолына қару алып қатысуда. Олар бірлесе күш салғанда ғана жеңіске жетеміз». Әрбір командир жауынгердің бойында патриоттық сезімді дамыту үшін күнделікті, практикалық әрі дұрыс та саналы түрде жұмыс жүргізудің сөзсіз қажеттігін терең түсіне білуі тиіс... Барлық халық барлық ұлы да тамаша нәрселер жасауға қабілетті.

Біз үнемі лайықты бауырмалдық қарым-қатынас жасауға әрі кез келген ұлт пен халықты құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.

Ұлы орыс ұлтының орта тобынан шыққан кейбір өкілдері басқа шағын халықтарға «екінші сортты» адам деген оймен қарауына мүлдем жол бермеу керек, мұндай қате, мәдениетсіздік көзқарас — өте зиянды. Өкінішке орай, олар мұндай көзқарастарымен ұлттық тудағы асқақ озық жоғарғы идеяны шовинизмнің жиіркенішті ұсақ-түйегіне айырбастай отырып, бірінші кезекте, ең алдымен өз ұлтының ұлы абыройына кір келтіреді. Орыс жолдастарға қатысты бұл кесірлілікті Калинин «орыс берекесіздігі» деп атаған.

Практикалық жұмыста барлық кезде де ұлтшылдық пен ұлттық рух ұғымын ешқандай да шатастырып алмау жағын үнемі есте ұстау керек. Мынаны білген жөн, ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, амтогонизм жатса, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.

Кейбір республикаларда ұлттық мәдениет пен тілдің негізі қорғалмайды, мұның өзі ең алдымен осы республиканың басшылары мен коммунистеріне абырой әпермесе керек, өйткені марксизм бұл негізді түп-тамырымен жоюға қарсы, марксизм керісінше, барлық жағынан, түрі жағынан ұлттық, мазмұны жағынан социалистік мәдениетті жалпы адамзаттық мүдде тұрғысынан дамытуды көздейді, жол берсе, ол адамға барлық жағынан айып пен әділ кінә тағылуға тиіс. Күншілдік — басқа адамның басымдығын және өзінің әлсіздігі мен түкке шамасы келмейтіндігін түсіну. Басқалардың тасының өрге домалауы, күш-қуатының, қайратының артықтығы, сондай-ақ материалдық игілігі күншілдік сезімін тудырады. Өйткені әркімге іс-әрекет етуге құлшыныс танытушылық, мен басқалардан кеммін бе деп өзін-өзі жоғары қоюшылық пен сенімділік тән. Абай былай деген: «Адам бір боқ көтерген, боқтың қабы...»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий