Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сенімділікке істі білу мен жауынгерлік рухты көтеру арқылы қол жетеді.Жігерлендіру дегеніміз — рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй. Әскерді жігерлендірудің құралдары мыналар: инабаттылықпен, кішіпейілділікпен ықпал ету, адамның адамгершілігін құрметтеу, бастықтың жеке өнегесі, ақыл-кеңес беру, айтқанын түсінікті етіп ұғындыру, көңілден шыққан қарапайым сөз, тапқырлық, шешендік, орынды айтылған әзіл-қалжың, ойын-күлкі, ән-күй, жауынгерлік және басқа да әндерді айту, би билеу мен бөлімшелердегі басқа да көркемөнерпаздық жатады. Көркемөнерпаздыққа ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені, солдат өзін бәрібір көбінесе көрермен ретінде сезінетін, әрі артистерге тек қана кәсіпқойлар деп қана қарайтын нағыз артистердің көрсеткен өнеріне қарағанда, ол бірге қызмет ететін жолдастарының қойған ойын-сауығында көңілі көбірек көтеріліп, шабыттанып, өзін әлдеқайда жеңіл сезінеді. Актерлер мен актрисалардың гримдері солдаттың бойында маскаға деген жеккөрушілік сезімін тудырады: «Мына бейтаныс адамдар келіп, өздерінің қылымсыған, бәлсінген, шын жүректен шықпаған жалған ойын-сауығымен бұлардың көңіл-күйін көтермек». Солдат далалық жағдайда шын мәніндегі тосын өнер көрсеткен кезде нағыз өнер өкілдерінен гөрі, көбінесе шалағай өнерпаздар (халтурщиктер) ойын-сауық қоятынын анық сезеді. Шалағай артисті ол рахаттана қолына винтовка ұстатып, ауыстырмай, бір тәулік бойы күзетке қойып әрі бұл қыр жалқаудың қиналғанын көріп табалаған да болар еді.

Өзара көмек көрсету және коллектившілдік сезімі — әскери парыздың маңызды да міндетті элементі, жолдастық, топтық-қоғамдық сезімнің асыл белгісі. Адамның басына түскен қайғыны бөлісе білушілік — адамның бойында коллектившілдік сезімді тәрбиелеудің нәтижесі, ортақ мақсатқа жетуге көмектесу, жолдасыңның қазаға ұшырауы оның өзін де әлсірететін тікелей қауіп екенін, ортақ мақсатқа жетумен және өз басын сақтап қалу мүмкіндіктерін азайтатынын білдіретінін сезе отырып, бар күш-қуатыңмен, қабілет-қарымыңмен жауынгер коллективтің бөлшектеніп ыдырап кетуіне жол бермеу. Бұл сезім басшы мен оның қарамағындағылардың, жауынгерлік бірліктің, жауынгерлік ынтымақтастықтың моральдық негізі болып табылады, ол «бірі — бәрі үшін және бәрі — бірі үшін» деген принципке негізделген немесе қазақтар айтатынындай: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегіні алады», «Бірліксіз тірлік жоқ».

Сөйтіп, офицерлердің міндетті түрде солдаттың бойында ортақ мақсатқа жұмылдыратын, бірлікке шақыратын коллектившілдік сезімін тәрбиелеуге, дарытуға және бекітуге ерекше көңіл бөлгені жөн. Бұл сезімді халықтың дәстүр-салты, жауынгерлік дәстүр, сондай-ақ бірыңғай әскери киім үлгісі, ұрыс жүргізу тәсілдеріне бірыңғай түрде үйрету, мақсаттың бірлігіне сендіру бекітіп, дамыта түседі. Солдаттың сана-сезіміне: бөлімшенің әлсіздігі — оның әлсіздігі, бөлімшенің масқара болуы — оның масқара болуы, бөлімшенің даңқы — оның даңқы, бөлімшенің намысы — оның намысы, бөлімшенің сәтсіздігі — оның сәтсіздігі, табысы — оның табысы екендігін жеткізу қажет. Ол өзі қызмет етіп жүрген жауынгер коллектив — оның жауынгерлік семьясы болып табылады, бұл семьяның тағдыры оның жеке басының тағдырымен ажырағысыз байланыста.

Бұл жерде мен бұрынғы қолжазбаларымдағы қорқыныш жөнінде айтылған пікірден бірде- бір жол үзінді келтірмеймін, дегенмен бәрібір оған қосымша ретінде бұл барлық тіршілік иесіне тән сезімді классификациялау ретіне байланысты бірнеше сөз айта кету қажет деп санаймын.

Үрей — қиыншылық, қайғы-қасірет, жапа шегуді және басқа да жағымсыз нәрселерді күтуге байланысты туатын сезім.

Қорқыныш — өлім қаупіне, адам шығынына және басқа да ауыр әрі азапты оқиғаларға алып келуі ықтимал жағдайды күтуге байланысты адам бойында туатын сезім. Жан қиналысына, денеге оқ, жарықшақ тиіп жарақаттауға, аяқ-қолды жұлып кетуге, өлім, яғнижеке адам өміріне үлкен зардабы тиетін сұрапыл ауыртпалықтың төнуіне байланысты қорқыныш сезімі пайда болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий