Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздер осы кімбіз? Біздер кім болмақпыз? Бұған былай жауап беру керек: жақсы адамдар бар, одан да жақсырақ болуымыз керек. Әйтпесе ертеректе біз мал едік, жылдар өте нағыз адам болыппыздың кезі келмей ме? Бұлайша қойылған сауалға жауап қайыру жөнсіздік.

Оқып-үйрету, тәрбие беру деген ұғым-түсінік бар. Оқыту дегеніміз не? Бұл — өте қатал түрде тәрбиелеу жолымен солдат кәсібінің техникасын үйрету. Барлық айла-тәсілдерді солдат снарядтарда жаттығу орындайтын гимнастай дағдылы түрде істей беретіндей дәрежеге жеткізу керек. Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Тәрбиелеудегі бірінші мақсат — саналылық, бұл ең басты мәселе, ал мәжбүр етушілік — қосалқы тәртіп режимі болмақ. Көнтерілікке, көнбістікке, бас июшілікке тәрбиелеу, бұл, шын мәнінде, адамды моральдық жағынан толық езіп-жаншу деген сөз. Тіл алғыштыққа бейімділікті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жетілдіру мен жандандыра түсудің қуатты да икемді құралына айналдыра білген жөн. Көнтерілілік, көнбістік — асқақ адамның сергек ойына тұсау.

Армияда адамның адамгершілік сезімін терең құрметтей білуге негізделген қатаң тәртіп болуға тиіс.

Ерлікке тәрбиелеу — сенімді түрде шешімділік жасау кезіндегі сақтық - батырдың басты қасиеті. Ойланбай, көзсіз жасалған ерлік - батылдық емес, есерсоқтық және оны ерлік деп атауға келмейді.

Адам бойындағы адамгершілік сезімді аяққа баспай, қорламай, құрметтей білген жөн.

Біздің суретшілер болса, немістің суретін салған кезде үрейлі каррикатура, жан түршігер құбыжық етіп салып, жүгенсіздік жасайды. Міне, мен ешқашан да ұрыста болып көрмеген солдатпын дейік, алайда көп ұзамай қызу шайқасқа қатыспақпын, алдыма қарасам, Тәңірім бұрын-соңды жер бетінде жарата қоймаған суретші қолымен салынған алып құбыжық тұр. Мұнысы — насихатының түрі, осылайша суретшілер одағы жауға деген өшпенділікті тәрбиелеу жұмысына көмектеспек болады, бірақ шын мәнінде суретшілер одағының мұндай әрекетінің пайдасынан зияны көп, осындай жүгенсіздігімен ол тек жас жауынгерді шошына түседі. Бұл жүгенсіздік менің жан дүниемді тітіркендіріп, ашу- ызамды қайнатты: бұл суретшілерді түрмеге жауып тастаудың орнына, оларға қалам ақы төлейтіні қалай? Немістерді жан түршігерлік құбыжық етіп суреттейтін шығармалар да баршылық — бұл жалған, өтірік. Егер өтірікті айта алмайды екенсің, дұрысы үніңді өшір, ал айта алады екенсің, онда жөнімен, мөлшерімен айт. Кейбіреулер немістерді адам емес дегенді айтады. Мен мұндай пікірмен келіспеймін және өзімнің солдаттарыма немістер де сүйек пен еттен жаралған, бірақ олар мінез-құлқы жағынан барып тұрған азғындаған, бұзылған адамдар деп айтамын.

Немісті де найзамен шаншып, оқпен атып өлтіруге болатынына, оған да қорқыныш тән екендігіне жауынгерлердің көзін жеткізу қажет. Сонымен, барып тұрған өтірік үлкен шаян алып келеді екен. Екінші бір шектен шығушылық — немістерді біздің жалғыз жауынгеріміздің өзі-ақ «ура» деп атой салса, алды-артына қарамай зыта жөнелетін су жүрек қорқақ етіп көрсетушілік. Екі жылдың ішінде мен мұндай немістерді көргенім жоқ.

Олар қарсылық көрсетіп бағады, оларға қорқыныш сияқты, ержүректілік те тән.Дұшпанды бейшара етіп, оның жауынгерлік қасиетін, қарсыласуға қабілеттілігін жасырып көрсету жөн емес. Дұшпан туралы шектен шыққан кез келген каррикатура жөнсіздік қана емес, сонымен бірге зиянды да. Дұшпан туралы шындық нәрсені айту керек — тек шындық мысалдарында ғана жауға деген өшпенділікке және батылдыққа тәрбиелеуге болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий