Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Парыз — бұл орындалуға тиіс міндет пен әрекет. Парыз алға қойылған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді, сондықтан да парыз бен міндет адамның қызмет әрекетінде әртүрлі. Халық: «Билік кімде болса, сұрау да содан», — дейді. «Міндет адамға жауапкершілікті жүктейді». Егер бізді қоршаған табиғат пен жануарлар әлеміне тіл біткен болса, онда олар мүлдем әділ түрде дауыспен: «Адамның қолына қыруар билік берілген, одан көбірек сұрағын, жаратушым!» — деген болар еді. Әскери қызмет әскери қызметшілерге біз әскери парыз деп айтатын ерекше спецификалық міндет жүктейді. Мемлекетті қолына қару алып сыртқы және ішкі жаулардан қорғау —- армияның басты міндеті мен мақсаты. Армияның негізгі мақсаты — ұрыс жүргізу, бұл әскери мақсатқа жету жолындағы бірден-бір құрал. Кез келген ұрыстың міндет-мақсаты дұшпанға қақырата соққы беру, демек әскери парыз дегеніміздің өзі - бұл жеңісті сезіну, жеңіске жету жолында қауіп-қатерден тайсалмай, намыс пен абыройды жоғары ұстап, өлімге тәуекел етіп, жауды жеңген кездегі мақтаныш сезімі деген сөз. Әскери парыздың өзегі — әскери рух, әскерлердің моральдық-адамгершілік бейнесі жоғары идеялық пен патриотизм болып табылады. Әскери рухтың — парыздың мән-маңызы өлімге бас тіксең де, дұшпанның еркіне мойынсұнбау.

1 Әскери рухтың көрінісі — өзін барлық кезде сергек те көңілді ұстаудан, өз міндетін дәл, мінсіз атқарудан, ұқыптылық, тиянақтылық танытудан, үсті-басын таза, мұнтаздай етіп ұстаудан тәртіп пен қызметтік міндеттерді дұрыс орындаудан, полктың туын қасиетті ту етіп жоғары ұстай білуден көрінеді.

Адамның жан-тәніне түсетін жөнсіз сын мен ауыртпалықтан арып-ашу мен қажудан мүмкіндігінше аулақ болған жөн, әскердің күш-қуаты мен рухын түсірмей, қайта көтеріп, жауынгердің санасына біртіндеп қызмет етудің қажеттігіне жеткізу керек.

Парыз — өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, ар-ождан, әділдік, шындық, махаббат тағы басқа да мәселелерді қамтып, оларға адамның қызмет аясындағы қайшы құбылыстарды қарама-қарсы қоятын ең жоғарғы интеллектуалдық ұғым.

Төменіректе парыз туралы толығырақ айту үшін алдымен мынандай анықтамаларға тоқтала кетуді қажет деп санаймын: парызды түсіну ар-ұят деп айтылады.

Ар — жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анықтайтын адамгершілік ұғымы. Бұл адамның қызметін оның ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғым-түсінігіне байланысты реттейтін парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын (осыдан келіп бірде сергектік, бірде жасушылық) анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін, көңіл- күйдің жайбарақаттығын білдіретін сезім.

Қысқасын айтқанда ар — парыздың бақылаушысы, адам қызметін реттеп отырушы. Абырой — жеке адамның ар-намысын ұғыну деген сөз. Абыройды, жоғары моральдық рухты сақтау жолында өз өмірін қиюға дейін баруға ниет ету — намыс деп аталады.

Ұят — жасаған әрекетінің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау — масқара болушылық сенімділік, соғыс пен ұрыстағы сенімділік — дұшпаннан басым түсу сезімі, өзінің жеке басының ар-намысын сезіну.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий