Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Зәресі, үрейі ұшу дегеніміз — адам бойындағы қорқыныш сезімінің кейіннен үдей күшейе түсуі, қорқыныш сезімі ойламаған жерден, қауырт туып, сана-сезімді билеп алады, адам бір орнында қаққан қазықтай қалшиып қалады, оның денесінің бәрі жансызданып қалғандай — жүйкесі босап, бұлшық еттерінің әл-дәрмені кетіп. тірі өлікке айналғандай, былайша айтқанда, адамның ішкі «мені» толық түрде бей-берекетсіздікке ұшырайды. Сасу — тобырға қорқыныштың таралуы. Үрей, қорқыныш, зәресі, үрейі ұшу, сасу өзін-өзі сақтау инстинктінің көлеңкелі жақтарынан, бір қалыпты әрі қауіпсіз тіршілікті аңсаудан туады.

Айтылған сезімдер адамның ақыл-ойының жұмысын әлсіретіп, ерік-жігерін нашарлатады, сезім мүшелерінің қалыпты жұмысын бұзады, содан бұлшық еттер түйіліп, жүрек соғысы жиілейді, сөйтіп бұл сезімдер адамды ақылмен, сезіммен басқара білуден, ерік-жігерінен, бір қалыптылығынан айырады, адам хайуанға тән өзін-өзі сақтау инстинктіне, үрейі ұшу, қорқу сезімдеріне тап болады.

Үрейі ұшу, қорқу сезімі барлық тіршілік иелеріне тән, әрі оны жан дүниесінің күшімен — интеллектпен, адамның жоғарғы саналылығы — ерлік, өзін-өзі ұстай білу, жеке басының қасиеттері — парыз, ұят, ар-намыспен, қатаң әскери тәртіппен, командирдің жеке өнеге- үлгісімен, оның өктем ерік-жігерімен, беделімен, бұйрық пен жарлық берген кезде солдат барлық уақытта: командир қай жерде болса, сол жерде қауіп аз; командир қорықпайды екен, демек қорқатын да дәнеңе жоқ сияқты, бірақ та командир жүрексіздене бастаса, онда сенімділік болмаса, демек қауіпті, қатерлірек бір нәрсенің болуы мүмкін деп ойлайтынын еске алып оның даусындағы қорқынышты сейілтіп, қарамағындағы жауынгерлердің бойына сенім ұялататын әмірлі үнімен оп-оңай-ақ басып, жоюға болады.

Бұл сезім көбінесе дұшпанның ойда жоқта, аңдаусызда күтпеген жерден жасаған іс- әрекетінен «өліп, мерт болып кетуім мүмкін-ау» деген психикаға қатты әсер ететін ойға байланысты туады. Әскери уставта моральдық тұрғыдан да үлкен мәні бар жауынгерлікті қамтамасыз етуге, үздіксіз барлау жүргізу мен күзетке қоюға байланысты мәселелерге үлкен маңыз беріп, оны бірінші орынға қоюы сондықтан.

Далалық уставтың 93-параграфында былай деп анық жазылған: «Әскерлерді жауынгерлік тұрғыдан қамтамасыз ету мынандай мақсатты көздейді: әскерді дұшпанның жерден және әуеден тұтқиылдан жасаған шабуылынан сақтандыру, оларға еркін қимыл жасау және ең қолайлы деген топпенен ұйымдасқан түрде ұрысқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету».

Қорқыныштың алғашқы белгісі байқалысымен-ақ, өктем де тура айқын берілген бұйрық пен команда бойды билеген үрейді ұшырып, іштей қобалжуды басып, тіпті қапыда қалып, бас сауғалап кеткен адамның өзіне күш-жігер береді. Дұрыс тәрбиелей білушілік, қарамағындағылардың психикасына дұрыс ықпал ете алушылық пен парасатты түрде берілген бұйрық қана — қару-жарақ пен туға, жауынгерлердің өміріне қауіп төндіріп тұрған қорқыныштың алдын алудың, оған жол бермеудің, сақтап қалудың, жауынгерлерді абыройсыздық пен масқара болудан аман алып қалудың сенімді құралы. «Әмір ете білу керек» деген девиз әрбір офицердің туына үлкен әріптермен жазылып қойылуға тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий