Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Іс-әрекеттің табыстылығы басым түсудің нәтижесі болып табылады әрі атақ, данқ, танымал, қоғамдық ықпал және т.с.с. формада көрінеді. Мұның бәрі күншілдің сасық намысын қоздырып, ашу-ызасын тудырады, жан дүниесін күйзелте түседі. Моральдық жағынан азапқа салады, бұдан ол өз бәсекелесінің сыртынан өсек айтып кемсітіп, үстінен әртүрлі өсек-аяң таратып, оның пайдалы істері мен әділ еңбектері жөнінде тіс жармай даттау жолымен құтылғысы келеді. Достық қарым-қатынас әдебін сақтап, «Жамандығын жасырып, жақсылығын асырудың» орнына, «түймедейді түйедей етіп көрсетеді». Күншіл өзінің кескін-келбеті жағынан әрқашан да өзі күндеп жүрген адамнан төмен тұрады немесе әскер тілімен айтқанда, сөз тасушы адам өсектеп жүрген адамының тырнағына датұрмайды. Ең алдымен өзі өсектеп жүрген адамнан гөрі сөз тасып жүрген адамның жеке басын тексеріп көру қажет. Өкінішке орай, бізде кейде керісінше істеп жатады.

Күншіл — әсіресе, армияда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол жаман адамгершілікке жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім. Тіпті, күншіл адамның біреудің лайықты еңбегін елемеуі, ауызға да алмауы және басқалардың пайдалы істерін жұртшылықтың тануына қалайда кедергі келтіруге тырысып бағуы сияқты енжарлық әрекеттері — өте зиянды.

Оның бұл әрекеті талантты да қабілетті адамдардың еңбек өнімділігін төмендетеді, сөйтіп іс пен жалпы мүддеге орасан зор нұқсан келтіреді. Күншіл адам ыждағаттылық, әділдік пен берілгендік сияқты адамның жақсы қасиеттерінің арасында кикілжің, іріткі салады.

Сондықтан да мен «Ерлік елеусіз қалмасын. Олжа — елге сауға, атақ — ерге сауға» деп жазып едім.

Күншіл кісі әдетте атақ, даңқ, шенқұмар, мақтаншақ келеді.

Мақтан сүйгіш — алғашқы мағынасы абыройды, ар-намысты құрметтеу әрі ерік-жігердің қозғаушы күші деген ұмтылуды білдіреді. Сый-құрметке, атақ-даңққа, адамгершілікке жатпайтын, ойдан шығарылған, жалған жымысқы әрекетпен, шын мәнінде болған жайды өсіріп, өзінің еңбегі етіп көрсетуге ұмтылушылық. Бұған кейде біздің тілшілер де атақ құмар жандардың айтқанына елтіп, өздерінің аңғырттығымен жел беріп қояды. Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік. «Ерлікті таба білу — ерді тани білу». «Олжа — елге сауға, атақ — ерге сауға». «Ерлік елеусіз қалмасын» деген қағиданы қатал да парасатты түрде ұстан. Өзінің атқарған пайдалы қызметі үшін бірге қызмет істейтін жолдастары мен бастықтары тарапынан қолдау, мақұлдау күту — әрбір адамға тән нәрсе. Бұл сезімді қанағаттандыру бастықтардың тарапынан әділеттілік пен парасаттылықты талап етеді. Мұның өзі адамды рухтандырып, күш-жігер беріп, жұмыс өнімділігін арттырады. Өйткені әрбір адам өзіне ықылас қойып, көңіл аударуды аңсайды, ал солдат болса өзінің тырмысқан талпынысы үшін баталы сыйға емес, өзі сенімді қызмет етіп келе жатқан командирінің — халықтың, мемлекеттің өкілінің ықыласына бөленсем дейді.

Солдаттан қарапайым жан жоқ. Оған сергек те, ықыласты әрі әділ болған жон. Далалық уставтың 14-параграфында жауынгерден зор жігер, барлық күш-қайрат жұмсауды талап ететіндігі тегін болмаса керек, сондықтан да командир қандай жағдайда болмасын ол жөнінде қамқорлық жасауы тиіс. Уставта былай деп жазылған: «Өзінің қарамағындағы жауынгерлерді жақсы білуі, олармен үнемі жеке қарым-қатынаста болу, олардың жауынгерлік өміріне, ерлігі мен мұқтажына көңіл бөліп отыру командирге бөлімнің

(құрамының) жауынгерлік бірлігін, ұйымшылдығын және ұрыс кезінде жеңіске жетуін қамтамасыз етеді».

Тобыр жөнінде көп айтылуда. Тобыр дегеніміз не? Тобыр — армия емес, армия да — тобыр емес. Сонымен топ дегеніміз — адамдардың жиыны. Әр қилы ниет, мақсат- мүдденің итермелеуімен әртүрлі себептермен жұрттың жиналуы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий