Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үміт үзу — жағдайдың мүлдем үмітсіздігі мен тығырыққа тірелуін ұғыну мен өлім қаупінің сөзсіздігіне байланысты туатын сезім.Өйткені әскери адам үшін (оның мамандығы осындай) қазаға ұшырау — солдат кәсібінің салдары, қалыпты нәрсе болып табылады және де әскери устав ұрыс жағдайы талап еткен жағдайда өзін өлімге қиюға тәрбиелеуге міндеттейді, жеке адамның мерт болуы, әскери адам үшін (әскери емес адамдарда болатын) ақтау бола алмайды. Дегенмен жеке адам өлімі үлкен игілікті іс жауды жеңу жолында онша үлкен қайғы, соншама зор құрбандық болып көрінбегенімен, әскери адам бойында үміт үзу, торығушылық туғызбауға тиіс, солай болғанмен де ол белгілі дәрежеде бәріне ортақ, жалпы сезім (өйткені солдат та тірі адам, оған да адам бойындағы әлсіздік қасиеттер тән) болып табылады. Тек мынандай айырмашылықтарымен әскери адам үшін жеке адам өлімі болуы мүмкіндігі күтпеген нәрсе емес, өйткені ұрыс даласында күн сайын, әрбір минут сайын өлім қаупі төнеді.

Әскери адам кез келген күтпеген оқыс жағдайдан абдырап, сасып қалшиып тұрып қалуға тиіс емес, қайта оқыс жағдай оның ақыл, ерік-жігерін, сезіміне от беріп бұрынғыдан батылырақ, ептірек қимылдауға жұмылдыруға, итермелеуге тиіс. Тез арада бойды күшпен жинап алушылық әскери адамды абдырап, сасқалақтап қалудан, әрекетсіздіктен, есепсіз қозғалыстан, бәрі де бітті деп санаған тығырық жағдайдан батыл түрде өзін алып шығуға мүмкіндік береді. Өмірге деген құштарлық, өлімді жеңіп, аман қалуға ерекше ұмтылу ниеті — адамды өлім қаупін жеңуге, өлімге қарсы баруға, қайнаған ыза-кекпен өмір үшін өлімді жеңуге итермелейтін ұрыс кезіндегі басты қозғаушы күш. Өмір — солдаттың туы.

Менің солдат ұрысқа өлу үшін емес, өмір сүру үшін барады, ал өмір сүруге деген үміт оты солдаттың жүрегін жылыта түседі деп дәлелдей айту себебім сондықтан. Солдат өмір сүру үшін, осы жолда өмірін қияды...

Өжеттілік, қайсарлық — жауынгердің тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. Ерік үмітсіздік бұғауын үзіп, адамның бүкіл жан дүниесі мен тәнін ширықтырып құлшындыра түседі, мұндай іс- әрекетті күтпеген әрі өзінің құрбандығына душар еткеніне сенімді дұшпанға беймәлім жолмен оқыс соққы беруге жетелейді. Өжеттілік — дұшпан үшін мүлдем күтпеген нәрсе, бұл жағдай ең алдымен моральдық тұрғыдан есеңгіретіп тастайды, мұндай батыл қимылдан есін жинай алмай быт-шыт болған дұшпан лезде бірнәрсе қабылдай қоярлық қабілетінен айырылады. Дұшпанға жай оғындай тию өз нәтижесін береді, үміт үзушілік, торығушылықты салтанатты көңіл күй басады, әрине мұның өзі адам шығынынсыз болмайды, бірақ адам өлімі өжеттілік көрсеткен жағдайда сирек ұшырасады.

Сонымен ақырында әскери адам үшін қажу, торығушылық, үміт үзушілік, сенімсіздік деген болмайды, ешқашан өмірде үміттене алмаған адам ғана үмітін үзе алады. Қазақтар: «үмітсізден үміт қашады, үмітті асқар таудан асады»,— деп өсиет айтады.

Патриотизм — Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз — жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатысын біріктіреді.

Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий