Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жалпы мықты ерік-жігер — жеңіс серігі. Әлсіз ерік-жігер жеңіліске ұшыраудың хабаршысы. «Бір топ арыстанның қойдың қол астында болғанынан гөрі, бір қора қойдың арыстанның қол астында болғаны жақсы» деп бекер айтылмаса керек.

Армия — мемлекетті сыртқы және ішкі жаулардан қорғауға арналған ұйымдасқан, тәртіпті мемлекеттің қарулы күші, армияда адамның рухани күші мен қажыр-қайраты қалыпты әрі жоспарлы жұмыс жүргізу үшін қатаң тәртіпке бағынады.

Адамның ақыл-ойы, сезімі, еркі армияда әскери істі үйреніп білудегі арнаулы (әскери) бағыттарда және арнаулы әскери міндеттерді атқаруда дамып, жетіледі, ұштала түседі, көрініс табады. Ұйымдасқан күш ретінде армиядағы адамдардың қимыл-әрекеті, күштің бағытталуы және мақсатқа ұмтылушылығы әскери парызды терең түсінуге негізделеді де, бағынуға, командованияға сүйенеді.

Армия қарамағындағы адамдардың бастықтарға тәуелді болуын табиғи түрде міндеттей отырып, барлық жеке ерікті жалпы ерік-жігерлі күшке біріктіреді.

Қарамағындағылардың ерік-жігерін аға бастық біріктіреді. Армияда командир арқылы көрініс табатын жалпы ерік-жігер бар. Демек, армия дегеніміз — ең саналы әрі парасатты адамдар тобы екен, әскерге жоғары, асқақ сезім, жалпы табанды ерік-жігер, тамаша ұйымшылдық, жоғары мінез-құлық тән. Енді ерік пен адам бойындағы басқа да психологиялық элементтерге тоқтала кетейін. Ерік — өз бетінше дұрыс та парасатты шешім жасауға әрі оны өмірде жүзеге асыруға қабілеттілік, яғни ақыл-ойдың сезіммен үйлесімді жұмысы, сезімнің ақыл-ойға бағынуы.

Мықты ерік қорқынышты, ұрыстың ауыр жан күйзелтер ауыртпалығын басады, сейілтеді, қажуды, аштық пен суықты және басқа да қиыншылық, ауыртпалық пен азапты жеңеді, солдаттардың еркін өзіне бағындырып, өзін де өзгелерді де мақсатқа жету жолындағы қауіп-қатерге жұмсайды. Қысқасын айтқанда, ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Ерік-жігердің әртүрлі күйі біздің лексиконымызда алуан ұғымда қолданылып жүр.

Назар — ерік-жігердің алаңдаушылық күйі — өзінің барлық болмысымен құбылысты тану, қабылдау және оларды міндеттерді айқындау мақсатымен мида қорытуға көңілді аудару.

Ынтасыздық — әртүрлі себептермен ерік-жігердің босаңсуы, жинақсыздығы, тұрақсыздығы.

Салақтық — істі аяғына жеткізуге дейін еріктің әлсіреуі, нашарлауы, божырауы.

Күш, қайрат — қажыр-қайраттың, ерік-жігердің тас түйіндей түйілуі, алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, бұлшық ет күшін жұмылдыру.

Табандылық — барлық күш-қуаттың арту, ширығу күйі, сәтсіздіктің тақсіретін басу, белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу.

Өзін-өзі ұстай білу — ақыл-ойды, ерік-жігерді, құлшынысты, сезімді өз еркіне бағындыруға, адамның бұл қасиеттерін ұрыс жағдайына байланысты тең пайдалана білуге, сабырлы әрі парасатты шешім қабылдауға қабілеттілік.

Инициатива, бастаманы қолға алу — әркімнің өз қалауына, еркіне қарай, жауапкершілікті өз мойнына алып, әрекет ету қабілеті.

Батылдық — қатаң түрде атқаратын қызметіне, әскери атақ-шеніне, міндеттерді орындау мақсаттарына сәйкес ұрыс даласында өзін алып жүру қабілеті.Әдетте, батылдық дегенде нерв жүйесі қызметінің ерекше күшейе түсуін, қажыр-қайрат пен рухани күштің қанаттануын ұғынамыз, мақсатқа жету үшін, айталық, жеке басты өлімге тігіп жету, меніңше, онша, барлық уақытта, барлық жерде дұрыс емес. Мұндай қимылдар көбінесе шешімділік ұғымына саяды. Ақыл-ой, ерік-жігер, күш-қуат, өзін-өзі ұстай білушілік, шешім қабылдаушылық - бұл қасиеттердің жиынтығы ерлік деген ұғымды береді.

Қорқақтық — ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы, соның салдарынан әскери парызды, жеке басының абыройын тәрк етеді, өзін-өзі сақтау инстинктінің жағымсыз жағының көрініс табуы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий