Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тәрбие жұмысының мақсаты — адамның бойында жауынгерлік қасиетті, жауынгерлік өнегелілікті қалыптастыру. Бұған адамды иландыру арқылы қол жеткізеді, семьяңа, халқыңа, отаныңа, мемлекетке берілгендік, үлкенді сыйлау, заңды, тәртіпті, салт- дәстүрлерді сақтау, жеке адамның игілігімен етене байланысты, қоғамдық игілік жөнінде қамқорлық жасау өмірлік әрі рухани қажеттілік болып табылады, қоғамдық қажеттіліктерге (әркімнің қабілетіне қарай) деген дұрыс көзқарас қоғамнан лайықты бағасын алады.

Бұл ұғымдар тәрбиелеу арқылы сана-сезімге сіңіріледі де, адамның бойында саналы іс- әрекет жасау үшін дербес мінез-құлық қалыптастырады; жауынгердің адамгершілік келбетіне қорқыныш пен құлдық ұрушылық жат болуға тиіс, мұның өзі шексіз сүюшілік пен мемлекетке, халқыңа шын жүректен сенушіліктің мән-мағынасын білдіреді.

Қазақтар: «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,— дейді. Адам бақытты болған кезде шексіз беріледі, ал ол өзіне қай жерде сенім білдіріп, өзін қай жер жақсы көрсе, сол жерде ғана бақытты. Енді кейбір психологиялық ұғымдарға тоқталып өтейін:

Ақыл

Сезім

Ерік.

Ақыл— бұл заттар мен құбылыстарды танитын күш. Ақыл оларды өте сезімталдықпен ажыратып, анықтайды, яғни адам өзінің сезім мүшелері арқылы әсер алып, оны нерв жүйелеріне беріп, мида тез арада қорытып, пайда болған нәрсе түсінік пе немесе образ ба, анық жауабын береді. Ақылдың жұмысы адамның ішкі сезім күйін бейнелейді. Мұны біз көбінесе жекелеген ұғымдарға жіктеп жатамыз.

Ойлау — алған әсерлерді біртіндеп өңдей отырып, объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғары сатысы.

Сенімділік — бұл заттар мен құбылыстар туралы, болып жатқан нәрсе туралы нақты ұғым мен оның зардабы туралы айқын түсінік. Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған өмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады — яғни дереу әрекет жасауға итермелейді.

Күдік — алған әсерді шала әрі айқын сезіне алмаудың, түсіне және өңдей алмаудың салдарынан ақылдың арса болуы, ойдың толқуы... Күдік — қорқыныштың бір түрі, соғыста толқу — бір нәрсеге шешіліп тәуекел ете қоюға, бір нәрсеге әрекет қылуға мүмкіндік бере қоймайтын, көбіне сасқалақтап асып-сасуға дейін жеткізетін өте қауіпті, көбіне залалды астан-кестен болған ішкі дүниенің күйі; жаңыла бастаған адам, басқаларды да есінен жаңылыстырады.

Күдіктене бастаған командир, әдетте, өзінің міндетін орынбасарына артып немесе оның «қарамағындағылар жай оны түсінбепті» деген сылтаудың зардабынан өзін қауіпсіздендіре отырып, жалпы сөзбенен анық, айқын емес бұйрық беріп жеке бұйрықтан қашқалақтайтынын біздер тәжірибеден білеміз. Халықта мұны «айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» дейді. Жеке басым өзімнің бастығым генерал Черниговақылының тұрлаусыздығынан үш рет сәл болмағанда ажал апанына түсе жаздадым, осы жағдай «күдік» деген ұғымды тереңірек түсінуіме түрткі болды.

Ес — бұл ақыл-ойдың бастан өткен әсерлерді өз қалауынша қабылдау, сақтау және қайта жаңғырту қабілеті. Әскери істе ес тәжірибені негіздеуге қызмет етеді. Ес алдағы пайдалы іс-әрекеттер үшін сәтті және сәтсіз әрекеттерден тағылым ала отырып құбылыстарды сұрыптап, жинақтайды. Бізге бұл әділ түрде тәжірибеден үйрену, басқалардың тәжірибелерін жинақтап, зерттеу ұсынылады. Әрине, жеке тәжірибе - ұлы іс, ол санада терең із қалдырады, дегенмен де оның да аясы тар, сондықтан да басқалардың тәжірибесі мен зердесіне, оларды үйрену мен жинақтауға ерекше көңіл бөлінгені жөн, бұл кез келген ойлы офицердің парызы әрі оның жеке басының іштей өсуінің құралы болуға тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий