Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұрыс қимылдарының аумағы мен қанат жаюына байланысты мынандай ұғымдар бар: ұрыс, шайқас, операция, науқан. Жауынгерлік міндеттердің маңыздылығына қарай қолданылатын мынандай: тактикалық міндеттер, оперативтік міндеттер, стратегиялық міндеттер және осы міндеттерге сәйкес іс-қимылдың бағыты мен іс-қимыл объектісі дейтін ұғым бар.

Ұрыс — соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас онша үлкен емес атыс және тактикалық кеңістікте өрістейді. (Атыс кеңістігі дегеніміз — атылған оқтың жететін шегі, жері, яғни оқ борасынының астында қалатын кеңістік. Тактикалық кеңістік дегеніміз — дұшпанның қорғанысының тактикалық ұрыс тәртібінің тереңдігі, түкпірі).

Ұрыстың басты да негізгі мақсаты — дұшпанның адам күші мен қару-жарағын жою, құрту. Дұшпанның қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып, моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу, басқаша айтқанда, ұрыстың басты мақсаты — жаудың көзін жою.

Барлық әскер түрлерінің бірлескен күштерімен ұйымдастырылып жүргізілген ұрыс, олардың жалпы жауынгерлік міндеттерді орындау мақсатында өзара бірлесе қимылдауын (яғни қимылдың үйлесімділігі) жалпы әскерлік ұрыс деп айтады, басқаша айтқанда, жалпы әскерлік ұрыс дегеніміз — бірлескен әскер түрлерінің ұрысы болып табылады.

Шайқас — белгілі бір ауданда өрістеген әрі тактикалық және оперативтік масштабта (олардың комплексі) мақсат, уақыт жағынан бірлікте болатын бірсыпыра ұрыстардың жиынтығы.

Операция деп уақыт жағынан, кейде майдан бойынша бөлек-бөлек болып, бірақ жалпы бағыт бойынша, белгілі бір оперативтік бағыттарда дұшпанның ірі әскери топтарын тас- талқан ету мақсатында біріккен ірі жалпы әскери топтың ұрыс қимылдарының жиынтығын айтады.

Сонымен, Ұрыс:— тактикалық ұғым, шайқас — оперативтік-тактикалық ұғым, операция — оперативтік-стратегиялық ұғым екен. Олар өздерінің уақыт, кеңістік жағынан өрістеуі,сипаты, міндеттерінің аумағы, мақсаттарының сипаты, масштабы, тартылатын күш пен қару-жарақтарының құрамы жағынан әртүрлі.

Енді міндеттер мен міндеттердің объектілері жөнінде бірер сөз: Стратегиялық міндет деп ірі әскери бірлестіктер (майдан немесе майдан топтарының) қимылының маңызды объектілерді жоюға бағытталуын айтады, мұндай объектілерді жою немесе басып алу соғыстың барысында тұтастай немесе оның кезеңдерінің біріне елеулі түрде ықпал етеді, яғни өндірістік аудандарды, экономикалық және саяси жатынан маңызды орталықтарды қорғап тұрған (немесе басып алу мақсатын көздеп тұрған) дұшпанның ірі топтарын тас-талқан ету.

Оперативтік міндеттер деп әскердің дұшпанның қарулы топтарына қарсы жүргізетін соғыс қимылдарын айтады, жаудың қарулы топтарын жоюдың оперативтік маңызы бар әрі оның стратегиялық міндеттерді ойдағыдай шешуге тікелей ықпалы да болады.

Тактикалық міндеттер деп тактикалық бөлімшелердің, бөлімдер мен жалпы әскери бірлестіктердің дұшпанның да осындай әскери топтарына немесе объектілеріне қарсы қимылдарын айтады, жаудың мұндай топтарын жоюдың (басып алудың) тактикалық маңызы бар.

Жоғарыда атап өтілген міндеттердің әрқайсысы өзінің масштабы мен қарқыны жағынан тиісті даярлықты — әскерлерді топтастыруды, таңдалған ауданда (бағыттарда) ұрыс қимылдарын жүргізуге қажетті материалдық жабдықтар мен техникаларды жеткізуді қажет етеді.

Стратегиялық міндеттердің орындалуына бірсыпыра оперативтік міндеттерді жүйелі түрде шешу арқылы қол жеткізіледі, демек, оперативтік міндет дегеніміз — стратегиялық міндеттердің жиынтығы болып табылады екен, сондай-ақ стратегиялық міндеттің өзі де тактикалық міндеттерден құралады, өз кезегінде, шешілген атыс міндеттерінің жиыны болып табылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий