Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Техниканы адам жасайды, оны басқаратын да адам. Жан дүниесі, ақыл-ойы, пайым-парасаты бар адамды қандай техника болмасын ешқашан және еш жерде де ауыстыра алмайды. Адамның жан дүниесі — ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

Әдебиеттің басты мақсаты — ағарту, игілікті құлшыныстар мен сезімді ояту, жандандыру, адамның ар-ожданына, абыройына, ерік-жігеріне, парасатына ықпал ету, адам бойындағы басты сезім — парыз сезімін ұштап, тәрбиелеу.

Парыз дегеніміз — өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары интеллектуалды ұғым. Өз парызын саналы түрде түсіну ғана солдатты бәрінен де жоғары қояды, оның мәртебесін көтере түседі, жаман ниетті қылықтардан — қорқақтық пен опасыздықтан сақтандырады.

Парызды саналы түрде түсіну ғана жауынгердің қажыр-қайратын, моральдық күші мен қабілетін екі тіпті үш есеге дейін арттырып, шабыттандыра әрі жігерлендіре түседі.

Парызды саналы түрде түсіну ғана жеңістерге серпін береді, ерлік адам бойындағы қуатты тасқындатып, творчестволық күш қайнарын ашады.

Парызды саналы түрде түсіну ғана барлық игілікті істерге аспандағы бағдар сілтер жұлдыз сияқты адам неге қабілетті болса соған, барлық ұлы және тамаша нәрселерге қабілетін арттыра түседі.Парыздан мықты күш жоқ.

Парыздан берік сауыт жоқ

Парыздан нәзік сезім жоқ.

Парыздан қатал қазы жоқ.

Парыздан қызу құштарлық жоқ.

Парыздан асқан қасиет жоқ.

Парыздан дана кемеңгер жоқ.

Парыздан ісмер шебер жоқ.

Парыздан қатал жаза жоқ.

Парыздан жомарт сыйлық жоқ.

Парыздан нұрлы жарық жоқ.

Парыздан түзу соқпақ жоқ.

Парыздан өткір тіл жоқ.

Парыздан ұшқыр тұлпар жоқ.

Парыздан сұңғыла Пайғамбар жоқ.

Парыздан мөлдір тазалық жоқ.

Парыздан биік шың жоқ.

Парыз — жан рухы, жүректердің жүрегі.

Парыз — арман мен даңқ шыңы.

Парыз — инабаттылық негізі.

Парыз — сүйіспеншілікке шабыттандырушы.

Парыз — жан-тәнімен берілгендік негізі.

Парыз — сенімділік тірегі.

Парыз — мойын ұсыну негізі.

Парыз — өжеттік баспалдағы.

Парыз — ерлік рухы.

Парыз — ерліктің жүрегі.

Парыз — жүрексіздің әзірейілі.

Парыз — ар-ождан іргетасы.

Парыз — абырой қорғаны.

Парыз — қанатсызға қанат бітіреді.

Парыз — қатыгезге де шабыт береді.

Парыз — өлілерге жаңа өмір сыйлайды.

Парыз — өмірді ғана мойындайды.

Парызға өлім жат.Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да. Солдат парыз сезімін дәл осылай ұғынып, түсінеді. Парыз сезімін, советтік патриотизм сезімін терең ұғынбайынша, совет офицері мен солдатының бейнесін түсіне алмайсың, өйткені парыз сезімі қиындықтан қайтпай, дұшпанның алдында тайсалмай шайқасып Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады.

Шындық — парыз сезімін, ерлікке, адамгершілік жағынан кіршіксіз болуға, мұқалмас ерік-жігерді шындауға, ел парызына деген сенімділікке тәрбиелеуде ең бір құнарлы құрал болып табылады. Өтірік — барып тұрған зиянды у.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий