Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жазушылардың алдында тұрған міндеттердің өте күрделі әрі қиын екенін түсінемін, себебі қаламгердің жазатын шығармасы ең алдымен саяси, әдеби, тарихи, әскери өмірбаяндық документ болуға тиіс. Ал оның қаһарманы жанды, сергек ойлы біздің замандасымыз болуға керек. Мұндай биік талап авторға тарих алдында, өзінің ар-ожданы алдында, өзінің творчествосының алдында үлкен жауапкершілік міндет жүктейді, сонымен бірге оның қиялын, ойды стилистік тұрғыдан бейнелеп құбылтуын шектейді де.

Ұлы Отан соғысы дәуірінің адамын жан-жақты етіп — ол қандай болса, ол қанды шайқастан қалай шықса, солай етіп көрсету қажет. Көзсіз батыр да, шектен шыққан қорқақ та жоқ. Қорқақтық болмаса — ерлік те болмаған болар еді. Ерлік дегеніміз — әскери тәрбиенің, ширыққан ішкі күрестің — ең алдымен адамның өзін жеңе білген күресінің нәтижесі.Оқырманның бойына ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңген жағдайда суреттелініп отырған қаһарман сияқты ерлік жасауға қабілеті жететініне сенімділік ұялатудың орнына, әдетте оқырманға батырды жаратылысы ерекше тұлға етіп көрсетеді, сөйтіп оған еліктеудің қажеті жоқ дегендей ой тастайды, әсер қалдырады. Біздің уақытымызда бейнелерді авторлар емес, соғыс, кезеңнің қаһарлы да қайғылы жағдайы сомдап жасауда, егер суреткер шындыққа, өмірге биіктен қарай алмаса, онда ұялып-қызармай-ақ қойсын, егер ол соғысқа қатысқан майдангердің портретін ең болмағанда өнегелі фотосуретшінің ынталылығындай ынталылықпен түсіріп алса, мұның өзі де үлкен еңбек болар еді.

Мен біздің нақты өмірімізді көре отырып, абстракциялық қиял жетегіне беріліп, шындықтан қол үзіп қалуға ешкімнің де хұқы жоқ қой деп есептегенмін әрі солай есептеймін де. Амал не, бұл кәсіппен шама-шарқы келгенше айналысып жүргендер, өкінішке орай, зердесіз, мылқау, ең масқара болғанда көр соқыр болып шықты; олар көре алмады, саналы түрде меңгере алмады, түсіне алмады, мәселенің бүкіл тактикалық қыр- сырына тереңдеп ене алмады, ал шындығында мұны олар істеуге тиіс еді. Осындай себеппен соғыстың барлық тамаша әрі сұмдық деректері көбінесе авторлардың жеке бастарының ой-өрістерінің тарлығы мен шектеулілігінің құрбаны болды, болып келеді де, ондай қаламгерлер деректерді адам танымастай етіп өзгертіп, жылтыратып өңдейді, оқиғаны сөлекет газетшінің таптаурын болған қасаң тілімен баяндап жеткізеді, ал мұның өзі нағыз түпнұсқамен — шындықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бірдеңе болып шығады.

Болған оқиғаны шын мәнінде болған күйіндегідей етіп суреттеу, көрсету — бұл тұрпайылық, үстірттік емес, бұл да өнер. Күрестің мән-мағынасын терең көркемдікпен ашып көрсету — хас суреткердің ұлы міндеті мен парызы, ал бұл қатал соғыстағы адамдар — шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері — ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар (бейнелер) қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған. Осынау қымбат дүние небәрі бір ғана характермен көрсетіліп, қасаң, әбден жауыр болған үлгімен жазылған әдеби документтерде ғана бейнеленіп, оған қозғалыс, серпіліс беріп тұрған ішкі творчестволық күш-қуат, дұрыс ойлай білушілік пен істің жай-жапсары, қисыны көрсетілмеген болса, адам жаны ауыратындай өте аянышты-ақ.

Өздеріңіз айтыңыздаршы, жеке басының ұсақ-түйек хам-харакеті мен жеке әрі ұсақ-түйек мүдделердің балдыр батпағынан шыға алмай, творчестволық ғұмыр үшін емес, күнделікті бейшара тіршілік үшін күресте ұнжырғасы түсіп, еңсесі басылған суретшіні майдангерлер құрметтей ала ма? Әрине, жоқ. Өйткені оның жан дүниесінің ұсақтығы оның шығармасына сәулесін түсірмей, көрініс таппай қоймайды.

Жай қарапайым нәрселер үшін күрес — өз өмірі үшін, өзінің отбасы үшін, өз халқы үшін, өз жері үшін, өз тілі үшін, жеке басының өмірі үшін, сұрапыл қатал соғыс жағдайында халқы мен мемлекеті үшін күрес — біздің арамыздағы көптеген зерделі адамдарды, солдаттарды қарапайым сөз бен істің адамы етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий