Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Солдат сезімінің нәзіктігі мен оның ішкі мәдениеттілігі, адамгершілігі туралы бірер сөз айта кетейін. Соғыстағы солдаттардың арасында өзара қарым-қатынас көп адамдарға өте дөрекі көрінетін сияқты, күйеуі әскери қызметші кейбір әйелдердің тілінде күні бүгінге дейін «Сіз менің жан-жүрегімді солдаттың керзі етігімен басып өттіңіз» деген тіркес қолданылып келеді, ал шындығында жағдай бұлай емес, майдандағы солдат кейбіреулер ойлағандай соншалықты дөрекі емес, мен кез келген сүйген әйелдің бойындағы өте бір нәзіктік, биязылық, инабаттылықтан да солдаттың жаны нәзігірек, қайырымдырақ деп айтар едім, өйткені ұрыс дегеніміз — адам бойындағы барлық сезімдердің шарпысуы, шиыршық атуы ғой. Егер байыптап қарасақ, онда (ұрыс жағдайына) жауынгерлік өмірге,оның қайғылы тәжірибелеріне байланысты адам не нәрсеге қабілетті болса, соның бәрінде де — шынайы, ішкі әдеп пен инабаттылық, жылы шырайлылық бар. Сенің жан дүниеңді қысылшаң жағдайда жауынгер жолдасымнан мәңгі көз жазып, айырылып қалуым ықтимал деген ой үнемі мазалар болса, әрі оның өлімінен кейін сенің көмегің мен демеуіңе енді мүлдем ділгер емес, сен үшін өмірін қиған жанға қол ұшын да бере алмағандығыңа өзіңді өмір бойы налып азапқа салып өтер болсаң, сірә, қарулас қанды көйлек жолдасыңның саған артқан міндетінен қалайша бас тартып, оны ренжіте алмақсың.

Өлілердің аруағының алдында қайтіп кешірім сұрамақсың, оның құлағына сенің үнің жетер ме? Қалайша дөрекілік көрсетіп, ренжітуге болады? Ұрыс адамдарды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа жұмылдырады. Солдаттардың арасында қалыптасқан жауынгерлік ынтымақтастық мызғымас берік болатыны да сондықтан.

Рас, дөрекі қарым-қатынас жасау түсінбестік салдарынан сапта жүруге үйрету кезінде орын алады, өйткені сапта жүруге үйретудің басты мақсаты ұрыс талаптарына үйрету, жаттықтыру болып табылады, жаттығуда команда мүлтіксіз орындалатын қасиетті нәрседей солдатқа дарытылады, онда қимыл-қозғалыс, жүру кезінде ешбір қиналмай-ақ команданы еркін, автоматты түрде орындауға қол жеткізіледі. Осындай түсінбеушіліктің салдарынан бәріне бірдей күйе жағуға, «солдат» деген сөзді оның ішкі мазмұнына мүлдем көңіл аудармай дөрекілік «символына» айналдыруға болмас. Жоқ, бұлай ойлағандардың көбісі қателеседі. Мен солдаттан нәзік, биязы жан жер бетінде жоқ деп сенімді түрде айта аламын.

Командир — басты тұлға, әскердің миы, ұрысты ұйымдастырушы, жеңіске жеткізуші адам. Командир туралы пікір айтып, жазған кезімде, мен командирдің творчестволық адам екенін дәлелдеймін.

Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді, композиторларды творчестволық еңбектің адамдары деп атаймыз, алайда біз ұрыс пен соғыс тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де деп айтатын болсақ, онда бұл өнерді — ұрысты ұйымдастырушы мен жүргізуші — ол да творчестволық тұрғыдан ойлаушы, жасаушы адам болғаны емес пе?

Командалық ету дегеніміз — өзіңнің әбден байыпталған еркінді орындауға еріксіз көндіру, әмір ету, өмірде өз творчестволық ойыңды тайсалмай жүзеге асыру деген сөз, мұны әскери терминологиямен айтқанда түпкі ойдың шешімі дейді.

Солдаттың алғашқы ерлігі — бұл совет офицерінің еркіне мойын ұсыну, бағыну.

Офицердің алғашқы ерлігі — халықтың атынан, мемлекеттің атынан әмір ете білу. Халық атынан әскери ерлігі үшін алғыс айтып, жігерлендіре білу, оны біздер жауынгерлік құрмет көрсету дейміз.

Армиядағы ең қиын шаруа мойынсұну, бағына білушілік, ал әмір ету — мойынсұнуға қарағанда одан да қиынырақ іс. Ойланып тұжырым жасау ойлаған нәрсені орындағаннан күрделірек. Нағыз ақылды командирдің жасаған шешімі — бұл да ауыр творчестволық еңбек, ол оның творчестволық ойының жемісі болып табылады. Мәселенің дұрыс шешімін тауып, қарамағындағыларға бұйрық бергенше, командирдің іштей қаншама ойланып, толғануына, уайым-қайғы жеуіне, қиналып, мазасыздануына, толқуына тура келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий