Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Машинаның ақаулығын немесе оқ-дәрінің жеткізілмеуін, болмаса әртүрлі жағдайларға байланысты қимыл жасауға шама-шарықтың болмағанын сылтауратып ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдері мен мүмкіндіктерінен жаяу әскердей ешкім де бас тартып ақтала алмақ емес. Жаяу әскердің аузынан «мүмкіндік болмады» деген сөз айтылмайды. Жаяу әскер ұрыс даласында не мерт болады немесе жаралы күйде қалады.Ажал оғын атып, жолындағы кедергілердің бәрін қиратып, жаншып, таптап өтетін темір табанды жантүршігерлік болат тажалға қарсы күресу үшін дәл жаяу әскердей ешкімнен де абдырап-саспай тұрақтылық, сабырлылық, парасаттылық көрсетіп, өз парызын саналы түсіне білушілікті талап ете алмайсың, ал ол болса бейнебір өзінің денесін кез келген қалың сауыттан да берік, оқ өтпейтіндей кеудесін жойқын қиратқыш құралға - танкіге қарсы тосады.

Жаяу әскердің атқан оғы басқаларға қарағанда әлсіздеу болғанымен, болмашы винтовканы адам ақылмен қолданғандықтан, оның атқан оғы дәл тиіп, жауын мерт етеді.

Жаяу әскердің оғы қалай дегенмен де аузынан тажал шашқан аждаһадан — патша- зеңбіректен де, басқа да қуатты қарулардан да қауіпті, жусатып түсіреді, ал зеңбірек болса, жауар күнгі аспандай күркіреп, көбінесе қорқыныш пен үрей тудырады, адамға дәл тие бермейді. Бірақ күн қаншама қатты күркіреп, найзағай жарқылдағанымен, барлық жерге түспесі белгілі, аспан қаһарын алақандай жерге төкпей ме екен. Оның үстіне жаяу әскер қолма-қол айқасқа, найзаласқан ұрысқа кіре алады, мұның өзі жеңіске жеткізеді.

Ұрыс кезінде, шабуылға шыққанда дәл жаяу әскердей ұрыстың ең бір қызған, шешуші кезеңінде, қолына ұстаған винтовкасының найзасының ұшымен жаудың денесін ғана емес, сондай-ақ қас дұшпанның көкірегін де сезінетіндей қарсыласқа ешкім де тым жақын, бетпе-бет келе алмайды.

Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері мен ұлттық мақтаныш, намыс дәл жаяу әскердің бойындағыдай ешбір әскер түрінде соншалықты айқын көрініс таппаған.

Сөйтіп, жаяу әскер — ұрыста шешуші күш екен. Жағдайдың сан құбылып кететінін және жақын қашықтықта жүргізілетін ұрыстың адам психологиясына қатты әсер, ықпал ететініне бір сәт ой жүгіртіңізші, сонда мына ұрыстың қайнаған қазанында қанды шайқаста жүрген жаяу әскер бейнесінің өте күрделі әрі соншама қарапайым екеніне көзіңіз тағы да жете түседі.

Адамның туа біткен табиғи сұлулығы мен кірпияздығы, босаңдығы, оның моральдық кескін-келбеті, биік адамгершілік деңгейі, мұқалмас ерік-жігері, таусылмас қажыр- қайраты, ерлігі, батырлығы, парасаттылығы мен есалаңдығы, шындық пен өтірік, ар- ожданы мен намысы, тіпті адамгершілік пен хайуандық дәл жаяу әскердің бойына үйлескендей ешкімнің де бойында кездеспейді.

Жаяу әскердің табиғатын көбісі жақсы біле бермейді. Олардың түсінігінше, солдат дегеніміз — жансыз, қатып семіп қалған тас жүрек, мейірімсіз жан. Сондықтан да кейбір авторлардың шығармаларында жасалған солдат бейнесі шындыққа мүлдем сай келмейді.

Жаяу әскердің — солдаттың бейнесі — шетсіз-шексіз көсіле созылып жатқан дарқан даладай кең. Сондықтан жаяу әскердің бейнесін лайықты сомдап шығара алған адамды нағыз бақытты, бағы бар жазушы дер едім. Ол өз міндетін атқарып шықты, мына өмір одан бұдан артық нәрсені талап етпейді де. Солдаттың бейнесін терең түсінбейінше, офицердің де бейнесін шындап ұғына алмайсың.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий