Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шаблон — қатып қалған үлгі — творчестволық шешім емес, әрі ол көбінесе жеңіске қол жеткізе бермейді. Жауынгерлік бақыт ұрыста командирге кездейсоқ келмейді, жеңіспен келеді, ал басшының өзі табысқа жеткізуші тұлға болмақ. Егер әскерді жеңіске жеткізген ұрыс қимылдарының себебіне терең талдау жасауға тырысып көрсек, онда командирдің түпкі ойы бойынша ұрысты ұйымдастыру мен оны жан-жақты қамтамасыз етудегі, ұрыс тәртібіне көшіру, алда болатын ұрысты мұқият талдау мен оған әзірлену және жүзеге асырудағы ойлы да белсенді командирдің тұлғасы байқаусыз қала алмаса керекті. Өзміндетіне ойлы көзбен қарау — командир қызметінің творчестволық негізі болып саналады. Ұрыс жағдайында көбінесе командирдің жалғыз болуы жағдайға байланысты қажеттіліктен туады, өйткені сын сағатта, шешуші кезеңде қарамағындағылардың бәрінің назары қандай шешім жасар деп командирге қадалады, ал оның жүзінен мұндайда күдік те, қорқыныш табы да білінбеуі керек. Командирдің толқуы — қарамағындағылардың толқуы, командирдің қорқынышы — батальонның қашуы болмақ. Командир өзінің бойындағы арпалыс сезімін, қорқынышын жеңбей, жалпы ұрысқа кіруге қақысы жоқ. Ұрыс кезіндегі командирдің міндеті — ерлікпен өлу емес, жауынгерлік тапсырманы орындап шығу, демек командир қоян-қолтық, қолма-қол айқастың ғана солдаты емес, ақыл-парасаттың да солдаты болғаны жөн. Бүгінгі күннің сәтсіз тәжірибесі ертеңгі сәтті істердің хабаршысы болуға тиіс және де офицерге оның сәтсіздігін көрсетуден қорқу, тайсақтамау қажет.

Командир жан-жақты, өте сауатты, қатал да қара қылды қақ жарар әділ, адал және өзі жасаған шешімінің дұрыстығына тайсақтамай, сенімді болуға тиіс. Офицер адамгершілігінің, ар-намысының және абыройының мәні де осында жатса керек.

Тек осындай командирден ғана солдат, оның болмысынан мемлекеттің өкілін — әділ төрешіні, қатал айыптаушыны, қызу қорғаушыны, қамқоршы әкені көріп қаймығады, қорқады, сыйлайды, оны әділдігі үшін жақсы көреді, оның ар-ожданына мысқалдай да күдіксіз, толқусыз толық сенеді. Жауынгер оған сенеді, оның қаталдығы мен әділ талабының алдында басын қара жерге жеткенше иеді.

Солдаттың жан дүниесіне ене білу керек, оның сана-сезіміне, психикасына ықпал етіп, басқара білген жөн, қызмет мүддесі жолында оның жанды жеріне де тиіп, ойластырылған қимылдарды, қойылған міндеттерді орындау, жүзеге асыру үшін оны барынша жұмылдыру қажет, солдаттың барлық қасиеттерін -— моральдық және күш-қуатын, қажыр-қайратын білген дұрыс, солдаттың өсіп-жетілуіне көмектесіп, оның бойына ұнамды, жақсы, озық қасиеттерді дарытып, жауынгерлік достыққа, өз бөлімін туған жауынгерлік семьядай сүюге тәрбиелеу қажет. Бұл — командирдің қасиетті міндеті, борышы болуға тиіс.

Үнемі тынымсыз бақылап отыру қарамағындағыларға сенімсіздік көрсету емес, бұл — жұмыс мәдениеті, ол бұйрықты орындаушылардың бойында әрбір адамға тән алғашында іштей қарсылық білдірушілікті баса, тарқата отырып, қабылдаған шешімді қалай болған күнде де, кез келген жағдайда іске асыруға деген командирдің кайтпас ерік-жігеріне сенімділік тудырады, солдаттың сана-сезімін өз күш-қуаты мен қабілетін алған міндетті дәл орындап шығуға қолдану қажеттігіне жұмылдырады.

Офицер еш уақытта да өзінен шені төмен адамдарға тәкаппарсынып, менменсініп қарауға, үнемі қитығына тиіп, оларға қазымырлық көрсетуге, дөрекі ескерту жасауға, құрғақ ақыл айтып, айқайлап, тіл тигізуге жол бермеуге тиіс, адамның адамгершілігін, жауынгердің мундирі мен абыройын құрметтеу, сыйлау — совет офицерінің негізгі қасиеті болмақ.

Командир жауынгердің жүрегіне жол таба білуі қажет, ол солдаттың сыр сандығының кілтін өз қолына ала білгені жөн. Солдаттың сыр сандығының үш кілті бар: ол — ақыл, ерік, сезім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий