Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен аппаратымды шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айттым. Жұрттың бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсек 50 адамға протокол жасалыпты.

— Протоколсыз жатқан адамдардың бәрін де қазір өзіңіз барып, түрмеден босаттырыңыз, — деді Емельянов маған. — Ертеңге дейін мен мына протоколдарды қарап шығайын.

Мен барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырдым. Қазақтар өздерінің босағандарына сенер-сенбестерін білмей; маған қайта-қайта жалтақтап қарай береді.

— Қарағым, сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді, — деп маған рахметті үсті-үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына қолы тиісімен ырғып мініп, «Осы пәлелерден шынымен құтылдық па, жоқ па?» дегендей, арттарына жалт-жалт қарасып, дала қойнына сүңгіп, ызғытып кетіп жатыр, кетіп жатыр. «Ей, момын халқым, — деймін мен олардың соңдарынан қарап тұрып, — «Сен келмесең, біздің босанатын түріміз жоқ еді» деп, сендер маған разы болып барасыңдар. Іштеріндегі көзі ашық деген менің өзім сендердің ақ, қараларыңды айыра алмай, қанша күн босқа қамауда ұстадым. Егер Емельянов келмесе өздеріңнің әлі қанша күн жатарларыңды білмей, мені босқа мақтап барасыңдар-ау».

Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағы да жиырма адамды босаттырды. Содан соң ол жиналыс өткізіп, бізге социалистік заңдылық туралы лекция оқыды. Совет азаматтарынан заңсыз бір адамды түрмеге отырғызған адам өзі түрмеге қамалады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан милиционерлер моп-момақан болып қалды. Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем, қылыштай қырқып отыруға бекіндім. Әртүрлі кодекстерді оқып, оның әр статьясына зер сала бастадым.

Автор. Сізді біреулер теріс азу, тентек атағысы келген бе, осы қалай өзі, Бауке?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий