Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Табарка — Африканың солтүстік жағалауындағы, теңіз жағасындағы елді мекен. Тунисті қоршау кезінде түрік флотына Улудж-Али басшылық жасаған еді (жоғарыдағы түсініктемені қараңыз). Улудж-Алидің сөз боп отырған қарекетін оның ақжүректігімен емес, ашкөздігімен түсіндірген жөн: Дорианың өлім табуы салдарынан оны аса қомақты сомадағы өтемақыға айырбастау мүмкіндігінен айрылып қалғанына қатты күйінген еді.

XL т а р а у

Фратино — яғни Монашек, Ү-ші Карл мен ІІ-ші Филипп тұсында Гибралтарда бекініс салу ісін басқарған итальян инженері Джакомо Палеаццоның лақап аты. Сондай-ақ, ол Сервантестің “Жау жүрек испан” пьесасындағы кейіпкерлердің бірі ретінде де көрінеді.

Гасан Аға — Алжирдің билеушісі. Бұл арада Сервантес Алжирде 1580 жылға дейін, яғни Сервантестің өзі құлдықтан босатылғанға дейін, билік жүргізген Гасан-пашаның есімін келтірудің орнына, Гасан Аға есімін ауызға алып отыр дейтін пікір қалыптасқан.

...Сааведра дейтін... — әңгіме Сервантестің өзі жайында болып отыр, ол бес жыл Алжирде тұтқында болған және қашып құтылуға талай рет талпыныс жасаған.

Әл-Бата — Ораннан екі мильдей жерде орналасқан қамал.

XLІ т а р а у

Арнаут Мами — Сервантес пен інісі Родриго 1575 ж. Испанияға қайтып келе жатқан “Эль Соль” (“Күн”) галерасын басып алған теңіз қарақшыларының бастығы.

Султан — түріктің құны 125 аспер (аспер — реалдың сегізден бір бөлігі) тұратын алтын теңгесі.

— Жұма — арабтардың демалыс күні.

Арраис (а р а б.) — ескекшілердің бастығы.

Низарани — яғни, назарей (христиан аңызы бойынша, Иисус Христос туған қала саналатын Назареттің атына байланысты шыққан.)

Кава Румия — Альбатель мүйісі.

Төрт бұрышты желкендер немесе тік желкендер — мачтаның орта тұсынан көлденең ілінетін бөренелерге керілген төрт бұрышты немесе тік бұрышты кенеп мата.

Шынжырлы доптар — зеңбіректің бір-біріне кішкене шынжыр арқылы бекітілген екі добы.

Жағалау күзететін салт атты жасақ — Испания жағалауын теңіз қарақшылары шабуылынан қорғау үшін арнайы ұйымдастырылған жеңіл кавалерия. Мұнарада отырған бақылаушылар жағалауға жақындаған кемелерді назарға алып, қауіп төнген жағдайда лаулатып от жағу арқылы белгі беретін болған.

...қасиетті инквизицияның көмегімен қасиетті шіркеудің аясына қайта оралмақшы еді... — Түріктерде тұтқында болып, “шіркеу аясына” қайта оралған діннен безгендерге инквизиция белгілеген тәртіп мейлінше қарабайыр болатын. “Дін бұзар” деп танығандарының бәрін айрықша қатыгездікпен жазалап отыратын инквизиция, түрік тыңшыларынан гөрі Батыстың жағымсыз идеяларының жылыстап кіріп кетуінен қатты қорқатын.

XLІІ т а р а у

Аудитор — сот жүйесіндегі ірі шенеунік.

XLІІІ т а р а у

Палинур (м и ф.) — Троядан Италияға аттанған Эней жасағы кемелеріндегі бас жолбасшы.

Үш кейіптегі аспан шырағы — яғни, үш түрлі фазадағы ай. Гораций мен Овидий оны аспандағы Айдан, жердегі Дианадан және тозақтағы Гекатадан құралған “үш кейіптегі құдірет” деп атаған-ды.

...аттарыңды жегуге асығып тұрған аспанның алтын шашты шамшырағы... (м и ф.) — Аспан әлемін бір күн жүріп айналып шығатын күймесін жегіп жатқан Феб (күн).

Өрмінез желаяқ қыз (м и ф.) — өзен құдайы Пенейдің қызы, нимфа Дафна. Ұнатып қалған Аполлон (Феб) оның қыр соңынан қалмай жүгірумен болады, ақыр соңында аяушылық білдірген әкесі оны лаврға айналдырып жібереді. Пеней өзені Фессалияда орналасқан.

Медуза (м и ф.) — үш горгонның (әйел кейпіндегі тажал) бірі, оның көзі түскен адам тасқа айналып кетеді, ал басындағы шаштың орнында — жыландар.

...аса таяғы — басында, ал тәжі — қолында. — Ол замандағы қылмыскерлерге қолданылатын жазаның бірі — қолдарына тәждің суретін күйдіріп басу болатын.

XLY т а р а у

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий