Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кейін бәрі де кайта жиылып келіп, "малымыздың төлеуі" деп, боз атты шығарып алыпты. Айып-киыбы деп, кызыл сиырды айдап кетіпті.

Бақтығұл бұл істің ешбіріне де сөз қатпады. Сескену, қорлану – барлығы да іште жатыр. Тек қана тағы да аштықта қалған үй ішін ойлап, балаларын көріп, ақырын ғана: "Етті қайтті?" деді.

– Еттің бәрін сыпырып-сиырып алып кетті. Бір жапырақ та қалдырған жоқ, – деп, Қатша ызалы уайым үнін білдірді. – Түп-тура шауып кетті. Төбеңнен ұрғырлардан не жақсылық күтесің? Сұм Сәлмен! Шаңырағыңды ортасына түсіріп, шауып кеткен жоқ па? Құдай тілеуіңді бермей, көріңде өкіргір, кеселді! – дейді.

Қозыбақ аулы қолымен билік қылып: төлеуін де, айыбын да өзі кесіп, өзі алды. Оның үстіне үй ішімен тегіс жеген таяқ, жарылған бас, қып-қызыл жоса болған қан – міне. Қатын-баланың көзінше қызыл-қырғын шабынды жасап, бәрінен де намысқа тиген тепкі – мынау. Намыс пен қорлықтан ішке шоқ түскендей өртеніп күйген Бақтығұл қатты күрсініп, аунап түсті.

Бір биенің жазасы неше сыбаға болды. Артығымды бер деп, Қозыбақ аулынан жоқтап алар Бақтығұл ма? Анау жуан сотқар ауыл аяғына отыртар ма? Тегі мұның сөзін сөйлеп, есіркейтін тірі жан бар ма сірә да?.. Өй, жоқ қой! Сөзі оң болғанда, өзгенің көбі ана содыр-сотқардан сескенеді де, сөйлей алмайды емес пе! Ал Бақтығұлда сенерлік ел бар ма? Пана бар ма? Ол да жоқ. Өзі қалың Жаныс ішінде жүрген азғана үй кірме. Жиыны жиырмаға толмайды. Оның да басы бір жерде емес. Әрқайсысы әркімнің қасындағы қоңсы. Шетінен кедей, қара құрымдарынан басқа түгі жоқ. Өзі кедей, өзі аздың сөзі пұл бола ма? Сол аға-йын тұтасымен осы елдің ішінде жүртен малшы құл есепті болғандықтан, баяғыдан бері ең болмаса бірде-бірі, ұлтарақтай болса да, жерге де ие болмаған.

Бақтығұл "солардың көнген сорына мен көнбесем" деп, өмірде талай талпынып көріп еді. Бұл өзге ағайындарынан жігерлі ер екпінді, естірек те болды. Заманы тура болса, тәуір адамның бірі боларлыққалың іргең болу керек. Әйтпесе сен – көзге түрткі; сен – ел ішіндегі саяқ-сандырақ, кірме... Осының бәрі жасынан иығынан басқан тағдыр жазуындай емсіз дерт болса да, Бақтығұл өзге Сарыдан сергегірек болуға талпынды. Ең аяғы құлдыққа көнбей, есік қақты болмас үшін, өзіндік тірілік етемін деп талап қып еді. ақыл-сезімі, тіл орамы да бар. Бірақ өзіңмен туған-туыс қана жетпейді. Бұл көрген әлем көшпелі ауыл тірлігінде зорлықшы көп сотқарға есең кетпес үшін, етек алған

Аяғы келіп мынаған соқты. Енді жалғыз үйлі Сарыдан шығып, Қозыбақтың ту биесін тайдай тал түсте әкеліп, сойып алып отырған Бақтығұлдан жұрт жаласы арылмайды. Әсіресе болыс пен билер құрық салады. Мынау көрген – көрген емес. Кетерде Сәлмен айтқан абақты тегін айтылған емес. Оған қарай басса – сұмдық. Әлденеше сыбаға болып келетін пәле мен қаза үлкен толқын соққы бар. Бұдан соң талай-талай жазықсыз жерінде мұны жығып беретін Сәлмен мен Сәттің қарғылы төбеттері – билер бар.

Оз қолтықтарында жүрген, өздері аттандырып жүрген анық баукеспе ұрыларын бермей, тығып-сүйеп қалу үшін де Бақтығұлдай панасыз жалғыз саяқты алдымен құздан ұшырады. Бәр-бәрінің түбінде... айдағардың аузындай, қап-қара түсті ажалдай кесілетін абақты бар. Ойына осы келген жерде Бақтығұл селк етіп шошып кетті. Мұның барлық тірлігінде, ойша болса да, қатты үркіп қорқатын құбыжығы – осы абақты.

Неліктен екені белгісіз, өмірде қауіп-қатердің, мысалы, атүсті соғыстың қандайына кездессе де, құты қашып қорқып көрмеген Бақтығұл абақтының аты екеш атын да тыныш таңдай алмайтын. Енді бүгінгі қысылған халінің үстінде сол жалмауыздай қатердің қара шойын есігі мұның қиялының алдында бейне қараңғы көрдей азынап, ашылып, күтіп тұрған тәрізденді.

Осы жол қорыққанда, Бақтығұл таудағы жайын аңның кей қатерден ерекше тағылық жайындықпен зыта қашқанындай қалтырай қорықты. Қорғансыз басын түндегі дұспандар ең аяғы абақтыға шейін де аямай апаратынын ойлағанда, Бақтығұл дүние-тірліктің бар-лығын талақ еткендей. Аунақшып келіп күрсініп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий