Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонымен болыс үйіндегі бұл кеш Бақтығұлды ырзалағандай. Әсіресе Сәрсен ақсақал мұның көңлін орнықтырар сез айтты.

– Бақтығұл, сен өзің жақсы ниетпен келген екенсің. Енді сөзді қысқарт та, тек мына болыстың етегіненұста. Бұған сендей анық пысық жігіт, атқан оқ, шапқан қылып болуға жарайтын оты бар жолдас керек. Осы Жөкеңе іні бол да, мына Жанғазыға аға бол. Қо-зыбақ саған ғана қас емес, талайды зарлатқан ұялас бөрілер аулы ғой. Тек Жарасбайдың қолынан алып көрсін! Жалғыз-ақ өзің болысқа жақсы қызмет қыл да, тарта бер. Қозыбақ түгіл, құдайдың да алмасына мен кепіл. Тіпті бүгін болмаса, ертең Қозыбақтағы кекті тіпті өз қолыңмен де алысармыз әлі, – деді.

Бақтығұл бұл жайдың кәзіргі Сәрсен сөзіндегі көп сырын аңдаған жоқ. Бағана келгеннен Жарасбай қасындағы екі шалдың оны жылы шыраймен қарсы алған сыры осы Сәрсеннің жаңағы соңғы сөзінде ғана жотасын көрсетті. Бұл ауыл – Қозыбақ аулымен ежелден қатты ұстасқан араз ауыл. Қозыбақтың бір баласы Бүргенге болыс болса, Шалқардың болысы Жарасбай онымен ежелден қаржасып келе жатқан тайталастағы еш-қастың бірі. Бақтығұлды бұл ауыл енді бір есепке, керекке жұмсайтын атқан оқ болар деп, болғанда да өз кегі бар анық уланған мығым оқ болар деп топшылап отыр.

Атқамінер атаулының іште жататын әлденеше қалтасы барын Бақтығұл үнемі тани бермейтін. Ол жаңағы Сәрсен сөзіне ақтарыла қуанды. Оз ойынша бүгінгі түннен бар тілегін, шынайы қолқасын алғандай. Оның ұғымынша жиын сезді түйін етіп Сәрсеннің өзі айтып шыққандықтан, бұл биді әл дуалы ауыз, ақпейіл ақылшы көріп, "Сәке" деп те, "кәрия", "ағеке" деп те құрметтей, қошеметтей атады. Барынша ырза бола отырып:

– Талайғы арманымды өзің айттың, ағеке. Енді мен айтар түк те қалған жоқ. Осы арада дегеніңнің бәріне қол қойдым. Құлдық, Сәке, тілейтінім сол ғана, – деді.

Болыс әлі де үндеген жоқ. Ойдағы байлаулы сөзін айтпай, іркілгені ме? Болмаса бірталай уақыт күдіктендіріп барып, қымбаттап түспек пе? Қатын-баласы да Бақтығұлға жылы шыраймен қарап, оның тілегенін беруге әзір сияқтанса да, болыс өзі бұл түнде ешнәрсені байлаған жоқ. Ешкімге үн қосып, бұл жайдан жауаптаспады.

Бақтығұл болса, ертеңге шейін ойланайын деген шығар, "ойлансын" дегендей болып, "не айтасыз?" деп тақымдамады.

Түн өтіп, таң атты. Ертеңінде күндегі әдет бойынша, болысты іздеген ел таңертеңгі шайды ішіп болмай-ақ, бөлек-бөлек топ болып, болыс аулына келіп түсіп, жиналып жатыр. Бақтығұл шайдан соң, жирен атты ерттеді де, болыстан бір жауап естіп кетпек боп, киініп алып, үндемей отырып, үйдің бір оңаша болатын кезін күтті. Ақыры болыс тысқа шыққан орайда артынан ілесе ере шығып, түндегі жайдан жауап күтті. "Бір лебіз естіп кетсем" деген өтінішін білдірді.

Жарасбай әлі де саспай, қора сыртына үндемей, оңашарақ шықты да, бір тазарақ жерге жүресінен отырып, қасына тақап келген Бақтығұлға қарады:

– Маған енді неғыл дейсің, тілегіңді айтшы? – деді. Бақтығұл бұл сөзге ішінен дәмелі болып сүйсіне берді.

– Мен неғыл дейін, Жәке? Тілегімді, ниетімді түнде айтпадым ба? Өзім жеткізе алмағаным болса, Сәрсен қария айтты ғой. Енді мені қолтығыңа ал да, Қозыбақтың пәлесінен құтқар. Содан соң керегіңе жарат. Тілеген адал жолыңа жұмса. Атарман-шабар-маның боламын. Жанғазының ағасы, өзіңнің не керегіңе болса да жарайтын, жолыңа басымды қиятын жолдасың боламын. Сертім осы демекпін, осыны өле-өлгенше ұстанып өтемін! – дегенде, Жарасбай бұған сәл жылы ұшырай түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий