Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жайлау-жайлауда болыс жұмсаған тұста оның досына достық істеп, сыйлас адамына жылы, жақсы сөз айтып, жайлы қызмет істеп кетуге орамды боп шықты. Ал болыспен қабағы келіспей, қырын жүрген ауылдарға сөз өткізіп, жасқандырып, орайы келсе, тырнағын батырып, жаншыңқырап кетуге де епті.

Ақыры, бір жылдың ішінде болыстың үйі мен түзіне бірдей мығым, көмекші боп алды.

Ел сөзінің де беті мен жөнін, әр келенің арбасуы мен тартысуын тануға да жүйрік. Қанықты атүсті жігіттердей түсініп, болыс аулында болатын кей сөздерге араласып, кей-кейде ол ойдағысын да толық айтып қалатын күйге жетті. Сөйтіп тіршіліктің бір жағы осылай болып, жақсы тәрізденген көңілді көрініспен сырғып өтіп жатқанда, қатарда беймаза бір күй де туа жүрді.

Болыстың ішкі тыныштығын кетіріп, Бақтығұлға да білініп жүрген сол түйін қыстан бері пайда болып, о да ез бетімен өршіп, өсіп келе жатыр.

Ол – осы елдің болыстық партия тартысы. Биылғы жыл сайлау болмақ – Шалқар сайлауы. Осы кезде көрші болыс – Бүргеннің де сайлауы болмақ. Соның жақындағанын ойлаған ел жуандары әр жерден қобалжып, алдын ала қам істей бастаған. Сайлау партиясының туы көтерілгеніне, міне, бес ай болып қалды.

Биылғы партия және бұрынғы-соңғылардан сона-ғұрлым үлкен болып, ауданы молайып, салғаннан-ақ көп елді тұтас қоздырудан басталды. Мұндай партия әдеттегіше бір-ақ болыстың ішінде болып қоймайды. Биылғы қызуы болыс тұрсын, бүкіл бір ояздың елін болмаса да, соның жартысын түгел қаптаған бір дерт боп келеді.

Әркім өзді-өзі болысына айғыр болып жүргенін қанағат қылмай, көрші елдермен бақа-талас, бақ-күндестіктен бе, болмаса аралас отырған соң, бірінің пәлесі біріне жайылған ба, әлде шекара әңгімесі сияқты қыс – қыстау, жаз – жайлаудың дауынан ба, әйтеуір бірнеше болысты түгел қаптаған араздық, алалық келді. Кәзірде біріне-бірінің жайлауы жақын келіп, сыбайлас отыратын үш болыс ел болса, солардың әрқайсысы да ояздағы үлкен партияның үлкен аңғарына қарап екі жікке бөлінуде.

Жарасбай өз болысы ішінде оншалық күдікті емес. Бірақ оязға қарай сермеген тартыста, дәл өз руы мол болмағандықтан, қалың рулы елдерден шыққан іргесі мол жуандар сүрінтіп кете ме деген күдіктен аман емес-ті.

Ояз тартысында алдыңғы қатардағы тайталаста жүрген үштің бірі болып аталатын кісі – осы Жарасбай. Сол атақ-даңқты арашалап сақтап қалу оңай мұрат емес. Бүгінгі тіршіліктің ең үлкен тілегі де, бар күшті сарп етер қысталаң жері де осы болды.

Партия қыс ортасында – январьда басталғаннан әлі күнге қызуы арта түспесе, көміген жоқ, өршіп келеді. Ыстық күні қоздап жанған даланың өртіндей. Жайлауда қолбостықта қымызға желігіп жүрген партия басы – байжуан ауылдар енді тыным таппай-ды. Көпшілік атқамінер серт уәдені дәл басып тұрмай, әрлі-берлі сырғалаңдап, есті шығарып, Жарасбайдай партия басының көңілдегі күдігін айықтырмай жүр.

Қыс бойы ұстасып жүрген атқамінерлер Жарасбайдың үстінен әлденеше арыз да беріп, бірнеше рет тергеуге іліндіріп, сүріндірмек болды. Тек ежелден қаланың ұлығына өзге болыстың бәрінен қадірі артык, қатты сыйлас Жарасбай бір сапарға бар жаладан дым жұқтырмай, аман шықты. Ал жаудың өзіне сілтеген қаруын бұ да қарсы жұмсаған уақытта, қалың руына сеніп, астамдық істеп, жуансып жүрген Бүргеннің болысын – сонау Сәтті кеңсе алдында жеңіп те кетті. Жарасбайдың көрсетуі бойынша, Сәт он бес күн кәтелөшкеге де жатып шықты. Ояз көлеміндегі қазақ болыстарының партиясы бұрынғыдан гөрі өрби түсуге осы жұмыстың себебі де аз болған жоқ.

– Ат төбеліндей Жаныстан шығып, Жарасбай ұлыққа жақындығын қылып, пысықсып, еліміздің сағын сындырды. Қордалы жеріміз – Қозыбақтан шыққан Сәт сияқты болысымызды тұтқын қылғызды деп, Бүргеннің партия басылары қыс бойы Жарасбайға тісін басып, кіжініп келген. Олар көптігін айтып, ұрандасып, бірнеше болыс Албанды түгел қоздырып, Жарасбайдың соңына салмақ болған соң, бұ да өзіне серік дос іздеген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий